Білім саласы бизнес емес, ол балаға сапалы білім мен тәрбие беруі керек мәжіліс депутаты
Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ, информирует.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мектебі заң талаптарына сай болмаса да, әлеуметтік желі арқылы шу көтеріп жүрген жекеменшік білім мекемелерінің басшыларын сынға алды.
"Қазақстанда жекеменшік мектептердің 57 пайызы заман талабына сай емес. Мұны Жоғарғы аудиторлық палатаның тексерісі дәлелдеді, қолымызда анықтама бар. Ғимараттардың сапасы сәйкес келмейді, арнайы салынбаған, санитарлық талаптар, балалар отыратын бөлмеде таза ауа (вентиляция), температуралық нормалар, күн сәулесінің түсуі, өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Оқу стандарттары бойынша құрал-жабдықтар – лабораториялар, арнайы кабинеттер, компьютерлік технологиялар жетіспейді. Мұғалімдердің білім дәрежесі сәйкес емес, оқымаған баланы оқыды деп есеп берген", – деп сынға алды Мұрат Әбенов.
Оның сөзінше, мемлекет қаржысын ұрлаған мектеп басшылары жауапқа тартылуы тиіс. Бұл ретте ол жаңадан тағайындалған оқ-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қолдау көрсетті.
"Өкінішке қарай, соңғы жылдары Ағарту министрлігі жанындағы Қаржы орталығы арқылы жеке мектептердің қаржысы тексерілмей төленген. Артық, заңсыз кеткен қаржы қайтарылмаған. Мектеп иелеріне іс қозғамаған, миллиардтаған ұрланған ақшаны әлі қайтармаған. Жаңадан келген министр Жұлдыз Сүлейменова қаржылық тәртіпті орнатуды қолға алды. Өзі батыл және таза адам. Жұлдыз қарындасымыз білім саласының алаяқтықпен нанын жеп жүрген қылмыстық топтарының ешқандай үгіт-насихатына көнбейді, қорқытам дегендерге бас имейді", – деді депутат.
Бұл ретте ол өз тарапынан Бас прокуратураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы тексеру туралы талап жолдайтынын мәлімдеді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:76
Эта новость заархивирована с источника 12 Ноября 2025 16:33 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















