Әншіні шайтанның азаншысына балаған уағызшыға қылмыстық іс қозғалды
По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында өткен тойда уағыз айтып, әнді харам деп, ал әншіні шайтанның азаншысына теңеген адамға қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады", – делінген ресми хабарламада.
Ішкі істер министрлігі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейтінін еске салып, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін әнші Роза Әлқожа тойда тілек айтуға шыққан қонақтың әншілерді "шайтанның азаншысы" деп атағанын айтып, сынға алған болатын.
Кейін Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин қоғамдағы мәдениет пен дінді бір-біріне қарсы қоюды және әсіредіншілдікті сынға алды.
Бұдан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да мәлімдеме жасап, уағызшының әрекетін айыптады.
"Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттама беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:91
Эта новость заархивирована с источника 05 Августа 2026 08:42 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















