1,5 мың салымшы тартқан: CVK қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "CVK" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Қазіргі уақытта агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық "дүкен" пакеттерін сатып алу ұсынылған.
"Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген. Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған: қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген", - деп жазылған хабарламада.
Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан. Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімдері және жаппай таныстырылымдар өткізілген.
Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру құралы ретінде пайдаланылған. Ақша қаражатын шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейін банктік шоттарға аударылған.
Агенттіктің жедел шаралары нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Маусым 2026 11:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















