Жасанды интеллектіні мұғалімдер мектеп басшысына қарағанда жақсырақ қолданады зерттеу қорытындысы
По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Қазақстанда мектеп қабырғасында жасанды интеллект технологияларын пайдалану және одан хабардар болу деңгейі бойынша елеулі өңірлік алшақтық сақталып отыр. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа технологиялар туралы біліктілік негізінен еліміздің солтүстік пен орталық аймақтарында жоғары. Бұл туралы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы хабарлады.
Орталық мәліметінше, Қостанай облысында сауалнамаға қатысқандардың 88 пайызы ЖИ туралы біледі. Бұл көрсеткіш Жетісу облысында 87 пайызды, Қарағанды облысында 84,8 пайызды және Солтүстік Қазақстан облысында 84,6 пайызды құрады. Ал еліміздің оңтүстігі мен батысында керісінше төмен көрсеткіш тіркелген. Мәселен, Маңғыстау облысында респонденттердің 67 пайызы, Түркістан облысында 69,4 пайызы, Шымкент қаласында 71,4 пайызы, ал Атырау облысында 71,5 пайызы ғана жасанды интеллект туралы хабардар. Тұтастай алғанда, сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші азамат, яғни 20,4 пайызы ЖИ туралы мүлде естімеген.
Педагогтер мектеп басшыларына қарағанда сауаттырақЗерттеу барысында ересек респонденттердің жауаптары да сарапталды. Нәтижесінде мектеп директорларымен салыстырғанда қатардағы мұғалімдердің жасанды интеллект туралы хабардарлығы едәуір жоғары екені белгілі болды.
Кесте ЖИ көмегімен жасалды
Мектеп басшылары арасында бұл көрсеткіш Павлодар облысындағы 66,7 пайыздан Қарағанды облысындағы 96,9 пайызға дейінгі аралықта құбылады. Ал педагогтер арасында білім деңгейі әлдеқайда біркелкі: ЖИ мүмкіндіктерімен таныс мұғалімдер үлесі 81,4 пайыздан 97,2 пайызға дейін барады. Мұндағы ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында тіркелсе (97,2 пайыз), ең төмені Қызылорда облысына тиесілі (81,4 пайыз).
Оқи отырыңыз: ҚМДБ марқұмдардың бейнесін ЖИ арқылы "тірілтуге" қатысты мәлімдеме жасады
Оқушылар арасындағы алшақтық 25 пайызға жеттіМектеп ұжымына жүргізілген талдау нәтижесі оқушылар арасында да қайталанады. Оқушылардың ЖИ туралы хабардарлығы бойынша да солтүстік, орталық және шығыс өңірлер алда келеді. Мәселен, Қостанай облысындағы мектеп оқушыларының 86,8 пайызы, ал Жетісу облысында 86,6 пайызы бұл технологияларды жақсы біледі.
Оңтүстік пен батыс аймақтарда оқушылар көрсеткіші едәуір төмен. Маңғыстау облысында білім алушылардың 61,9 пайызы, Түркістан облысында 64,6 пайызы ғана ЖИ туралы хабардар. Осылайша, еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейіндегі алшақтық 25 пайызға дейін жетіп отыр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:74
Эта новость заархивирована с источника 03 Ноября 2026 16:54 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















