Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

1,4 миллион теңгеге дейін: ​Қазақстанда ең жоғары жалақы кімге ұсынылады

1,4 миллион теңгеге дейін: ​Қазақстанда ең жоғары жалақы кімге ұсынылады

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанның еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңесіп келеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

2026 жылдың наурызында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,6 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме орналастырды.

2026 жылдың басынан бері платформада 304,3 мың бос жұмыс орны және 394,4 мың түйіндеме жарияланған.

Ақпан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға артты, ал түйіндемелер саны 14,3%-ға қысқарды. Нәтижесінде еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық едәуір қысқарды: қаңтар айында түйіндемелер саны бос жұмыс орындарынан шамамен 60 мыңға артық болса, ақпанда бұл көрсеткіш 26 мыңға дейін төмендеді, ал наурыз қорытындысы бойынша айырмашылық шамамен 4,5 мың түйіндемені құрады.

Салалық құрылым бойынша сұраныста білім беру саласы (22,6 мың бос жұмыс орны) және өзге де қызметтер көрсету бағыты (21,2 мың бос жұмыс орны) көш бастап тұр. Сонымен қатар денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (8,7 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (7,9 мың бос жұмыс орны) сұраныс жоғары деңгейде сақталуда.

Өңірлік бөлініс бойынша бос жұмыс орындарының көбі Түркістан (7,7 мың), Қарағанды облыстарында (7,6 мың), Астана қаласында (7,2 мың), Павлодар (7,2 мың) және Атырау облыстарында (6,5 мың) тіркелді.

Біліктілік деңгейі тұрғысынан сұраныс құрылымында орта деңгейдегі білікті мамандарға деген қажеттілік басым – олардың үлесі барлық бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ын құрайды. Біліктілігі төмен позицияларға сұраныс 31% болса, жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 29% деңгейінде қалыптасты.

Жұмыс іздеушілердің ішінде 35 жасқа дейінгі үміткерлер үлесі басым – 42%. 35-44 жас аралығындағы азаматтар 26%-ды, 45-54 жас аралығындағылар 20%-ды, ал 55 жастан асқандар 12%-ды құрайды. Гендерлік бөліністе: 54% – әйелдер, 46% – ерлер.

Жұмыс күші ұсынысының біліктілік құрылымы жалпы алғанда сұранысқа сәйкес келеді: түйіндемелердің 42%-ы орта білікті мамандарға, 30,5%-ы жоғары білікті мамандарға және 27,5%-ы төмен білікті үміткерлерге тиесілі.

Наурыз айында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында заң жұмысы жөніндегі бөлім басшысының орынбасары (≈1,4 млн теңге), бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы (≈1,38 млн теңге) және өндіруші өнеркәсіптегі өндіріс басшысы (≈1,14 млн теңге) бар.

Ал жұмыс іздеушілер арасында HR бизнес-серіктесі (≈4,2 млн теңге), каротажшы (≈3,0 млн теңге) және өнеркәсіп саласындағы зертхана басшысы (≈2,5 млн теңге) лауазымдарынан жоғары жалақы күтетіні байқалды.

Бүгін, 10:58

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 13:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see147

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see144

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see143

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see142

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see136

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see136

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see134

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see132

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see131

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see128

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see128

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see127

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see123

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see122

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары