Таиланд елге құрметпен қарамаған шетелдік туристерді бюджет есебінен билет әперіп қайтарады
По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Таиланд корольдігінің үкіметі елдің заңдары мен қоғамдық мәдениетіне құрметсіздік танытып, тәртіп бұзатын шетелдік туристерді жедел еліне қайтаруды жоспарлап отыр. Көші-қон заңнамасына осы нормаларды көздейтін өзгерістер әзірленіп, талқыланып жатыр.
Бұл бастамаға Таиландтың премьер-министрі Анутхин Чанвиракун да қолдау көрсетті.
Жаңа тәртіпке сәйкес, ең алдымен Таиланд аумағына заңсыз кірген немесе визасының мерзімі аяқталғанына қарамастан, елден кетпеген шетелдіктерге жедел депортация шарасы қолданылады. Таиландта рұқсатсыз жұмыс істеп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан шетел азаматтары да осы санатқа енгізіледі. Сондай-ақ, Таиландтың қоғамдық әдеп нормаларына, ұлттық мәдениетіне және тарихи-мәдени мұра нысандарына құрметсіздік танытқан шетелдіктер де тез арада ел аумағынан шығарылады.
Үкімет өкілдерінің айтуынша, Таиланд билігі қажет болған жағдайда еліне қайтарылатын шетелдіктер үшін бюджет есебінен билеп алып беруге де дайын. Өйткені, шетел азаматын арнайы мекемеде ұстау шығыны оған ұшақ билетін алып беруден әлдеқайда қымбатқа түседі.
Еске салайық, Таиланд шетелдік туристер үшін визасыз режимді 30 күнге қысқартты. Мұны ел билігі Таиландқа кеп, заңсыз жұмыс істеп, тәртіп бұзатын шетелдіктердің санының өскенімен байланыстырды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:53
Эта новость заархивирована с источника 05 Августа 2026 12:47 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















