Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Жылуға жарымай отырмыз...

Жылуға жарымай отырмыз...

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Екібастұз қаласындағы 22-шағын ауданның халқы қою түтіннің арасында күн кешуге мәжбүр. Мыңға тарта тұрғын баспанасын орталық жылу желісіне қосып беруді сұрағалы он жылдай уақыт өткен. Өкінішке қарай, жұрттың бұл арманы әзірге орындалмайтындай.

Шағын аудан Екібастұз қаласының шеткері бөлігінде, 23, 25, 26-шағын аудандармен жапсар­лас орналасқан. Мұндағы бас­паналардың барлығы – жер үйлер. Жаңа аудан ретінде 2008 жылы салына бастап, арада жеті жыл өткенде барлық жер телімдерінде құрылыстар толықтай бой көтерген. Үй иелері баспаналарын пеш жағып жылытады. Қысқы мезгілде үйлер бұрқыраған қою түтінге көміліп, ащы ыстың иісі есік-терезеден кіреді. Тұрғындар көшеге шы­ғып, серуендейін десе, ауадағы көмірқышқыл газын жұтуға мәжбүр. Жұртшылық үйлерінің дәл жанынан өтетін орталық жылу магистраліне қосыла алмай отыр. Себебі көшелерге жылу құбыры жүргізілмеген.

– 2010 жылы үйімізді салып, көшіп келдік. Қара күз­ден көктемге дейін үзбей пеш жаға­мыз. Күйеуім екеуіміз жұмыстамыз, үйде ұлым ғана. Ол пеш жаға алмайды. Кейде аңыраған суық бөлмеде бізді кешке дейін күтіп отыруға мәжбүр. Айналамыздағы жер үйлердің көбі ұзақ жанатын пеш қойып алған. Құрылғылар қауіпсіздік талаптарына сай емес. Жалпы, ауданда өрт көп, 2023 жылы біздің көшеде бір үй отқа оранып, ішінде кішкентай бала қалып қоя жаздады. Одан кейін дүкен мен монша өртеніп кетті. Тағы екі баспана толығымен күлге айналса, бірнеше үйдің жанында бөлек шығарылған пештері жарылды. Әрбір оқиға – өмірімізге үлкен қауіп. Орталық жылу құбыры дәл жанымыздан өтсе де, соған қосыла алмай отырғанымыз өкінішті. Кейде жел бағыты өзгергенде одан ұшқан түтін мен шаң-тозаң борап, үйден шығудан қаламыз. Бір қыста шамамен 100-150 мың теңгенің көмірін жағамыз. Ондай шығынды біз сияқты қарапайым адамдардың қалтасы көтере бермейді. Мұнда жалғызбасты қарт адамдар мен көпбалалы отбасылар тұрып жатыр. Олардың жағдайын ойлап отырған ешкім жоқ, – деп қынжылады Петренко көшесінде тұратын Дана Әмірова.

Үйлерін орталық жылу же­лісіне қосып беруді сұраған көпшілік 2017 жылдан бері әкімдікке, тиісті органдарға хат жазумен келеді. Әкімнің есептік кездесулерінде де жиі көтерілетін мәселенің біріне айналған. Алайда биліктің сырғыма жауабы жергілікті тұрғындарды қанағат­тандырмай отыр.

Бір қызығы, бұл аумақтан кейін бой көтерген 23-шағын аудандағы барлық жеке үйлер орталық жылуға қосылған. Тұрғындардың айтуынша, осы орайда билік пен жылуға жауапты кәсіпорын 22-шағын ауданды неліктен елемей отырғаны түсініксіз.

Зейнеткер Сағила Қырық­бесова «2023 жылы 22-шағын ауданға жылу құбыры тартылады» деген биліктің сөзіне сеніп, отбасымен көшіп келгенін жеткізді. Алайда арада үш жылдай уақыт өтсе де, уәде орындалмаған. Ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көретін шаққа жеткенде де қи­ындықтан көз ашпай, күні бойы үйіне шелектеп көмір тасып, пеш жағумен өмірін өткізіп келеді.

– Былтыр күзде үйімізден шығарылған күлдің шоғы желмен ұшып, гаражымыз өртке оранды. Абырой болғанда өрт сөндірушілер жедел жетіп, сөндіріп алды. Көшелерде ор­талық кәріз жүйесі бар, бірақ оны жағдайы жететін тұрғындар ғана тартып алған. Кейбір үйлер әлі күнге жеке септикті пайдаланады. Бұл да үлкен мәселенің бірі. Бұдан бөлек, көшелерде әлі күнге асфальт төселмеген, ол жылу құбыры жүргізілген соң пайда болады деп отыр биліктің адамдары. Көктемде қар ерігенде толарсақтан саз кешеміз. Жылу құбыры тіпті айдаладағы ипподромға дейін салынып тасталған. Ол құбырларға жылу барып тұрса да, жерге көміліп бостан-бос жатыр. Ортада шарасыз күйде қалып отырмыз, – деп мұңын шақты зейнеткер.

Мәселенің ізімен Екібастұз қаласы әкімдігіне хабарластық. Әкімдіктің дерегінше, аталған шағын ауданда 45 екі қабатты, 216 бір қабатты жеке тұрғын үй орналасқан. Шамамен мыңнан астам тұрғын тіршілік етеді. Қолданыстағы желілерде қысым параметрлері жеткіліксіз болуына байланысты аумақты орталық жылу магистраліне қосуға мүмкіндік жоқ көрінеді.

– Ауданға жылу тартуға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу мүмкін болмады. Дегенмен 2024 жылы ТМ 7/1 қосымша жылу магистралі салынғаннан кейін жобаны іске асыруға жол ашылды. 2025 жылы 22-шағын ауданның жылу желілерінің жобасын әзірлеуге техникалық шарттар алынды. Қазір ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аудан­дағы жылу құбырларының жалпы ұзындығы – 4 километр. ЖСҚ биыл маусым айына дейін әзірленіп болуы керек. Ал әзірге аумақ тұрғындарына шыдай тұруға тура келеді. Атап өтерлігі, мұндағы осал топтардың жағдайы – біздің назарымызда. «Богатырь Көмір» ЖШС жыл сайын қайырымдылық көмек ретінде пешпен жылытылатын үйлердің тұрғындарына (әлеуметтік жағдайы төмен) тегін көмір үлестіреді, – дейді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Қаныш Әділжанов.

Оның сөзінше, негізі Екібастұз қаласында жылу желілерінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. 2019–2021 жылдар аралығында 23-шағын ауданның, ипподром ауданының жылу желілерін салу жөнінде жалпы құны 2,2 млн теңге болатын екі жоба іске асырылған. Нәтижесінде, қазір қаладағы орталық жылумен қамтылған жер үйлердің саны 6,5 мыңға жетіп отыр. Алайда 22-шағын аудандағы жер үйлерге құбыр тартуға қаражаттың қашан, қандай көлемде бөлінетінін билік өкілдері айта алмады.

Экономикасы алға озған, көмірімен әйгілі индустриалды шаһардың халқы осылайша әлі күнге қыстың қыспағында пеш жағып, бой жылытып отырғаны жергілікті биліктегілерді ойлан­дыруға тиіс. 2022 жылдың қы­сында Екібастұздың елеулі бөлігін жылусыз қалдырған адам айтқысыз апатты да ешкім ұмыта қойған жоқ. Коммуналдық желі­лерді халық игілігіне барынша пайдалануға маңыз берілмесе, ортақ игіліктің құны жоқ.

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары