Трамп Иранмен іскерлік байланысы бар елдерге 25 пайыз баж салығы салынатынын хабарлады
По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде Иранға қатысты шұғыл мәлімдеме жазды.
"Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез келген мемлекет Америка Құрама Штаттарымен жасалатын барлық бизнеске 25% салық төлейді. Бұл бұйрық бұлжытпай орындалады және өзгертілмейді. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет", – деп жазды АҚШ президенті.
Сондай-ақ, құрама штаттардың билігі Ирандағы өз азаматтарын елден жедел кетуге шақырды.
Еске салайық, бүгінде Иранда ел үкіметіне қарсы өте ірі жаппай наразылық толқулары болып жатыр. Толқу желтоқсанның соңынан бері жалғасып келеді және көптеген адам шығын бар. 12 қаңтар елде шерулер кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды.
Толқуларға елдегі бағаның күрт өсуі түрткі болған.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:58
Эта новость заархивирована с источника 13 Января 2026 09:37 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















