"Ұлытау" табиғи паркінде таңбалы тастар қирап, белгі тастар жоғалған
Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Биылғы 15 тамызда "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері таңбалы тастардың екеуінің қирағанын және бес белгі тастың жоқтығын анықтады. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын бастаған. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Қазір Ұлытау облысында тарихи және табиғи маңызы бар жерлерді мемлекет қамқорлығына алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айталық, "Жошы хан" және "Алашахан" кесенелері қазірдің өзінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, олар сондай-ақ "Ұлытау" ұлттық қорық-музейінің құрамына кіреді.
"Ақжар таулары мен "Кейкі батыр" үңгірі бойынша уәкілетті органдар осы объектілерді ұлттық маңызы бар табиғи ескерткіштер тізбесіне енгізу және оларды "Ұлытау" ұлттық табиғи паркінің құрамына енгізу жөнінде бірлескен жұмыс ұйымдастыратын болады", – деді премьер-министр Олжас Бектенов.


