Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жүздеген жәбірленуші және миллиардтаған теңге: Қарағандыда тауар пирамидасы ісі бойынша әйелдер сотталды

Жүздеген жәбірленуші және миллиардтаған теңге: Қарағандыда тауар пирамидасы ісі бойынша әйелдер сотталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Нарықтағыдан төрт есе арзан автокөліктер, жиһаз, тұрмыстық техника, тіпті Түркиядағы пәтер - Қарағандыда клиенттерді осындай ұсыныстар қызықтырған. Соңында 500-ге жуық адам ақшасын төлеген тауарларын ала алмағанын мәлімдеді. Жалпы шығын миллиардтаған теңгені құрайды. Сот алаяқтық схема бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыдыс-аяқтан бастап көлікке дейін су тегін бағамен

Оқиға 2023 жылы Қарағандыда басталған. WhatsApp топтарында Анастасия есімді жас келіншек Қытай, Түркия және Ресейден келетін тауарларды - ыдыс-аяқ, ойыншықтар мен кілемдерден бастап тұрмыстық техникаға дейін ұсынған. Бағалары сатып алушыларды бірден баурап алды: тауарлар нарықтық құнынан үш-төрт есе арзанға сатылады деп уәде етілген.

Уақыт өте келе тауар түрлері көбейді. Чаттарда жиһаз, квадроциклдер, ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөліктер пайда болды. Сатып алушыларға шоттар ұсынылып, шарттар жасалған, ал топтарда тапсырыстарын алып қойды делінген адамдардың пікірлері жарияланып тұрған.

Тиімді ұсыныстар клиенттер санын арттыра түсті. Адамдар сауда жасап, сатушыны таныстарына ұсынып, жеткізілімді күткен.

Кедендік төлем және жаңа уәделер

Мәселе тапсырысты алатын мерзім таянғанда басталған. Кейбір сатып алушыларға тауардың шекарада тұрғанын, бірақ оны жеткізу үшін кедендік ресімдеуге немесе басқа да шығындарға қосымша ақша төлеу керектігі айтылған.

Қосымша ақша төлеуден бас тартқандарға тауарды басқа клиентке сатып, бастапқы төлемін қайтаруға уәде берген. Салынған ақшасынан айырылып қалудан қорыққан адамдар қайта төлеуге келіскен.

Алайда көптен күткен заттарының орнына оларға жеткізушілермен, шекарамен немесе бухгалтериямен байланысты мәселелер туралы жаңа сылтаулар айтылған. Ақшасын бәрі бірдей қайтара алмады.

Не тауар, не ақша жоқ - тіпті Түркиядағы пәтерлер де

Жәбірленушілердің айтуынша, ұсыныстар тек техника мен көлікпен шектелмеген. Жәбірленушінің бірі сотталушылардың бірі өзіне Түркиядан пәтер сатып алуды ұсынғанын алға тартты. Бірақ ақыр соңында әйел жылжымайтын мүлікті де, ақшасын да көрмеген.

Уәде етілген тауарлар келмейтіні, ал ақшаның қайтарылмайтыны белгілі болғанда, клиенттер полицияға шағымдана бастады.

Жәбірленушілер сот залында. Фото Tengrinews.kz

Қылмыстық іс бойынша 500-ге жуық адам жәбірленуші деп танылды. Көбі көпмиллиондық шығынға батқанын айтса, процесс қатысушыларының мәліметінше, жалпы шығын миллиардтаған теңгені құрайды.

Судья Арғын Құтышев. Фото Tengrinews.kz

Сот алдына алаяқтық схеманы ұйымдастырды деп айыпталған екі әйел келді. Бұған дейін прокурор басты сотталушыға үкімнің орындалуын бір жылға шегере отырып, жеті жылға жуық бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

"Ашық сот отырысында аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып қарап, сот сотталушыларды ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Алаяқтық" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оларға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, жазаның орындалуын бір жылға, бірақ сотталушылардың балалары 14 жасқа толғаннан кешіктірмей шегеруге үкім етті", - деп судья Арғын Құтышев үкімді жариялады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Tengri TV тілшісі 70-тен астам жәбірленушінің мүддесін қорғайтын заңгермен сөйлескен болатын. Олег Шубенок күмәнді арзан тауарлар сататын чаттар туралы танысынан естігенін айтты.

Тауар берудегі алғашқы мәселелер шамамен 2023 жылдың соңында басталды. Жәбірленушілердің айтуынша, ортақ чаттағы ашулы сатып алушылардың хабарламалары бірден өшіріліп отырған. Сондай-ақ оларды топтан шығарып жібереміз деп қорқытқан. Сол себепті көбі үнсіз қалып, тапсырыстарын аламыз немесе ең болмаса ақшамызды қайтарамыз деп күтіп келген.

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары