Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Миллиарды тенге за коммунальные услуги задолжали жители Мангистау

264 человека с инвалидностью не получили надлежащего медицинского наблюдения в Кызылординской области

33,5 килограмма марихуаны обнаружили в посылке в Актау

Казахстан представил в ООН опыт борьбы с семейно бытовым насилием

Аудит выявил нарушения на миллиарды тенге в трех коммунальных предприятиях Астаны

Более 14 гектаров земли вернули в госсобственность в Алматы

Просыпаемся от удушья : жители Шымкента массово жалуются на ночную вонь и требуют найти источник выбросов

Помощь спасателей потребовалась травмированной туристке в горах Алматы

Два железнодорожных вокзала открыли в Кызылординской области после модернизации

Ермухамет Ертысбаев ушел с поста председателя Народной партии Казахстана

Президент Сербии заявил о намерении уйти в отставку до окончания срока

ЧМ 2026: Месси забил Иордании, Австрия с Алжиром отцепили Иран

Стрельба во время ремонта в Костанае: полиция не обнаружила оружия в квартире

Сидящему в тюрьме Вайнштейну повторно вынесут приговор

33 кг марихуаны: посылку с наркотиками перехватили полицейские ЗКО

Казахстанские спортсменки вошли в тройку лучших на Кубке мира

Кинологи Нацгвардии обменялись опытом на сборе в Шымкенте

Водители Акту пожаловались на большие очереди за автогазом на АГЗС

В Туркестанской и Жамбылской областях почувствовали землетрясение

Историю и традиции Казахстана представили на выставке в Шанхае

Оқушылардың ChatGPT қолдануы: Сапалы білім алуға көмекші ме, кедергі ме

Оқушылардың ChatGPT қолдануы: Сапалы білім алуға көмекші ме, кедергі ме

Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілісте цифрландыру және білім саласына қатысты үш маңызды мәселені көтерді. Ол өз сауалдарын Цифрлық даму министрлігіне жолдап, цифрлық теңсіздік, балалардың әлеуметтік желілерге еркін тіркелуі және мектептерде смартфон қолдануға байланысты өзекті проблемаларды атап өтті. Әсіресе, оқушылардың сабақ кезінде смартфон пайдалануына алаңдаушылық білдірді. Экс-министрдің айтуынша, бұл оқу үлгеріміне айтарлықтай кері әсер етеді. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері оқушылардың үй тапсырмасын ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдарының көмегімен орындайтынын айтып, мұндай үрдістің оң және теріс жақтарын да атап өтті. 

Депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігіне назар аударды. Қазір Қазақстанда кәмелетке толмағандар TikTok пен Instagram сияқты платформаларға ата-анасының рұқсатынсыз тіркеле алады. Ал көптеген елде мұндай жағдай заңмен шектеліп, ата-ананың келісімі мен жасын растау жүйесі енгізілген.

Мектептерде смартфон қолдану мәселесіне тоқталған депутат, бұл тыйымның оң нәтижесін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай шектеу оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, үлгерімнің артуына ықпал етеді. 

"Қазіргі таңда Қазақстанда TikTok пен Instagram сияқты платформаларға 5-6 жастағы балалар да ата-анасының рұқсатынсыз, верификациясыз тіркеле алады. Ал өзге елдерде бұл мәселе заңмен реттеліп жатыр. Мысалы, Дания мен Австралияда әлеуметтік желілерге тіркелу жасы – 15-16 жас. Ал АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты мен жасын верификациялау талап етіледі. (...). Англия, Нидерланд және әлемнің қырықтан астам елінде мектептерде телефон пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылданған. Қазақстанда да Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім-Инновация лицейлері және бірқатар жетекші мектептер осы тәжірибені енгізіп, оқу орнында смартфон қолдануға шектеу қойды. Нәтижелері оң: оқушылардың өзара қарым-қатынасы артты, үлгерім көрсеткіштері де жақсарды. Осы тәжірибені кеңейту немесе заң аясында реттеу мүмкін бе? Жалпы, бұл мәселеге қатысты Цифрлық даму және Оқу-ағарту министрліктерінің ортақ позициясы қандай?" – деді ол. 

Фото: Informburo "ChatGPT жау емес, ақылды кеңесші болуы тиіс"

Бәйтерек орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Нұрболат Тлеуқабылдың айтуынша, қазіргі таңда оқушылардың үй тапсырмасын ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралдарының көмегімен орындауы – көзге көрінбей кең тарап жатқан жаңа үрдіс. Оның пікірінше, ChatGPT секілді жүйелерді мүлде тыйым салуға емес, оны дұрыс бағытта қолдануға үйрету қажет.

"Бүгінгі балалар – цифрлық дәуірдің өкілдері. Олар ақпаратты тез табуға, дайын шешім алуға үйреніп барады. Бұл, бір жағынан, уақыт талабына сай, екінші жағынан, ой еңбегінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Менің байқағаным, егер оқушы ChatGPT-дің жауабын сол күйі көшіріп алса, ол өздігінен ойланбайды, жазу мәнері де жоғала бастайды. Ал егер бұл құралды көмекші ретінде – яғни идея алу, мәтінді өңдеу, баламалы шешімдерді салыстыру үшін пайдаланса, оның сыни ойлау қабілеті артады. Тіпті кейбір балалар өз қатесін байқап, неге солай екенін түсінуге тырысады. Бұл – үлкен ілгерілеу", – дейді мұғалім.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ұстаз құқығын қорғау бойынша "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Нұрболат Қуатұлы ChatGPT-ді "жау" ретінде қабылдамай, "ақылды кеңесші" ретінде қолдануға шақырады. Ол мұғалімдер мен мектептер оқушылар арасында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыруы тиіс деп есептейді.

"Мақсат – ChatGPT оқушының орнына ойлануы емес, оны ойландыруы керек. Яғни, жасанды интеллект – оқу үшін құрал, орнына білім алатын "құтқарушы" емес", – дейді ол.

Мұғалімнің айтуынша, ChatGPT көмегімен жазылған жұмысты бірден анықтау оңай емес, бірақ тәжірибелі педагог оқушының бұрынғы жазу стилінен, логикалық құрылымынан, ойлау жүйесінен айырмашылықты байқай алады. Сонымен бірге ол ашық сұрақтар мен пікірталас түріндегі тапсырмалардың AI көмегімен дайын жауапты көшіруге жол бермейтінін атап өтті.

"Оқушыларға ең маңыздысы – жауап алу емес, сол жауапты түсініп, өз сөзімен жеткізе білу. Мен үнемі оқушыларға айтамын: жасанды интеллект сенің ойыңды алмастырмасын, керісінше, соны жетілдірсін. Ақпаратты көшіру оңай, ал оны талдап, өз көзқарасыңмен ұсыну – шын мәнінде білімнің көрсеткіші", – дейді Нұрболат Тлеуқабыл.

Оқи отырыңыз: "Зияткер ұстаз" шахмат турниріне тіркелу басталды

Ол сонымен қатар мектеп деңгейінде жасанды интеллектіні қолдануға қатысты этикалық ережелер қажет екенін айтты.

"Әр оқушы өз жұмысындағы AI үлесін көрсетуі тиіс. Бұл – академиялық адалдықтың бір бөлігі. Ал мұғалімдер ChatGPT-ді өз сабақтарында тиімді пайдалану жолдарын меңгеруі қажет. Жасанды интеллект білім сапасын арттыруға, әр оқушының жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді", – деп қорытындылады ұстаз.

Фото: Informburo "Ата-ананың баланың кіммен сөйлесіп, қандай контент тұтынып жүргенін бақылауы – цифрлық сауаттылықтың ең басты бөлігі"

Ұстаз Айнұр Шыбырайымқызының пікірінше, қазіргі заманда балалардың әлеуметтік желілерге ата-ананың рұқсатынсыз тіркелуі – тек цифрлық қауіпсіздік мәселесі емес, сонымен қатар баланың психологиялық және әлеуметтік дамуына әсер ететін маңызды фактор.

"Бүгінгі таңда жеткіншектер әлеуметтік желілерге ерте жастан еніп жатыр. Тіпті 6-7 жастағы балалардың TikTok, Instagram, немесе YouTube сияқты платформаларда өз парақшасы бар. Бірақ бұл еркіндік кейде зиян әкелуі мүмкін – бала өзін өзге адамдармен салыстырып, лайк пен пікірге тәуелді болып қалады", – дейді ұстаз.

Оның айтуынша, әлемнің дамыған елдері бұл мәселеге ерекше мән беріп отыр. Мысалы, Дания мен Австралияда әлеуметтік желіге тіркелу жасы 15-16 жас деп белгіленген. Ұлыбритания мен АҚШ-та 13 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желіні тек ата-анасының рұқсатымен және жеке деректерді верификациялау арқылы ғана пайдалана алады. ЮНЕСКО мен UNICEF 2024 жылғы есебінде де балалардың интернеттегі еркіндігі мен қауіпсіздігі арасында тепе-теңдік қажет екенін атап өткен.

"Бізге де осы бағытта нақты ереже керек. Бала желіге тіркелер алдында ата-ананың рұқсатын алу – бұл шектеу емес, қорғаныш. Себебі ата-ана баланың кіммен сөйлесіп, қандай контент тұтынып жүргенін бақылап отыруы тиіс. Бұл – цифрлық сауаттылықтың ең басты бөлігі", – дейді Айнұр Шыбырайымқызы.

Оқи отырыңыз: "Әр ұстаз мемлекеттік наградаға лайық". Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов педагогтарды құттықтады

Мұғалімнің пікірінше, дәл осындай ұстаным мектептегі смартфон қолдану мәселесіне де қатысты. Ол соңғы жылдары әлемнің көптеген елінде мектептерде телефон ұстауға шектеу қою оң нәтиже бергенін айтады. Франция, Нидерланд, Ұлыбритания және Финляндия сынды елдерде мұндай тыйым оқушылардың зейінін арттырып, сынып ішіндегі қарым-қатынасты жақсартқан.

"Осы жылы UNESCO мен OECD-тің зерттеулері жарияланды. Нәтижесінде, смартфонды сабақ кезінде пайдаланбайтын мектептерде оқушылардың оқу үлгерімі орта есеппен 6-8 пайызға артқаны анықталған. Бұл – жай статистика емес, нақты дәлел. Өйткені бала зейіні үзіліссіз экранда емес, өз ісінде болуы керек", – деп атап өтті ұстаз.

Айнұр Шыбырайымқызының айтуынша, Қазақстанның кейбір жетекші мектептері – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері – бұл тәжірибені сәтті енгізіп үлгерген. Нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы артқан, ал сабақтағы тәртіп пен назар деңгейі айтарлықтай жақсарған.

"Мектеп – тек білім беретін орын емес, ол – тұлға қалыптастыратын орта. Ал тұлға экран арқылы емес, шынайы қарым-қатынас арқылы дамиды. Сондықтан әлеуметтік желі мен смартфонға қатысты шектеулер – еркіндікті тарылту емес, баланы қорғаудың мәдени формасы", – деп түйіндеді Айнұр Шыбырайымқызы.

"Смартфон әсерінен бастауыш жастағы балаларда ұйқы режимі бұзылып, зейін тұрақтылығы төмендейді"

№16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Әбдіраманованың айтуынша, бастауыш жастағы балалардың әлеуметтік желілер мен смартфондарға еркін қол жеткізуі – соңғы жылдары ерекше алаңдатарлық құбылысқа айналды. 

"Бала үшін экран – ойын мен қызықтың әлемі, бірақ сол әлемнің ішінде шынайы өмірдің тепе-теңдігін жоғалту қаупі бар. Әсіресе бастауыш сыныптағы оқушылар шынайы мен виртуалдыны ажырата алмайды, эмоциялық тұрғыдан әлсіз", – дейді ұстаз.

Ұстаздың пікірінше, әлеуметтік желілерге тіркелу кезінде ата-ананың рұқсаты мен бақылауы міндетті болуы тиіс.

"Бала өз бетімен TikTok немесе Instagram-ға тіркелсе, онда тек ойын-сауық контентін көреді. Бірақ сол видеолардың бәрі бала психологиясына сай келе бермейді. Ата-ана рұқсатынсыз тіркелу – интернеттегі жауапкершілікті сезінбеудің алғашқы қадамы. Біз, керісінше, балаға цифрлық этиканы, қауіпсіздік мәдениетін үйретуіміз керек", – дейді Ақмарал Әбдіраманова.

Оқи отырыңыз: "Бір жылда 12 ғасыр тарихын оқиды". Алматылық ұстаз оқу бағдарламасын өзгертуді ұсынды

Ол халықаралық тәжірибелерді мысалға келтіріп, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерін атап өтті: экран алдында шамадан тыс уақыт өткізетін бастауыш жастағы балаларда ұйқы режимі бұзылып, зейін тұрақтылығы төмендейді, сөйлеу және эмоциялық даму баяулайды. Канада мен Финляндияның бастауыш мектептерінде бұл мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама енгізіліп, оқушылардың гаджет қолдану уақыты қатаң реттелген.

"Смартфон мен әлеуметтік желі баланың даму құралы емес, тек көмекші болуы керек. Ал мектеп – "тірі" қарым-қатынас пен ойын арқылы тәрбиелейтін орта. Егер бала үзілісте телефон ұстап отырса, ол достарымен сөйлесуді, ойнауды, тыңдай білуді ұмытады. Бізге осы қарапайым адами дағдыларды қайтару қажет", – дейді бастауыш сынып мұғалімі.

Ақмарал Әбдіраманованың айтуынша, кейбір ата-аналар баласын тыныштандыру үшін телефон беруді әдетке айналдырған. Бірақ бұл уақытша шешім ғана.

"Экран баланы тынышталдырады, бірақ дамытпайды. Керісінше, ойлау белсенділігі мен қиялын тежейді. Ал мектеп пен отбасы бірлесе отырып баланың бос уақытын мазмұнды етуге күш салуы керек", – дейді ол.

Оқи отырыңыз: Биыл педагогтерді жаңаша аттестаттау басталады. Оның қалай өтетінін түсіндіреміз

Сондай-ақ, ұстаз соңғы уақытта кейбір оқушының үй тапсырмасын ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдарының көмегімен орындап жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тәжірибенің пайдасы да, зияны да бар.

"Бастауыш сынып оқушылары үшін ChatGPT-ді пайдалану – екі қырлы құбылыс. Егер бала оны түсіну, іздену және идея алу мақсатында қолданса, ол оның қызығушылығын оятып, өз ойын жүйелеуге көмектеседі. Бірақ егер дайын жауапты көшіріп алуға үйренсе, онда ол өз бетінше ойлану, жазу және талдау дағдыларынан айырыла бастайды. Сол себепті ата-ана мен мұғалім баланың жас ерекшелігін ескере отырып, жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде пайдалануға бағыттауы тиіс", – дейді Ақмарал Әбдіраманова.

Мұғалім мектептерде смартфон қолдануға шектеу қою тәжірибесін қолдайтынын да айтты.

"Бұл – тыйым емес, тәрбие. Телефонсыз өткізілген сабақ пен үзіліс – баланың шынайы өмірмен байланысын қалпына келтіреді. Соңғы зерттеулерге қарағанда, телефонды сабақ кезінде пайдаланбайтын сыныптарда оқушылардың оқу мотивациясы мен назар деңгейі айтарлықтай жоғары. Демек, бұл шешім білім сапасына да, бала психологиясына да оң әсер етеді", – деп қорытындылады Ақмарал Әбдіраманова.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:166
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 13 Ноября 2025 15:33
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Миллиарды тенге за коммунальные услуги задолжали жители Мангистау

27 Июня 2026 16:27see161

264 человека с инвалидностью не получили надлежащего медицинского наблюдения в Кызылординской области

27 Июня 2026 14:48see160

33,5 килограмма марихуаны обнаружили в посылке в Актау

27 Июня 2026 18:20see155

Казахстан представил в ООН опыт борьбы с семейно бытовым насилием

27 Июня 2026 18:34see148

Аудит выявил нарушения на миллиарды тенге в трех коммунальных предприятиях Астаны

28 Июня 2026 12:50see142

Более 14 гектаров земли вернули в госсобственность в Алматы

28 Июня 2026 07:21see141

Просыпаемся от удушья : жители Шымкента массово жалуются на ночную вонь и требуют найти источник выбросов

28 Июня 2026 06:35see136

Помощь спасателей потребовалась травмированной туристке в горах Алматы

28 Июня 2026 08:58see133

Два железнодорожных вокзала открыли в Кызылординской области после модернизации

28 Июня 2026 07:22see130

Ермухамет Ертысбаев ушел с поста председателя Народной партии Казахстана

27 Июня 2026 15:06see128

Президент Сербии заявил о намерении уйти в отставку до окончания срока

28 Июня 2026 15:33see128

ЧМ 2026: Месси забил Иордании, Австрия с Алжиром отцепили Иран

28 Июня 2026 09:18see127

Стрельба во время ремонта в Костанае: полиция не обнаружила оружия в квартире

28 Июня 2026 17:23see125

Сидящему в тюрьме Вайнштейну повторно вынесут приговор

28 Июня 2026 07:22see125

33 кг марихуаны: посылку с наркотиками перехватили полицейские ЗКО

28 Июня 2026 07:22see124

Казахстанские спортсменки вошли в тройку лучших на Кубке мира

28 Июня 2026 17:13see124

Кинологи Нацгвардии обменялись опытом на сборе в Шымкенте

28 Июня 2026 13:28see124

Водители Акту пожаловались на большие очереди за автогазом на АГЗС

28 Июня 2026 11:33see124

В Туркестанской и Жамбылской областях почувствовали землетрясение

27 Июня 2026 19:17see124

Историю и традиции Казахстана представили на выставке в Шанхае

27 Июня 2026 18:19see120
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня