Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Достижения наших спортсменов высоко возносят флаг Казахстана на международной арене К. Ж. Токаев

На процессе по делу Санжара Бокаева в шестой раз отказали в отводе судьи Аналитический интернет журнал Власть

Разница до 8 тысяч за тонну: где купить уголь в Астане и сколько он стоит

Шайдоров высказался после провала на Гран при

Франция нашла виновника взлома холодильников по всей Европе

Медалистка Олимпиады Александра Ле вошла в топ 7 на чемпионате мира

Правообладатели наследия Элвиса Пресли подали в суд на разработчиков музыкального ИИ

Пассажиры смогут проходить быстрее через турникет в метро Алматы

В Германии спорят о том, что делать с разрушенной горной резиденцией Гитлера Орлиное гнездо

Токаев высказался о роли искусственного интеллекта в изучении казахского языка

Интернет могут отключить на три месяца: что известно о слухах вокруг 17 ноября

Более 350 солдат приняли военную присягу в Кокшетау

Вся власть ответам!

Alex Lim поделился радостной новостью (ВИДЕО)

Виктор Орбан высказался о возможном задержании брата

Законы из 1990 х против реалий 2026 года: Казахстан готовит новый Гражданский кодекс

Почему казахстанские бизнесмены не готовы передавать активы детям?

Аида Балаева встретилась с Медведевым и Шойгу

Канье Уэст побил рекорд посещаемости рэп концертов в США

Бешбармак хочу : история 72 летней таксистки из Алматы растрогала Казнет

Патамуштадан 2 млн теңгенің көлігіне дейін: Неге еңбек министрлерінің мәлімдемелері жиі мемге айналады

Патамуштадан 2 млн теңгенің көлігіне дейін: Неге еңбек министрлерінің мәлімдемелері жиі мемге айналады

Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – қоғаммен ең жиі бетпе-бет келетін мемлекеттік органдардың бірі. Өйткені бұл ведомствоның жұмысы халықтың табысына, зейнетақысына, жәрдемақысына, жұмысына және әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді.

Сондықтан министрлердің әр мәлімдемесі ерекше назарда болады. Кейде бір ауыз сөз жылдар бойы ұмытылмайды. Бірі мемге айналса, енді бірі халықтың наразылығын тудырып, отставка талаптарына дейін жеткізеді.

Биыл еңбек министрі Асқарбек Ертаевтың сәбиін көтеріп курьер болып жүрген келіншек туралы айтқан сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Бірақ бұл еңбек министрлерінің қоғамның ашуына тиген алғашқы мәлімдемесі емес.

Асқарбек Ертаев және "Олар өте жақсы тұрады" Асқарбек Ертаев, қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Фото: primeminister.kz

2026 жылдың жазында әлеуметтік желіде сәбиін кенгуруға салып алып, тапсырыс жеткізіп жүрген жас ананың суреті кеңінен тарады. Көпшілік бұл көріністі жас отбасылардың әлеуметтік қиындықтарының, балабақша тапшылығының және табыс табудың күрделенгенінің көрінісі ретінде қабылдады.

Фото: Threads

Фото қоғамда үлкен резонанс туғызған соң мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де зерттеді.

Министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, отбасы 19 мамыр күні ғана Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Оның сөзінше, күйеуінің IT саласы бойынша жоғары білімі бар, әйелдің техникалық білімі бар. Сондай-ақ министр отбасының әлеуметтік жағдайына қатысты мәліметтерді де жариялады.

"Жұбайының 2 миллион теңгелік автонесиесі бар. Олар Шымкентте өте жақсы тұрады. Туған ағасы ломбард саласында жұмыс істейді. Ата-анасының да жағдайы жақсы. Сондықтан олардың материалдық жағдайы жеткілікті деңгейде", – деді министр.

Министр жастардың жаңа қалаға көшкеннен кейін мансап орталығына жүгінбегенін айтып, қыздың жұбайына IT саласы бойынша бірнеше жоғары жалақылы жұмыс ұсынылғанын мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz informburo.kz (@kaz_informburo)

Сонымен қатар Асқарбек Ертаев жас ананы курьер ретінде жұмысқа алған компанияға қатысты да сұрақтар бар екенін айтты. 

"Ол шынымен курьер ретінде тіркелген. Бірақ бізде ол жұмыс істеген компанияға қатысты сұрақтар бар. Жұмысқа шығар алдында қандай нұсқаулық берілді, оны баламен қалай жұмысқа шығарған? Қазір жұмыспен қамту платформасы уақыт сұрады. Олардың жауабын күтіп отырмыз. Келесі аптада диалогты жалғастырамыз", – деді Асқар Ертаев.

Алайда қоғам министрдің бұл түсіндірмесін қабылдамады.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше, мәселе отбасының туыстарының табысында немесе бұрынғы тұрмыс деңгейінде емес, нәрестесі бар ананың неге баласын көтеріп жұмыс істеуге мәжбүр болғанында еді.

Сыншылар министрлік отбасына нақты көмек көрсетудің орнына олардың жағдайының жақсы екенін дәлелдеуге тырысты деп есептеді. Осыдан кейін Threads және басқа платформаларда #ЕртаевКет хэштегтері тарады.

Мәдина Әбілқасымова және көпбалалы аналардың наразылығы Мәдина Әбілқасымова, 2018-2019 жылдардағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Фото: informburo.kz

2019 жыл Қазақстандағы көпбалалы аналардың наразылығымен есте қалды.

Оған бірнеше жыл бойы жиналған әлеуметтік мәселелермен қатар, Астананың Көктал-1 тұрғын алабында болған қайғылы оқиға да әсер етті. Түнгі ауысымда жұмыс істеп жүрген ата-ананың үйінде өрт шығып, 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес қыз көз жұмды.

Қоғам бұл оқиғаны кедейлік пен әлеуметтік қолдаудың аз болуымен байланыстырды. Елдің әр өңірінде көпбалалы аналар наразылық акцияларына шығып, жәрдемақыны көбейтуді, тұрғын үй мәселесін шешуді талап етті.

Сол уақыттарда еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова көпбалалы отбасыларға төленетін көмекті түсіндіріп, Қазақстандағы қолдау шараларын басқа елдермен салыстырды.

Ол "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегерлері өмір бойы арнайы жәрдемақы алатынын айтып, Қазақстанда аналарды қолдау жүйесі көптеген мемлекеттерге қарағанда ауқымды екенін мәлімдеді.

"Басқа елдерде мұндай тәжірибе іс жүзінде жоқ. Ресейде аналық капитал бар. Ал бізде барлық төлемдерді есептесек, бірнеше миллион теңге шығады", – деген еді министр.

Алайда бұл сөз қоғамның ашуын тудырды.

Себебі, дәл сол кезде көпбалалы аналардың жәрдемақысы небәрі 768 теңгеге ғана өскен болатын. Егер 2018 жылы жәрдемақы көлемі 15 392 теңге болса, 2019 жылы ол 16 160 теңгеге дейін ғана көтерілді. Қоғам белсенділері бұл өсімді келемеждеп, әлеуметтік желілерде сынға алды. 

Осы кезде әлеуметтік желілерде Әбілқасымованың отставкасын талап еткендер де көбейді. Нәтижесінде ол министр орындығында 2018-2019 жылдарда ғана отырды. 

Серік Әбденов және "Патамушта" мен шикі жұмыртқа  Серік Әбденов,  2012-2013 жылдардағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Фото: primeminister.kz

2013 жылғы Үкімет әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63 жасқа дейін кезең-кезеңімен көтеру туралы бастама көтерді. Бұл қоғамда үлкен қарсылық туғызды. Әсіресе ауыр өндірісте жұмыс істейтін әйелдер реформаға қарсы шықты.

Реформаны түсіндіру үшін өңірлерді аралаған еңбек министрі Серік Әбденов Теміртауда металлург әйелдермен кездесті. Кездесу кезінде әйелдердің бірі министрден неге олардың тағы бес жыл жұмыс істеуі керектігін сұрады.

Министр нақты жауап берудің орнына "Потому что, потому что..." деп кідіріп қалды. Осы қысқа ғана сөз тіркесі бірден интернетке тарап, мемге айналды. Әлеуметтік желілерде "Патамушта" атты топтар ашылып, жүздеген фотожаба мен демотиватор жарияланды.

Бірақ халықтың ашуын тек осы сөз ғана туғызған жоқ.

Сол кездесуде министр әйелдерге:

"Сіздерге жұмыс істей беру керек. Неге 50 жаста зейнетақы туралы ойлайсыздар? Зейнетке шыққаннан кейін қосымша аурулар табамыз, ертерек қартая бастаймыз", – деген болатын.

Кейін Алматыда журналистермен кездесу өткізіп жатқан Әбденовке қарағандылық азаматтық белсенді Андрей Цуканов бірнеше шикі жұмыртқа лақтырды.

Нәтижесінде 2012-2013 жылдары министр болған Серік Әбденов халық жадында зейнетақы реформасының авторларының бірі ретінде емес, "Патамушта" сөзімен және шикі жұмыртқамен қалды.

Гүлшара Әбдіқалықова және Жаңаөзен алдындағы мәлімдемелер Гүлшара Әбдіқалықова, 2009-2012 жылдардағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Фото: informburo.kz

Гүлшара Әбдіқалықова еңбек министрі болған 2009-2012 жылдар Қазақстан тарихындағы ең ауыр еңбек жанжалдарының бірімен тұспа-тұс келді.

2011 жылы Маңғыстау облысындағы мұнайшылар бірнеше ай бойы ереуілге шығып, жалақыны көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті. Алайда министрлік бұл талаптардың бір бөлігін негізсіз деп бағалады. Сол кезде Гүлшара Әбдіқалықова жұмысшылардың талабын қарап шыққанын, олардың кейбірі еңбек заңнамасына сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"Өткен жылы ғана келісімге келген едік. Адамдардың неге үнемі жалақыны көтеруді талап ететіні түсініксіз. Ол еңбек өнімділігіне байланысты нәрсе ғой", – деген еді министр.

Сол жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде тәртіпсіздік орын алып, полиция митингіге шыққандарға қарсы оқ атты. Ресми мәлімет бойынша ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Осыдан кейін қоғам биліктің еңбек дауын уақытында әрі дұрыс бағалай алмағанын айтып, министрдің сөзін сынға алды.

Гүлжан Қарағұсова және зейнеткерлердің наразылығы Гүлжан Қарағұсова, 2001-2007 2009-2012 жылдардағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Фото: parlam.kz

Еңбек министрлігі тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен басшылардың бірі – Гүлжан Қарағұсова. Ол 2001 жылдан 2007 жылға дейін министр болды және 2003 жылғы зейнетақы реформасымен есте қалды.

Сол кезде бұрын қолданылған жүйеге салалық орташа жалақы деген жаңа талап енгізілді.

Нәтижесінде кейбір азаматтар күтпеген жағдайға тап болды. Мысалы, ұзақ жыл совхоз басқарған адамның зейнетақысы кей жағдайда авиация саласында төменгі қызмет атқарған адамның зейнетақысынан аз болып шықты. Өйткені авиациядағы орташа жалақы ауыл шаруашылығындағы орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары еді.

Бұл қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Тек Қарағанды облысының өзінде 165 мың жұмысшы Президент әкімшілігіне, Үкіметке және Парламентке үндеу жолдап, министрдің отставкасын талап етті.

Қарағұсова басқарған министрлік кейін жаңа Еңбек кодексін әзірледі. Алайда құжат қабылданғаннан кейін ондағы олқылықтарға байланысты бірнеше рет өзгертілді.

Министр қызметінен кеткен соң да Қарағұсова қоғам назарынан тыс қалған жоқ.

Мәжіліс депутаты болған кезінде оның қазақ тілінде сөйлеген сөздері жиі талқыға түсетін. "Бір бала жақсы, бір бала өкініш орай", "Өзіміздікі, өндірістікі", "Бұл менікі кінәлім емес" сияқты тіркестері халық арасында әзілге айналып, ұзақ уақыт бойы айтылып жүрді.

Министрлер жиі ауысатын министрлік

Алғаш рет Еңбек министрлігі 1991 жылғы наурызда Қазақ КСР Президентінің жарлығымен құрылды. Бірнеше рет атауы өзгертілді. 35 жыл ішінде 21 рет министр ауысты. Олар әртүрлі реформа жүргізді. Бірі зейнетақы жасын көтерді, бірі әлеуметтік төлемдер жүйесін өзгертті, бірі еңбек даулары кезінде жұмыс істеді. Алайда қоғам олардың кейбірінің жұмысына қарағанда бір ауыз сөзін көбірек есте сақтап қалды.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:377
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 24 Июня 2026 16:11
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Достижения наших спортсменов высоко возносят флаг Казахстана на международной арене К. Ж. Токаев

10 Ноября 2026 01:09see245

На процессе по делу Санжара Бокаева в шестой раз отказали в отводе судьи Аналитический интернет журнал Власть

10 Ноября 2026 01:08see151

Разница до 8 тысяч за тонну: где купить уголь в Астане и сколько он стоит

10 Ноября 2026 00:59see143

Шайдоров высказался после провала на Гран при

10 Ноября 2026 01:13see143

Франция нашла виновника взлома холодильников по всей Европе

10 Ноября 2026 01:16see140

Медалистка Олимпиады Александра Ле вошла в топ 7 на чемпионате мира

10 Ноября 2026 01:25see139

Правообладатели наследия Элвиса Пресли подали в суд на разработчиков музыкального ИИ

10 Ноября 2026 01:28see139

Пассажиры смогут проходить быстрее через турникет в метро Алматы

10 Ноября 2026 01:40see139

В Германии спорят о том, что делать с разрушенной горной резиденцией Гитлера Орлиное гнездо

10 Ноября 2026 01:39see138

Токаев высказался о роли искусственного интеллекта в изучении казахского языка

10 Ноября 2026 00:59see138

Интернет могут отключить на три месяца: что известно о слухах вокруг 17 ноября

10 Ноября 2026 01:09see136

Более 350 солдат приняли военную присягу в Кокшетау

10 Ноября 2026 01:11see135

Вся власть ответам!

10 Ноября 2026 01:04see135

Alex Lim поделился радостной новостью (ВИДЕО)

10 Ноября 2026 01:11see135

Виктор Орбан высказался о возможном задержании брата

10 Ноября 2026 01:27see135

Законы из 1990 х против реалий 2026 года: Казахстан готовит новый Гражданский кодекс

10 Ноября 2026 01:11see135

Почему казахстанские бизнесмены не готовы передавать активы детям?

10 Ноября 2026 01:18see135

Аида Балаева встретилась с Медведевым и Шойгу

10 Ноября 2026 01:41see132

Канье Уэст побил рекорд посещаемости рэп концертов в США

10 Ноября 2026 07:37see132

Бешбармак хочу : история 72 летней таксистки из Алматы растрогала Казнет

10 Ноября 2026 01:01see132
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня