Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Достижения наших спортсменов высоко возносят флаг Казахстана на международной арене К. Ж. Токаев

На процессе по делу Санжара Бокаева в шестой раз отказали в отводе судьи Аналитический интернет журнал Власть

Разница до 8 тысяч за тонну: где купить уголь в Астане и сколько он стоит

Шайдоров высказался после провала на Гран при

Франция нашла виновника взлома холодильников по всей Европе

Медалистка Олимпиады Александра Ле вошла в топ 7 на чемпионате мира

Правообладатели наследия Элвиса Пресли подали в суд на разработчиков музыкального ИИ

Пассажиры смогут проходить быстрее через турникет в метро Алматы

В Германии спорят о том, что делать с разрушенной горной резиденцией Гитлера Орлиное гнездо

Токаев высказался о роли искусственного интеллекта в изучении казахского языка

Интернет могут отключить на три месяца: что известно о слухах вокруг 17 ноября

Более 350 солдат приняли военную присягу в Кокшетау

Вся власть ответам!

Alex Lim поделился радостной новостью (ВИДЕО)

Виктор Орбан высказался о возможном задержании брата

Законы из 1990 х против реалий 2026 года: Казахстан готовит новый Гражданский кодекс

Почему казахстанские бизнесмены не готовы передавать активы детям?

Аида Балаева встретилась с Медведевым и Шойгу

Канье Уэст побил рекорд посещаемости рэп концертов в США

Бешбармак хочу : история 72 летней таксистки из Алматы растрогала Казнет

Қазалы 2025: Қазақ халқы биыл кімдермен мәңгіге қоштасты?

Қазалы 2025: Қазақ халқы биыл кімдермен мәңгіге қоштасты?

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

2025 жылы Қазақстан қоғамы ел дамуына елеулі үлес қосқан көптеген танымал тұлғадан айырылды. Informburo.kz порталы биыл өмірден озған белгілі азаматтарды еске алады.

Мұрат Сыдықұлы

Танымал күйші, сазгер, жыршы ақын Мұрат Сыдықұлы 6 қаңтар күні 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Мұрат Сыдықұлы – 1940 жылы Арал ауданы, Бөген ауылдық кеңесіне қарасты "Қарашалаң" елді мекенінде балықшы, өнерпаздар отбасында дүниеге келген.

Ол 1980 жылы өзінің отбасы мүшелерінен тұңғыш "Сыдықовтар жанұялық ансамблін" құрып аудан, облыс жұртшылығына концерттер беріп, өнер сүйер қауымның мақтанышына айналды. Халықтың, қазақ, орыс, батыс композиторларының және өзінің ән-күйлерін шебер орындайтын дәрежеге жетті.

Мұрат Сыдықұлы әндер, күй-толғаулар, өлең-жырлар жазумен 1958-1959 жылдардан бастап шұғылданған күйші, композитор, жыршы-ақын. Виртуоз орындаушы ретінде Республикалық, Бүкілодақтық, Халықаралық өнер байқауларының лауреаты.

Оның Қазақстан композиторлар Одағынан жоғары бағаланған "Қайдасың сен", "Балықшы қыз", "Сыр гүлі", "Сырдария", "Шаттанамын", "Шалқи бер, дала", "Аққуым менің", "Майдангерлер мәңгі жасайды", "Туған жер" т.б. әндері мен "Арал толқыны", "Біздің Ғани", "Әке арманы", "Қайран ағалар", "Балдыз", "Өмір толғауы", "Тойға шашу", "Балтабай", "Мұраттың төкпесі", "Қос тұйғын" тағы басқа күйлері халқымыздың рухани байлығына қосылған асыл қазыналар. Көптеген туындыларын ауылдың әнші, күйші, жыршыларынан бастап еліміздің атақты өнер шеберлері орындап, облыстық, республикалық радио, телевидениенің "Алтын қорына" жазылған.

Мұхтар Мағауин

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Жазушы 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-71 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-84 жылдары еркін шығармашылық жұмыста, 1984-86 жыладыр "Жазушы" баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыста, 1988-2006 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды.

Мекемтас Мырзахметұлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ашаршылық жылдардың куәгері Мекемтас Мырзахметұлы 11 қаңтарда 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Мекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы 9 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майтөбе ауылында туған. 

Профессор Абай мұрасын терең зерттеп, ақын шығармаларындағы философиялық ойларды Жүсіп Баласағұн мен Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымымен сабақтастыра талдады. "Абай" энциклопедиясын құрастыруға қатысып, Мұхтар Әуезовтің 20 томдық және 50 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығаруға елеулі үлес қосты.

Мекемтас Мырзахметұлы – 1930 жылдардағы қазақ даласында болған ашаршылықтың тікелей куәгері болған адам. Әкесі Мырзахмет 1933 жылы дүниеден өткен. Ашаршылық жылдары анасы сегіз айлық қызы мен төрт жарым жастағы Мекемтасты алып, көрші ауылға қарай жолға шығады. Жолда аш қасқырларға тап болады. Сонда анасы қызын қасқырларға қалдырып, ұлын аман алып қалуға мәжбүр болған.

Камал Ормантаев

Қазақстандық белгілі педиатр дәрігер, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері , академик Камал Ормантаев 12 ақпан күні қайтыс болды. 

Камал Ормантаев 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.

Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ол 20 мыңға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалған. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.

Дулат Исабеков

Жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков 21 ақпан күні 83 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Жазушы 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданына қарасты "Ленин жолы" ауылында дүниеге келген. 1963 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сол жылы жазушының "Жолда" атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жазушыларының "Замандастар" жинағына енсе, "Шойынқұлақ" әңгімесі "Лениншіл жас" газетінде жарияланып, оқырман қауымға кеңінен танылды.

Жазушының "Гауһар тас", "Дермене", "Пері мен періште", "Тіршілік", "Өкпек жолаушы", "Біз соғысты көрген жоқпыз", "Қарғын", "Ақырамаштан наурызға дейін", "Ескерткіш", "Социализм зәулімі", "Конфронтация", "Талахан-186", "Бонапарттың үйленуі", "Ай-Петри ақиқаты", "Кемпірлер", "Шалдар", "Тыныштық күзетшісі" секілді шығармалары әр жылдары жарық көрді. Повестері мен әңгімелері неміс, чех, венгр, болгар, қытай, түрік, өзбек және ағылшын тілдеріне аударылып, шетел оқырмандарына да кеңінен танылды.

Дулат Исабеков шығармаларының негізінде "Гауһар тас" (1975), "Дермене" (1994), "Тауқымет" ("Тіршілік" повесі бойынша, 1998), "Лоторея" ("Ержеткенше" повесі бойынша, 2013), "Балуан Шолақ" ("Жаужүрек" пьесасы бойынша, 2019) көркем фильмдері түсірілді. Сондай-ақ "Әпке" пьесасының желісімен телесериал жарық көрді. Дулат Исабеков – қазақ сахнасы тарихында өзіндік орны бар 26-ға жуық пьесаның авторы.

Болат Бопайұлы

Жазушы әрі этнограф Болат Бопайұлы 19 наурызда 65 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. "Шыңжаң жастар-өрендер баспасында" редакторлық қызмет атқарған.

"Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Қазақ ырымдары" атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Этнографтың соңында "Қазақ мінезі", "Қазақ кәдесі", "Қазақы түс жору", "Бастаудан бақиға дейін",  "Қазақтың гүл мәдениеті",  "Қазақ наурызнамасы",  "Қазақ аспан есебі" сияқты оннан астам кітабы қалды. 

Әкім Тарази

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы, драматург Әкім Тарази 22 сәуір күні 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті. 

Әкім Уртайұлы Әшімов (Әкім Тарази – әдеби бүркеншік есімі) 1933 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына арнады. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, алғашқы туындыларын "Ара" журналында жариялаған. 

Әдебиеттегі алғашқы қадамы – 1966 жылы жарық көрген "Құйрықты жұлдыз" повесі. Кейінірек ол "Қара жұлдызға жол", "Қасірет", "Москва — Баласағыз" романдарын, "Күлкісіз комедия", "Жақсы адам", "Жолы болғыш Бүкен" пьесаларын жазды. Сонымен қатар "Іздер көкжиекке кетеді", "Қараш асуындағы атыс", "Ләйләнің тілегі" фильмдерінің сценарий авторы атанды.

Сейіт Қасқабасов

ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, академик, ғалым, Сейіт Қасқабасов 28 сәуірде 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Сейіт Қасқабасов 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған.  ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған.

Танымал еңбектерінің қатарында "Казахская волшебная сказка" (1972), "Қазақтың халық прозасы" (1984), "Родники искусства" (1986), "Колыбель искусства" (1990), "Казахская несказочная проза" (1992),"Абай және фольклор" (1995), "Золотая жила" (2000), "Жаназық" (2002), "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары" (2003), "XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті" (2005), "О фольклоре и не только" (2005) "Елзерде" (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.

Темірхан Медетбек

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Темірхан Медетбек 10 мамыр күні 81 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

Темірхан Медетбек 1945 жылғы наурызда Түркістан облысы Түркістан ауданына қарасты Аманкелді атындағы колхозда дүниеге келген. Бала кезінен поэзияға құштар болып өскен ол Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, шығармашылық жолын ерте бастады.

Ақынның "Жанымның жапырақтары", "Сапар алдында", "Алыс шақырымдар", "Мәртебе", "Әуедегі толқындар", "Дауыс", "Көгершін қауырсындары", "Аңқа кептірген аңызақ", "Сырым бар саған айтатын", "Тағдырлы жылдар жырлары", "Көк түріктер сарыны" атты жыр жинақтары оқырман арасында кеңінен танылды. Сонымен қатар "Менің Абайым", "Баба дәстүрдің мұрагері кім?", "Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл" атты публицистикалық кітаптары әдеби қауымның назарын аударды.

Темірхан Медетбек танымал ақын-жазушылардың шығармасын қазақ тілінде сөйлетіп, аударма саласында да елеулі еңбек сіңірді. Ақынның өз өлеңдері де қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар тілдеріне аударылған.

Мақсот Ізімұлы

Танымал журналист, публицист Мақсот Ізімұлы 9 маусым күні 65 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Мақсот Ізімұлы 1960 жылы 27 маусымда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат (қазіргі Х.Досмұхамбетов) ауылында дүниеге келген. 1983 жылы ҚазМУ журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын аудандық "Қазсельхозтехника" бірлестігінде автомобиль жөндеуші ретінде бастаған. Кейін облыстық "Орал өңірі" газетінде, "Зерде" журналының фантастика және публицистика бөлімінде, "Ана тілі", "Заң", "Түркістан", "Аруана" газеттерінде, "Жалын" журналында, "Қазақ энциклопедиясының" бас редакциясында, сондай-ақ "Арыс" баспасында бас редактор қызметтерін атқарған.

Мақсот Ізімұлының прозалық шығармалары 1998 жылы жарық көрген "Аяқталмайтын әңгіме" және 2003 жылғы "Бедеріндей кесте" жинақтарын қамтиды. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша шыққан "Нарық нақыштары" антологиясына әңгімесі енген.

Исраил Сапарбай

Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер, Исраил Сапарбай 18 шілдеде 85 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Исраил Сапарбай 1941 жылы 15 мамырда Өзбек КСР-нің Самарқанд облысы Кушрабад ауданында дүниеге келген. Шымкент педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін тәмамдаған.

Алғашқы өлеңдері 1975 жылы "Көктем тынысы" ұжымдық жинағында жарық көріп, республикалық "Жалын" бәйгесінің жүлдегері болды.

Ақын 70-ке тарта әннің және 150-ге жуық ән мәтінінің авторы. Оның "Ауылдан келген ару", "Әмір-Темір", "Абай-Тоғжан", "Сыған серенадасы", "Махаббат мейрамы" пьесасы театр сахнасында қойылып келеді.

Жазушының шығармаларының қатарында "Аққу арман", "Раушан ғұмыр", "Бозқараған", "Қызыл-жасыл дүние", "Жүрегіме ұя салған қарлығаш", "Қызыл жел", "Ғашықтың тілі", "Бармақтай бақ", "Махаббат пен Ғадауат" сияқты өлеңдер мен жинақтар бар.

Талғат Мұсабаев

Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаев 4 тамыз күні 74 жасында өмірден өтті.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Фабричное ауылында дүниеге келген.

Ол – ғарышқа ұшқан екінші қазақ. Аңыз тұлға  үш мәрте ғарышты бағындырған. Бірінші рет 1994 жылы ұшқанда ғарышта 126 күн өткізген. Екінші рет 1998 жылы ұшып, 208 күн сапарда болған. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылған. 2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда ғарышта 8 күн болған.

Мұрат Тастағанов

Қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Тастағанов 17 қазан күні дүниеден өтті.

Мұрат Мырқанұлы 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарықамыс қыстағында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын "Коммунизм туы" газетінде бастаған. Кейін өңірлік баспасөзде ұзақ жылдар қызмет атқарып, қазақ журналистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

"Мәңгі жас ғұмыр", "Марқакөлім – мөп-мөлдірім, мерейім", "Алтын тау – Алтай" жыр жинақтарының авторы, 60-тан астам әннің сөзін жазған. Ол Күршім ауданының Құрметті азаматы атанып, туған өлкесінің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосты.

"Қазақ тілі" қоғамының Өскемен қалалық ұйымын басқарып, сөздің киесін, тілдің қадірін ұлықтады. Кейін облыстық теле-радиокомпанияда, Семейдегі "Ертіс өңірі" газетінде және Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда қызмет етіп, мәдениет пен өнердің дамуына елеулі еңбек сіңірді.

Мақсат Тәж-Мұрат

Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұрат 30 қазан күні 67 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Мақсат Тәж-Мұрат 1959 жылы қарашада Атырау облысына қарасты Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген. 1978-1983 жылдар аралығында ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1983-1990 жылдар аралығында "Білім және еңбек" журналында әдеби қызметкер, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, "Горизонт"-"Өркен" газетінде редактордың орынбасары, "Жалын" журналының жауапты секретары, Қазақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық ақпарат құралдары секторының меңгерушісі болып істеді.

1990-1999 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде аспирант, аға оқытушы, доцент болды. 2006-2007 жылдары "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, 2007-2009 жылдары "Ана тілі" газетінің бас редакторы. 2009 жылы Астана қаласына ауысып, 2013 жылға дейін "Астана" журналының бас редакторы болып істеді.

Мақсат Тәж-Мұрат – "Шәңгерей: жасампаздық өмірі", "Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі", "Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы", "Кәбиса жыл: зерттеу, эссе, әдеби толғамдар", "Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы", "Димаш. Когда жаждут крика" кітаптарының және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған жүзге тарта мақаланың авторы.

Ғалым Доскен

Танымал филолог, әдебиет сыншысы, "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы болған Ғалым Доскен 11 қараша күні 65 жасында дүние салды. 

Ғалым Доскен 1960 жылы 19 шілдеде дүниеге келген, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының түлегі.

2001-2002 жылдары "Қазақстанның республикалық телевидение және радио корпорациясы" ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2002-2006 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы болды. Ал 2007 жылдан бастап "Ел" продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды.

Ол "Сәулені күту", "Ұлы дала астаналары", "Маңғыстау қабірлерінің түсі", "Жоғалған жарық хроникасы" сынды деректі фильмдердің авторы. Сонымен қатар, "Тоғыз құйрықты ақ түлкі", "Сиқырлы флейта", "Билейтін құс" кітаптарын жазып, "Жезтырнақ" балетінің либреттосын жазған.

Күләш Ахметова

Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Күләш Ахметова 14 қараша күні 80 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Ақын 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыз Республикасының Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тәмамдаған. Еңбек жолын Үшарал медицина пунктінің меңгерушісі ретінде бастап, кейін журналистика саласына ауысты. 

Күләш Ахметова қазақ поэзиясына терең мазмұнды, лирикалық әрі азаматтық бағыттағы көптеген жырлар қалдырды. Ол "Сен менің бақытымсың" туындысы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын, "Құт" жинағы үшін Мемлекеттік сыйлықты, "Болашақ" поэмасы үшін халықаралық К. Симонов сыйлығын алды. Сонымен қатар "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталып, Жамбыл облысының Құрметті азаматы атанды.

Жабайхан Әбділдин

Ғалым Жабайхан Әбділдин 3 желтоқсан күні 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Жабайхан Әбділдин 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1954 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген. Ол – философия ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салған ғалым.

Профессордың ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Оның ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды. Ғылымға қосқан зор үлесі үшін "Барыс" және "Парасат" ордендері секілді жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Асанәлі Әшімов

Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, кино және театр актері, режиссер, профессор, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында дүниеден өтті.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында М. Әуезовтің "Абайында" Керім, "Еңлік-Кебегінде" Кебек, "Қара қыпшақ Қобыландысында" Айшуақ, Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында" Қодар, Ш.Айтматовтың "Көктөбедегі кездесуінде" Иосиф Татаевич, Шекспирдің "Юлий Цезарінде" Юлий Цезарь, М. Фриштің "Дон Жуанның думанында" Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен терінде" Еламан сияқты образдарды сомдап, қазақ театрының көрнекті актері ретінде танылды. Қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы – Г. Гауптманның "Ымырттағы махаббат" драмасындағы доктор Клаузен болды.

Актердің "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Сарқырама", "Трансібір экспресі", "Нан дәмі", "Алатаудың ай мүйізі", "Жаушы", "Бұлғар даласынан ескен жылы жел" сынды фильмдердегі рөлі көрермен көзайымына айналған.

Сонымен қатар Асанәлі Әшімовтың режиссерлігімен Н. Гогольдің "Ревизор", Ғ. Мүсіреповтің "Амангелді", И. Оразбаевтің "Мен ішпеген у бар ма?!", С. Ванустың "Сұлтан болсам егер мен", Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" туындылары сахналанды. "Жылан жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" сияқты фильмдержарыққа шықты.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:275
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 24 Декабря 2025 10:44
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Достижения наших спортсменов высоко возносят флаг Казахстана на международной арене К. Ж. Токаев

10 Ноября 2026 01:09see245

На процессе по делу Санжара Бокаева в шестой раз отказали в отводе судьи Аналитический интернет журнал Власть

10 Ноября 2026 01:08see151

Разница до 8 тысяч за тонну: где купить уголь в Астане и сколько он стоит

10 Ноября 2026 00:59see143

Шайдоров высказался после провала на Гран при

10 Ноября 2026 01:13see143

Франция нашла виновника взлома холодильников по всей Европе

10 Ноября 2026 01:16see140

Медалистка Олимпиады Александра Ле вошла в топ 7 на чемпионате мира

10 Ноября 2026 01:25see139

Правообладатели наследия Элвиса Пресли подали в суд на разработчиков музыкального ИИ

10 Ноября 2026 01:28see139

Пассажиры смогут проходить быстрее через турникет в метро Алматы

10 Ноября 2026 01:40see139

В Германии спорят о том, что делать с разрушенной горной резиденцией Гитлера Орлиное гнездо

10 Ноября 2026 01:39see138

Токаев высказался о роли искусственного интеллекта в изучении казахского языка

10 Ноября 2026 00:59see138

Интернет могут отключить на три месяца: что известно о слухах вокруг 17 ноября

10 Ноября 2026 01:09see136

Более 350 солдат приняли военную присягу в Кокшетау

10 Ноября 2026 01:11see135

Вся власть ответам!

10 Ноября 2026 01:04see135

Alex Lim поделился радостной новостью (ВИДЕО)

10 Ноября 2026 01:11see135

Виктор Орбан высказался о возможном задержании брата

10 Ноября 2026 01:27see135

Законы из 1990 х против реалий 2026 года: Казахстан готовит новый Гражданский кодекс

10 Ноября 2026 01:11see135

Почему казахстанские бизнесмены не готовы передавать активы детям?

10 Ноября 2026 01:18see135

Аида Балаева встретилась с Медведевым и Шойгу

10 Ноября 2026 01:41see132

Канье Уэст побил рекорд посещаемости рэп концертов в США

10 Ноября 2026 07:37see132

Бешбармак хочу : история 72 летней таксистки из Алматы растрогала Казнет

10 Ноября 2026 01:01see132
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня