Ресейде Екатерина Биволға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалды
Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Ресейде Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тіркеді. Ол Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының бірыңғай баспасөз қызметі хабарлады.
Қаулыға сәйкес, 2025 жылғы 5 қарашада Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша РФ ІІМ Бас басқармасына қарасты "Э" орталығы бөлімінің лауазымды тұлғалары интернет желісіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде Telegram мессенджеріндегі арналардың бірінде бейнематериалдың жарияланғанын анықтаған.
Аталған бейнежазбада тексеру барысында Екатерина Биволдың бірқатар заңға қайшы сөздер айтқаны анықталған. Лингвистикалық зерттеу қорытындысына сәйкес, оның айтқан сөздерінде ұлттық, тілдік және шығу тегі белгілері бойынша біріктірілген адамдар тобына, атап айтқанда, қырғыздар мен қазақтарға қатысты теріс баға берілген.
Мамандардың мәліметінше, бұл теріс баға қорлау және бейәдеп сөздер арқылы білдірілген. Сонымен қатар бейнежазбада бір адамдар тобының екінші бір топтан табиғи (генетикалық) белгісі бойынша артық екені туралы пікірлер айтылған. Аталған ақпараттық материал интернетте 2025 жылғы 22 қазанда сағат 11:03-те жарияланған. Аталған іс бойынша сот отырысы 2026 жылғы 29 қаңтарға белгіленді.
Еске салайық, қазақтар мен қырғыздарға қатысты ауыр сөздер айтқан Екатерина Биволға Қазақстан мен Қырғызстанда іздеу жарияланған. Бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Екатерина Биволды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:38
Эта новость заархивирована с источника 25 Декабря 2025 11:22 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















