Антониу Гутерриш КС 30 конференциясында әлемді жаңартылатын энергияға көшуге тағы да шақырды
Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Бразилияда өткен КС-30 климат конференциясында БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш қазба отын түрлерінен бас тартып, жаңартылатын энергия көздеріне көшуге, сондай-ақ климаттық өзгерістерге бейімделу шараларын қаржыландыруға үндеді. Бұл туралы БҰҰ сайтында жазылған.
Антониу Гутерриштің айтуынша, көптеген әлем елдері бұл мәселеге келгенде батыл шешімдер қабылдай алмай отыр.
"Әлем қазір адамдардың амандығы мен пайдасының арасында таңдау жасаудың алдында тұр. Бұл ретте ғылымға сүйене отырып, біріншісін таңдау қажет. Климаттық өзгерістерге бейімделу шараларын үш есе арттыруымыз керек. Өйткені, миллиондаған адамдарға егін егетін жерін біржола жоғалтып, аш қалу қаупі туып отыр", – деді Антониу Гутерриш.
Сондай-ақ, ол Париж келісімінде бекітілген 1,5°C жаһандық жылыну шегі қайта қарауға жатпайтын "қызыл сызық" екенін еске салды. БҰҰ басшысы қазба отыннан жаңартылатын энергия көздеріне көшу әділ әрі дәйекті болуы тиіс екенін тағы да атап өтті.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:66
Эта новость заархивирована с источника 21 Ноября 2025 11:45 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















