Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

Учитель нации и хранитель слова

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

Возгорание сухой травы тушат в Костанайской области

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

Бір туған қазақ пен қырғызды көкпар екіге бөліп тұр. Ойынға ортақ ереже қажет пе

Бір туған қазақ пен қырғызды көкпар екіге бөліп тұр. Ойынға ортақ ереже қажет пе

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы көкпар мен көк бөрінің финалында кездесті. Екі бәсекеде де алаң иелері жеңіске жетті. Көк бөріден Қырғызстан Қазақстанды 12:0 есебімен жеңсе, көкпар финалы 7:2 есебімен аяқталды. Осылайша, қос спорт түрінен де алтын жүлде Қырғызстан құрамасына бұйырды.

Ақтық ойыннан кейін әлеуметтік желіде көкпар мен көк бөрінің ережесі, екі ойынның айырмашылығы және болашағы туралы пікірталас қызды. Бірі екі спорт түрін біріктіріп, ортақ халықаралық ереже әзірлеуді ұсынса, енді бірі әр ойынның өзіндік ерекшелігін сақтауды жөн көреді. 

Екі ойынды не біріктіреді? Көкпардан ҚР ұлттық құрамасы. Фото: @kokparfederation

Көкпар мен көк бөрі сырт көзге бір-біріне өте ұқсас. Екеуінде де шабандоздар ат үстінде серке үшін таласып, ұпай жинауға тырысады. Екі спорттың да тарихи тамыры көшпелі халықтардың дәстүрімен байланысты.

"Көкпар" атауының "көк бөрі" тіркесімен байланысты екені туралы пайым бар. Бұрын көшпенділер малға шапқан қасқырды соғып алғаннан кейін оның денесін ат үстінде тартысып ойнаған. Кейін ойын барысында қасқырдың орнына серке қолданылған. Қазақстанның ат спорты ұйымдарының материалдарында да көкпар атауының шығу төркіні "көк бөрі" сөзімен байланыстырылады.

Алайда уақыт өте келе ойын әр елде өзінше дамып, ережелері де өзгере бастаған. Бүгінде қазақтың көкпары мен қырғыздың көк бөрісі тарихи тұрғыдан жақын болғанымен, спорттық талаптары бөлек екі ұлттық ат спорты ретінде қалыптасқан.

Айырмашылығы қандай? Көкбөрі. Фото: @kokparfederation

Екі ойынның арасындағы негізгі айырмашылықтар ойынның мақсаты, физикалық тартыс, уақыт тәртібі және қолданылатын құралдарынан көрінеді.

Көк бөріде алаңның екі шетіне арнайы тайқазан қойылады. Шабандоздың міндеті – серкені қарсыласының тайқазанына түсіру. Сондықтан тайқазанның маңындағы тартыс ойынның маңызды бөлігі саналады. Серкені қазанға салу ғана емес, оны қарсыластан тартып алып, өз жағына шығару үшін де күрес жүреді.

Ойында атпен қасақана соқтығысуға және қарсыласын күшпен ығыстыруға рұқсат беріледі. Осыған байланысты ойында физикалық тартыс жоғары деңгейде өтеді.

Ойын 20 минуттан үш таймға созылады.

Команда құрамында 12 шабандоз болады, олар үшін 8-12 жылқы дайындалады. Алаңға бір мезетте төрт ойыншы шығады.

Көк бөріде негізінен салмағы 30-35 келіден асатын табиғи серке пайдаланылады. Жылқылар толық тағаланады.

Көкпарда тайқазан қолданылмайды. Оның орнына алаңда диаметрі 3 метр болатын арнайы мәре шеңбері белгіленеді. Серкені осы шеңберге жеткізу арқылы ұпай алынады. Сондықтан мұнда шабандоздың жылдамдығы, атын дұрыс басқаруы, серкені іліп әкетуі және қарсыластан тартып алуы маңызды.

Көкпарда атпен қасақана соқтығысуға және қарсыласын күшпен ығыстыруға шектеу қойылған. Яғни ойын барысында физикалық қақтығыстан гөрі шабандоздың техникасы мен ептілігіне басымдық беріледі.

Көкпар 20 минуттан екі тайм ойналады.

Команда құрамында 12 шабандоз болады, олар үшін 8-12 жылқы дайындалады, ал алаңға бір мезетте төрт ойыншы шығады.

Халықаралық көкпар жарыстарында табиғи серкенің орнына жасанды серке муляжы жиі пайдаланылады. Бұл спортты біріздендіру және ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Көкпарда аттардың артқы тұяғы тағаланбайды.

Екі ойынды біріктіруге бола ма?

Қазақстан мен Қырғызстан арасында бұл мәселе бұған дейін де көтерілген. 2019 жылы халықаралық "Көк бөрү" федерациясының конгресінде халықаралық көкпар және көк бөрі спортына қатысты жаңа ереже қаралып, оған қатысқан тоғыз елдің сегізі қолдау білдіргені туралы Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығы мәлімдеген. Қырғызстан өкілдері сол жиынға қатыспаған.

2024 жылы Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов екі елдің ұлттық спорт түрінің ережесі мен атауын бір жүйеге келтіру қажет екенін айтқан. Оның сөзінше, бір ойында серке қазандыққа, екіншісінде шеңберге тасталады, сондықтан болашақта бұл айырмашылықтарды біріздендіру маңызды.

Яғни екі спорттың ережесін жақындастыру әрекеті бұрын да болған. Бірақ Қазақстан мен Қырғызстанда қалыптасқан ойын дәстүрі мен ұлттық спортқа қатысты көзқарастардың айырмашылығы бұл мәселенің түбегейлі шешілуіне кедергі болып келеді.

Спорт шолушысы Анық Көкенайұлы екі ойынды біріктіруге емес, көкпарға түбегейлі өзгеріс енгізуді ұсынды. 

"Менің ойымша, көкпар мен көк бөрі екеуін біріктіре қоймас. Қазандықта бірге ойнауды қырғыздар қос қолдап қолдауы мүмкін. Ал қазақтар келіспейді. Кешегі көкбөрінің нәтижесін қарап қана біздің тарап қазандық туралы ойлай да алмайды. Қысқасы, бас қатырғылары келмес. 10 жылдай уақыттан бері біздің елде қазандықта мүлдем ойнамайды. Қазандық бізде бұрыннан болған. 10 жыл болды шеңберге серкені тастап жүрміз. Қазақстанда қазандықпен ойнаған соңғы буын 2016-2017 жылдары өнер көрсетті. Енді қайтадан қазандыққа ауысуы көп уақыт алады. Аз уақыт ішінде қазандыққа бейімделіп кетуі қиын. Қазандық деп бас қатырмай, Қазақстан өкілдері көкпарға түбегейлі өзгерістер енгізу керек. Бізде басты мәселе –  ат. Атты дұрыс дайындау қажет. Аттарды дайындау үшін соған сай жағдай жасалса. Алдымен аттың мәселесін шешпесе, көкпар мен көкбөріден алдағы уақытта бұдан да ірі есеппен жеңіледі", – деді ол.

Анық Көкенайұлының пікірінше, екі ел федерациясы ойын ережелерін қайта қарауы қажет.

"Егер екі елдің федерациясы қазандық мәселесін талқыласа, онда екі жақта өзіне ыңғайлы тұсын айтары анық. Бір-бірін қолдамайтыны түсінікті. Одан да қос тарап көкбөрі мен көкпардың ережесін қайта қарап, кемшіл тұстарын саралап, сол жағымен жұмыс жасауы қажет", – деді спорт шолушысы.

Спорт сарапшысы Ақырыс Сейтқазы екі ойынның жаңа халықаралық ережелер енгізіп, жаңа деңгейге шығатынына күмәнмен қарайды.

"Негізі мен көкпардың да, көк бөрінің де қандай да бір халықаралық деңгейде танымал болып кететініне сенбеймін. Өйткені бұл әлемдік деңгейге шығатын спорт түрі емес. Сол ұлттық деңгейде қалады. Той-томалақта ел ішінде жүре берсе, дұрыс болатын секілді. Өйткені анадай ережемен, анадай жарақаттармен әлемдік спорт біздің көкпарды қабылдай қоятынына сенбеймін", – дейді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшының болжамынша, екі ел көкпар мен көкбөріні біріктіру туралы ортақ шешімге келе алмайды.

"Өйткені екі елдің де өзіндік принциптері бар. Оның үстіне қазір көкпардан екі ғана қарыслас бар: Қазақстан мен Қырғызстан. Сондықтан екеуінен басқа таңдау жоқ. Екі елден басқасына қызық емес секілді. Тәжікстан, Өзбекстан секілді елдер ондай қызығушылық танытып отырған жоқ. Сол себепті көкпар мен көкбөріні біріктіріп, оған ортақ ереже шығару деген – болмайтын нәрсе. Қырғыздар – өзінің көк бөрісін, қазақтар өзінің көкпарын ойнап жүре бергені дұрыс деп ойлаймын.  Көшпенділердің өзіндік осындай ойындары, ұлттық олимпиадасы болғанын қолдаймын. Бірақ, шыны керек, кешегі ойыннан әлі екі елдің де бұған дайын емес екенін көрдім. Әсіресе, Қырғызстан тарапынан манипуляция, провакация көп болды. Сондықтан мен көкпар мен көкбөрі жаңа деңгейге шығады деп ойламаймын. Халықаралық ереже әзірлегенде де бұл ойын тек екі елге қызық, сол себепті халықаралық деңгейде танымал болып кетеді деп ойламаймын", – деді ол. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:90
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 07 Сентября 2026 16:10
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

06 Сентября 2026 17:46see366

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see169

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

06 Сентября 2026 20:20see161

Учитель нации и хранитель слова

06 Сентября 2026 17:57see157

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

06 Сентября 2026 18:02see155

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see153

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

06 Сентября 2026 18:17see152

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

06 Сентября 2026 18:02see149

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

06 Сентября 2026 17:57see148

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

06 Сентября 2026 18:02see146

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

06 Сентября 2026 18:01see146

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

06 Сентября 2026 18:09see144

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

06 Сентября 2026 17:55see144

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

06 Сентября 2026 18:10see143

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

06 Сентября 2026 17:57see141

Возгорание сухой травы тушат в Костанайской области

06 Сентября 2026 22:36see141

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

06 Сентября 2026 17:55see140

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

06 Сентября 2026 17:53see138

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

06 Сентября 2026 17:46see137

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

06 Сентября 2026 17:51see134
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня