Қырғызстан мемлекеттік наградалар санын 2 есе азайтуды жоспарлап отыр
Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Қырғызстан парламентінің депутаттары бүгін Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мемлекеттік сыйлықтары туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады 24.kg.
Бұл заң жобасы елдегі мемлекеттік наградалар, құрмет грамоталары мен құрметті атақтардың жалпы санын 46-дан 20-ға дейін қысқартуды көздейді.
Әділет министрінің орынбасары Кубан Казаковтың мәліметінше, "Баатыр Эне" ("Батыр Ана") ордені мен "Эне Данкы" ("Ана Даңқы") медалін есептемегенде, соңғы 15 жылда республикада 1034 мемлекеттік награда, 2837 құрмет грамотасы тапсырылған және 2215 құрметті атақ берілген.
Бұл көрсеткіштердің тым көп екенін айта келе, Кубан Казаков мұндай жағдай мемлекеттік наградалардың құндылығының төмендейтінін атап өтті.
Еске салайық, Қазақстанда да соңғы уақытта мемлекеттік наградалардың тым жиі беріліп кеткені туралы сын айтылады. Бұл сынға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин:
"Пікір туындайтын себебі – соңғы жылдары, әсіресе, биыл біз кәсіби мерекелерді жоғары деңгейде атап өтуді дәстүрге енгіздік. Биылдан бастап, өнер қайраткерлерінің, журналистердің, одан кейін кеншілер, мұнайшылар, ұстаздардың кәсіби мерекелерінде ең үздік мамандарды президент Ақордада қабылдап, өз қолымен оларға мемлекеттік наградалар тапсырған болатын. Бұл жердегі мақсат – президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жүргендей, "еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, соларға лайықты құрмет көрсету", – деп жауап берген болатын.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:97
Эта новость заархивирована с источника 13 Января 2026 15:35 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















