Алтынбек Қоразбаев пен Сәуле Жанпейісова музыкалық аспаптары мен сахналық костюмдерін музейге табыстайды
Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ҚР Ұлттық орталық музейінде дәстүрлі "Музей түні – 2026" мәдени-танымдық шарасы өтеді, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.
"Музейге сый" акциясының аясында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова музыкалық аспаптары мен сахналық костюмдерін музей қорына сыйға тартады. Сонымен қатар, XVI Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Теміржан Дәулет спорттық жетістіктеріне қатысты құнды заттарын ҚР Ұлттық орталық музейі қорына табыстайды.
"Музей түні – 2026" шарасы 18 мамыр күні сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін аралықта өтеді. Бұл күні музей қонақтары бес бірдей көрмені тамашалай алады. Олар: "Масатыдай құлпырған..." (ҚР Ұлттық орталық музейінің кілемдер коллекциясы), "Бірегей" (хронологиялық аясы XII ғасырдан бастау алатын, бағалы металдардан жасалған және гауһар тастармен көмкерілген антикварлық бұйымдар, сағаттар мен шамдалдар коллекциясы), "Төсбелгілердегі тарихи-деректік көріністер" (Қазақстанның әр кезеңіндегі спорт, білім, мәдениет және қоғамдық өмірге қатысты төсбелгілер, марапат белгілері мен естелік наградалар), "Ұлттың үнбайрағы" (Қазақ радиосына – 105 жыл, Шалқар радиосына – 60 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме), "Ғасыр жасаған ұлт театры" (Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойына арналған көрме) көрмелері.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:20
Эта новость заархивирована с источника 13 Мая 2026 11:52 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















