Қырғызстан "қартайып" барады. Елде демографиялық қартаю процесі жеделдеген
Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Қырғызстанда алдағы он жылдықта демографиялық қартаю процесі жеделдейді, деп хабарлады 24.kg.
Елдегі демографиялық жағдайға жасалған зерттеу қорытындысына сәйкес 2030 жылға қарай Қырғызстанда 65 жастан асқан азаматтардың үлесі 7 пайызға жететін болса, 2050 жылға қарай 19 пайызға жуықтайды. Мұндай көрсеткіш еуропалық елдердің көршілігіне тән.
"Қырғызстанда демографиялық қартаю процесі басталды. Бұл мәселе жүйелі және ведомствоаралық шешімдерді қажет етеді. Қолдау мен көмекке мұқтаж 75 жастан асқан адамдардың өсімі ел үшін жаңа міндеттер жүктейді", – делінген зерттеу қорытындысында.
Сарапшылардың пікірінше, жылдам демографиялық өзгерістер, кедейлік деңгейінің өсімі, арнайы қызметтер дамуының жеткіліксіздігі Қырғызстанда белсенді ұзақ өмір сүру мәселелеріне қатысты қауіптер тудырғанымен, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктер ашады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:56
Эта новость заархивирована с источника 31 Октября 2025 12:17 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















