Француз инженерлері масаның көзін жоятын "аңшы" микродрон жасап шығарды
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
Француз инженерлері Алекс Туссен мен Клови Пьедалю масалардың көзін жоятын "аңшы" микродронды әзірледі. Бүл туралы ycombinator.com платформасында жазылған.
Жоба Tornyol деп аталады, ад дронның салмағы бар болғаны 40 грамм. Дегенмен, оның ішіне смарт микрофондар, сенсорлар және жетілдірілген цифрлық сигналды өңдеу (DSP) жүйелері сыйып кеткен. Бұл технологиялардың көмегімен дрон маса шығаратын дыбыстық толқындарды анықтап, оның көзін жоя алады.
Алекс Туссеннің айтуынша, маса тарататын аурулардан жыл сайын 700 мыңнан астам адам көз жұмады. Ал олармен күреске жыл сайын миллиардтаған доллар қаражат шығындалады.
"Tornyol дрондары масаларды жою құнын 100 есеге дейін төмендетіп, безгек ауруын жоюға мүмкіндік береді. Жобамыз ауқымды түрде жүзеге асқан кезде, оны пайдаланушылар өз бақшасында 24/7 режимінде патруль жүргізетін Tornyol базалық станциясын орната алады. Құрылғыны айына небары 50 доллар төлеммен пайдалануға болады", – дейді жоба авторлары.
Масамен күрестің бұл түрінің бір артықшылығы – қоршаған ортаға ешқандай зиян келмейді. Яғни, масаны өлтіру үшін табиғат аясын улаудың қажеті қалмайды. Tornyol дрондары масаны физикалық түрде өлтіріп, көзін жояды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:102
Эта новость заархивирована с источника 13 Ноября 2025 10:35 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















