Қазақстанда қай пән мұғалімдері жасанды интеллектіні жиі қолданады
Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
"Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, еңбек өтілі көп мұғалімдер ЖИ-ге жас әріптестеріне қарағанда азырақ сүйенеді. Сондай-ақ мектепте бұл құралдарды ең жиі пайдаланатындар – информатика мен жаратылыстану бағытының мұғалімдері, ал дене шынықтыру және көркем еңбек пәнінің педагогтері оны сирек қолданады.
Информатика пәнінің мұғалімдері ЖИ-ді ең көп қолданады. Сонымен қатар физика, химия және биология мұғалімдері де ЖИ-ді жиі пайдаланады.
Нақты көрсеткіштер:
Информатика мұғалімдері: 29,5 пайызы ЖИ-ді әрдайым, ал тағы 39,5 пайызы жиі қолданады; Биология мұғалімдері: Бұл көрсеткіштер тиісінше 25,5% (үнемі) және 40,5 пайызды (жиі) құрайды; Физика мұғалімдері: 25,3 пайызы үнемі және 35,4 пайызы жиі пайдаланады; Химия мұғалімдері: 21,3 пайызы үнемі және 39,3 пайызы жиі қолданады.Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар жасанды интеллектіні ұстазынан қорыққаннан қолданбайды – зерттеу
Тіл пәндері мұғалімдері арасында да нәтиже әртүрлі:
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ЖИ-ді сәл сирек пайдаланады; Қазақ тілі және шетел тілдері мұғалімдері арасында маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.Ең төменгі көрсеткіштер
Ең төменгі жиілік: Дене шынықтыру және көркем еңбек мұғалімдері ЖИ-ді бәрінен де сирек қолданады. Дене шынықтыру мұғалімдерінің тек 10,7 пайызы оны үнемі және 10,9 пайызы жиі пайдаланатыны белгілі болды;
Другие новости на эту тему:
Просмотров:104
Эта новость заархивирована с источника 05 Ноября 2026 14:44 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















