Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық базасында протондық терапия бөлімі ашылады
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық базасында онкопатологиямен ауыратын пациенттерді емдеуге бағытталған протондық терапия бөлімі ашылады. Ол Орталық Азиядағы жалғыз профильді орталық болмақ. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарының Қазақстанда медициналық туризмді дамытуға қатысты сауалына берген жауабында айтылған.
"Елімізде медициналық туризм жылдан жылға дамып келеді, мысалы 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде республикалық медициналық мекемелерде 1500-ге жуық шетелдік азамат ем алған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1468 шетелдік азамат емдік көмек алды", – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі таңда медициналық технологияларды бағалау жүйесі енгізіліп, озық тиімді емдеу және диагностика әдістерін қолдану тәсілдеріне баса назар аударылып отыр.
Қазақстанда емделуге цифрлық виза алу ("E-Visa") 48 елдің азаматтарына қолжетімді.
"Қазіргі уақытта медициналық туризм аясында медициналық қызмет көрсету саясатын және тәртібін айқындайтын нормалар қарастырылған "Денсаулық сақтау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр", – деп түйіндеді Олжас Бектенов.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:62
Эта новость заархивирована с источника 30 Октября 2025 17:34 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















