Ең жас композитор: 11 жастағы домбырашының Ел аман күйі қалай туды
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
Он бір жастағы Дарын Сабырбекұлы – бірнеше байқаудың жеңімпазы. Биыл ол АҚШ-та домбырашылар тобымен бірге өнер көрсетіп, бас жүлде алды. Осы сапары қатты әсер етіп, елін сағынған жас өнерпаз "Ел-аман" атты күй шығарған.
Информбюро порталы жас домбырашының анасы Назерке Ынтымақпен сөйлесіп, Дарынның алғашқы авторлық шығармасы қалай дүниеге келгенін сұрады.
Дарын алты жастан асқанда қолына домбыра алған. Ата-анасы ұлттық құндылықты кішкентайынан сезінсін, бойына сіңсін, жеңіл күйлерді ойнап көрсін деп бірінші маманнан кеңес алған. Ұстазы есту қабілеті жақсы екенін айтып, Дарынды сабақ алуға шақырған.
"Ұлым бір орында отыра алмайтын белсенді болатын. Басында домбыра сабағында қалай отырады екен деп алаңдадым. Алғашқы күйлерін үйренген сайын домбыраға қызығушылығы арта түсті. Сол уақыттан бастап үйреткен ағайы – Рамажан Алихан. Он жастан асқан соң "Әлқисса" домбыра студиясында дайындалды. Ол жақта ұстаздары домбыра шертуді үйретіп қана қоймай, балалардың елге деген сүйіспеншілігін оятады", – деді Дарынның анасы Назерке Ынтымақ.
Дарын бүгінде 12-14 күйді жақсы деңгейде орындайды. Ұстазы күрделі күйлерді тартуға әлі ерте десе де, бірнешеуін өзі қызығып үйреніп алған. Ал ағайы қатесін түзеп, бағыт береді. Дарынды ата-анасы музыкалық байқаулардан қалдырмауға тырысады. Тіпті биыл АҚШ-қа барып, бас жүлде алған.
"Өз елімізде көптеген жарысқа қатысып жүр. Маңызды байқаулардан қалдырмадық. Міндетті түрде жарыс алдында бата аламыз. Алғашқы жарыстарын бастағанда анамның үлкен ағасы қажы-ұстаз, суырыпсалма ақын Бахыт Байжігітов атасы батасын берді. Кейіннен халықаралық жарыстарға қатысты. Оның ішінде Қырғызстан елінде жеке орындаушы ретінде бас жүлде алды. Ал АҚШ-та тобымен домбыра шертіп, бас жүлде иеленді", – деді Дарынның анасы.
АҚШ-қа Дарын ата-анасынсыз жалғыз өзі қазір қатысып жүрген домбыра студиясының балаларымен бірге барған. Назерке ұлы Америкаға ұшпай тұрып Қазақстан егемендікке оңайлықпен жетпегенін, тәуелсіз ел болуы үшін біраз қиындықты бастан кешіргенін айтып, балаларын жақында өмірден өткен ақын Мұхтар Шахановтың туған жеріне апарған. Ақынның туған жиені Серікбай деген кісі ауылын таныстырып, жақсы әсермен қайтқан. АҚШ-қа барған соң Дарын Қазақстанды, отбасын сағынып "Ел-аман" деген күй шығарған.
"Алғашында әкесі екеуіміз ұлымыз күй шығарды деп мән бермедік. Кейін шертіп қоймаған соң "Әлқисса" домбыра студиясының директоры Қанатбек ағайдан сұрадық. Сөйтсек өзінің күйі екен. Шыны керек, ғажап болды. Күй шығарады деп мүлде ойламадық. Сосын нотаға түсіріп, қалай елімізге танытсақ деген ой келді. Бірінші авторлық құқық алу туралы кеңес алдым. Барлығын түсінген соң шаруасына кірістік. Бірақ кейбір материалды дұрыс сала алмай екі рет қабылдамады. Қатемізді түзеп тағы жібердік. Содан соң ғана бір-екі күнде оң жауап келді. Балам да, мен де қатты қуандық. Толық аудиосын әлеуметтік желіге саламыз", – деді Назерке.
Енді Дарынның ата-анасы ұлына "Қазақстанның ең жас автор-композиторы" деген мәртебе алуға әрекет етіп жатыр.
Назерке отбасымен көп саяхаттайды. Дарын да – жиһангер. Кішкентай кезінде ұшқыш болғысы келсе, қазір композитор болуды армандайды. Бала болған соң достарымен асыр салып доп ойнағанды жақсы көреді.
"Баласын додаға қосқан ата-ананың еңбегі көрінбейтіні рас. Материалдық жағдайды қоспағанда, бір жарыстың артында қаншама дайындық, уақыт жатыр. Сол дайындалғаны еш кетпесінші деп барымызды саламыз. Алғашқы кезде үйірмеге өзім апарып, күй тартқанын тыңдап отыратынмын. Жұмыста болып қалсақ, ата-апасы – бәрі жабылып сабағына таситын. Өзінің шаршаған кездері де болды. Ондай кезде уақытша үзіліс алатынбыз. Мұндай жетістікке оңай жеттік деп айта алмаймын. Жарыс әділ өтпеген кездер де, шетелге жіберуге ақша болмаған кездер де болды. Сол кезде баламды ойлап мұңайып қалатынмын. Бірақ оны ұлыма көрсетпей тек күш-жігер сыйлауға тырыстық. Кейде өзіме уақыт жетпей шаршаған кезде ұлым үйренген күйлерін шертіп берсе, шаршағанымды ұмытып кетемін. Түнімен балама жаңа жоба, жарыс іздейтінмін. Телеарнаралға да шығып, төрт-бес рет теледидардан көрініп, еңбегі жан-жаққа таныла бастады", – деді Дарынның анасы.
Ол әр баланың жетістігінің артында ата-ананың еңбегі, төккен тері тұрғанын, қиын сәттерді еске түсіргенде көзіне еріксіз жас келетінін жасырмады. Алайда ұлының қазақтың ұлттық құндылығын дамытуға үлес қосып жатқаны мерейін өсіріп, биікке көтеретінін жеткізді.
"Қазіргі кезде ата-анаға оңай емес. Баланың қызығушылықтары тез басылып қалады. Қызығушылығы оянсын деп, гаджетті жиыстырып, табиғат аясына демалуға шығамыз. Сосын телефоннан не көріп жатқанын қадағалаймыз. Басқа мемлекеттер жайлы, күйдің тарихы жайлы көр деп ескертіп отырамыз. Балалардың ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыратын видеолар көбейіп, түсініксіз, мән-мағынасы жоқ видеолар жойылса екен деймін. Ұлымның жетістіктері көп болса, халқын жаңа туындыларымен қуанта берсе, туындысын барша қазақ халқы тыңдаса деген тілегім бар", – деп сөзін түйіндеді Назерке Ынтымақ.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:99
Эта новость заархивирована с источника 17 Сентября 2026 13:52 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















