Жетісуда 11 жылқыны айдап алып кеткен қылмыстық топ ұсталды
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтап, тоғыз жылқыны аман қайтарып, ірі материалдық шығынның алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Ескелді ауданында болған. Түнгі уақытта белгісіз адамдар Беғаш ауылының шетіндегі жайылымға жасырын кіріп, 11 жылқыны айдап әкеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал шамамен бес миллион теңге болып бағаланған.
Шұғыл жұмылдырылған облыстық криминалдық полиция басқармасы мен Ескелді аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел тобы өңір аумағында кешенді операция жүргізді. Тінту барысында күдіктілердің ізі анықталып, ұрланған малды сойып жатқан бір шаруа қожалығының аумағынан үш ер адам қолға түсірілді. Ұсталғандардың барлығы – Жетісу облысының тұрғындары.
Оқи отырыңыз: Алматыда автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соқтығысып, бір жолаушы зардап шекті
Арнайы операция нәтижесінде полицейлер ұрланған 11 жылқының тоғызын тірідей тауып, қайтарып берді. Ал екі жылқыны күдіктілер сойып үлгергені анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сонымен қатар олардың аймақтағы басқа да мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы тексерілуде.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:86
Эта новость заархивирована с источника 11 Декабря 2025 16:38 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















