Мұғалім жалақысы қалай есептеледі? Жүктеме, үстемеақы және есепті тексеру
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Қазақстанда педагогтердің еңбекақысын есептеу жүйесі "Педагог мәртебесі туралы" Заңға және ҚР Үкіметінің №1193 қаулысына негізделген. Барлық есеп мұғалімнің біліміне, еңбек өтіліне, оқу жүктемесіне және біліктілік санатына сүйенеді.
Төменде педагог жалақысының қалай құралатыны, қандай үстемеақылар төленетіні және оны тексеру жолдары туралы ең маңызды 10 сұраққа жауаптар берілген.
№1. Мұғалімнің базалық лауазымдық жалақысы (БЛЖ) қалай есептеледі?
Лауазымдық жалақы (ЛЖ) – бұл есептеудің негізгі іргетасы. Ол Мемлекеттік базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ = 17 697 теңге) мұғалімнің білім деңгейіне (жоғары немесе арнайы орта) және еңбек өтіліне қатысты белгіленген базалық коэффициентке көбейту арқылы анықталады.
Сонымен қатар, педагогтердің жалақысын арттыру саясаты шеңберінде есептелген лауазымдық жалақыға 2,0 еселік түзету коэффициенті қолданылады.
№2. Бір нормативтік оқу жүктемесі қанша сағатты құрайды?
"Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес, орта білім беру ұйымдарындағы мұғалімдер үшін бір нормативтік оқу жүктемесі аптасына 16 сағатты құрайды.
Егер мұғалімнің сағаты 16-дан аз немесе көп болса, оның негізгі жалақысы мына формуламен қайта есептеледі:
Ең алдымен мұғалімнің толық ставкадағы лауазымдық жалақысы 1 нормативтік жүктеме сағатына (орта мектептер үшін 16 сағатқа) бөлінеді. Осылайша мұғалімнің 1 сағатына төленетін еңбекақы мөлшері анықталады. Табылған 1 сағаттың құны мұғалімнің бөлінген кесте бойынша аптасына жүргізетін нақты сағат санына көбейтіледі.Мысалы: Егер мұғалімнің толық лауазымдық жалақысы 320 мың теңге болып, ол аптасына 18 сағат сабақ берсе:
(320 000 : 16) × 18 = 20 000 × 18 = 360 000 теңге құрайды.
№3. Педагогикалық шеберлік санаты үшін қанша үстемеақы төленеді?
Аттестация нәтижесінде біліктілік санатын алған мұғалімдерге лауазымдық жалақыдан (ЛЖ) пайыздық есеппен ай сайынғы үстемеақы төленеді:
педагог-модератор: ЛЖ-дан 30%; педагог-сарапшы: ЛЖ-дан 35%; педагог-зерттеуші: ЛЖ-дан 40%; педагог-шебер: ЛЖ-дан 50%.Оқи отырыңыз: Паспортты қалай тез алуға болады? Қажет құжаттар, алу мерзімі мен төлем сомасы
№4. Дәптер тексеру және сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы мөлшері қандай?
Бұл төлемдер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе БЛЖ-ға байланысты есептеледі:
сынып жетекшілігі үшін: 1-4 сыныптарда БЛЖ-дан 50% (8 848,5 ₸), 5-11 сыныптарда БЛЖ-дан 60% (10 618,2 ₸); дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін: 1-4 сыныптарда БЛЖ-дан 40%, 5-11 сыныптарда (қазақ, орыс, шет тілдері, әдебиет, математика пәндері бойынша) БЛЖ-дан 50% төленеді.№5. Ауылда жұмыс істейтін мұғалімдерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?
ҚР Еңбек кодексі мен білім туралы заңнамаға сәйкес, ауылдық жердегі мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге олардың лауазымдық жалақысы мен барлық дерлік үстемеақысына кемінде 25% мөлшерінде үстеме қосылады.
№6. Еңбек демалысы мен сауықтыру жәрдемақысы қалай есептеледі?
Педагогтерге жыл сайын 56 күнтізбелік күн ақылы еңбек демалысы беріледі. Демалысқа шыққан кезде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы қоса төленеді.
Сауықтыру жәрдемақысының есептелу формуласы:
Сауықтыру төлемі = ((17 697 × Базалық коэффициент) : 16) × Нақты сағат саны + 25% (ауылдық жер болса).
(Ескерту: Сауықтыру ақысын есептеуде өзге үстемелер мен қосымша ақылар ескерілмейді, тек негізгі жүктеме қызметақысы негізге алынады).
№7. Еңбек демалысының ақысы қашан есепшотқа түсуі тиіс?
Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының төлемі демалыс басталғанға дейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Егер демалыс кестеден тыс берілсе, ол тағайындалған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде аударылады.
Оқи отырыңыз: Грант байқауы – 2026: Кімдер тегін оқи алады және оған қандай құжаттар қажет
№8. Мұғалім өз жалақысын онлайн калькулятор арқылы қалай тексере алады?
Мұғалімдер өз еңбекақысын мектептерде қолданылатын бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің калькуляторлары арқылы өзі де тексере алады:
Арнайы калькулятор веб-сервисіне өтіңіз. Өз біліміңізді, еңбек өтіліңізді (жыл/ай) және біліктілік санатыңызды таңдаңыз. Апталық оқу жүктемеңізді (сағат санын), сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру сияқты қосымша міндеттерді белгілеңіз.Жүйе автоматты түрде сіздің қолыңызға тиетін таза (IIN, ПВ, ОСМС ұсталғаннан кейінгі) жалақыны шығарып береді.
№9. Калькулятор шығарған сома мен алған айлық сәйкес келмесе не істеу керек?
Егер онлайн есептеу мен банктік есепшотқа түскен сома арасында алшақтық болса:
Бухгалтериядан ай сайын берілуі тиіс жалақы парақшасын талап етіңіз. Еңбек кодексі бойынша бухгалтер оны беруге міндетті.
Есептеу парақшасындағы жүктеме сағаты мен үстемелердің дұрыс енгізілгенін тексеріңіз. Мәселе шешілмесе, мектеп директорына немесе мектептегі кәсіподақ ұйымына жазбаша шағым түсіріңіз.
№10. Заңсыз залал немесе кем төленген қаражатты қайтарып алуға бола ма?
Иә, бухгалтерлік қателік немесе заңсыз кем есептеу салдарынан төленбей қалған қаражат кері өндіріп алынады. Егер мектеп әкімшілігі бұл мәселені ішкі деңгейде шешпесе, педагог Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне немесе Аумақтық еңбек инспекциясына, сонымен қатар прокуратура органдарына шағымдануға толық құқылы.
Оқи отырыңыз: BilimClass электронды журналы: Ата-аналар мен оқушыларға қажет 11 дерек
Другие новости на эту тему:
Просмотров:51
Эта новость заархивирована с источника 12 Октября 2026 15:16 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















