Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

17 жастағы жігіттер мен кейбір әйелдер: Қазақстанда автоматты әскери есеп жұмыс істей бастады

17 жастағы жігіттер мен кейбір әйелдер: Қазақстанда автоматты әскери есеп жұмыс істей бастады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстанда әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары жаңартылды. Енді мерзімді қызметтен өтпеген немесе әскери дайындықтан өтпеген азаматтарға бейбіт уақытта қағаз түріндегі әскери билеттер берілмейді. Олар туралы негізгі мәліметтер цифрлық жүйеде сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрінің бұйрығына сілтеме жасап.

Әскери билет кімдерге берілмейді?

Бейбіт уақытта қағаз түріндегі әскери билеттер мынадай азаматтарға берілмейді:

мерзімді немесе басқа да әскери қызметтен өтпегендерге; құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда немесе азаматтық қорғау органдарында қызмет етпегендерге; әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша ақылы негізде дайындықтан өтпегендерге; запастағы офицерлер немесе сержанттар бағдарламалары бойынша білім алмағандарға.

Мұндай азаматтарға әскери билет тек мобилизация, әскери жағдай немесе соғыс уақытында ғана беріледі.

Азаматтың мәртебесі, жарамдылық санаты және әскери қызметке қатысы туралы мәліметтер Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінде сақталады және электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте көрсетіледі.

Әскери билет кімдерге беріле береді?

Бейбіт уақытта әскери билеттерді бұрынғысынша мына тұлғалар алады:

әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылғандар; әскери және арнаулы оқу орындарына түскендер; ақылы негізде әскери-техникалық дайындықтан өткендер; запастағы офицерлер немесе сержанттар бағдарламасы бойынша әскери кафедраны тәмамдағандар; әскери қызметтен запасқа шығарылғандар; Қазақстан азаматтығын алған және бұған дейін басқа мемлекеттерде қызмет еткен кейбір азаматтар. 17 жаста есепке автоматты түрде қойылады

Бозбалаларды әскери есепке алғашқы қою автоматты түрде жүргізіледі. Азаматтың 17 жасқа толған күні Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесі оның есепке алу картасын жасақтап, оған "әскерге шақырылу алдындағы тұлға" мәртебесін береді.

Сондай-ақ жүйе азаматтың тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша жергілікті әскери басқару органын өзі анықтайды. Алғашқы әскери есепке тұру үшін бөлек жүгінудің қажеті болмайды.

Есепке алу картасын қалыптастыру үшін мемлекеттік жүйелер ЖСН, тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс орны, білімі, отбасы құрамы, жүргізуші куәлігі және денсаулық жағдайы туралы мәліметтермен алмасады.

Бұдан бөлек, жүйе адамның Қазақстан аумағында болуы, стационарлық емделуі, мүгедектігі, соттылығы, тергеліп жатқан қылмыстық істері мен соттарда қаралып жатқан істері туралы ақпаратты ала алады.

Әйелдер де автоматты түрде есепке қойылуы мүмкін

Әскери-есептік мамандық алған әйелдер де автоматты режимде есепке қойылады.

Колледж немесе жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жүйе цифрлық есепке алу картасын жасап, түлекке "әскери міндетті" мәртебесін береді және оның тұрақты тіркелген жері бойынша әскери басқару органын анықтайды.

Бұл барлық әйелдерге емес, тек алған мамандығы әскери-есептік мамандықтар тізіміне кіретіндерге ғана қатысты.

Тіркеу өзгерген жағдайда не болады?

Азамат жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде тиісті әскери басқару органына автоматты түрде есепке ауыстырылуы тиіс.

Осылайша, әскери міндетті немесе әскерге шақырылушы бұрынғы мекенжайы бойынша есептен шығып, жаңа тұрғылықты жері бойынша есепке тұру үшін арнайы баруға міндетті емес.

Автоматты түрде есепке қою запасқа шығарылған, әскери оқу орындарынан шығарылған немесе бұрын әскери есепте тұрған болса, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін де қарастырылған.

Кімдер есептен автоматты түрде шығарылады

Азаматтарды әскери есептен шығару да мемлекеттік цифрлық жүйелердің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады. Бұл мына азаматтарға қатысты:

запаста болудың шекті жасына толғандар; Қазақстан азаматтығынан шыққандар; есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар; бірінші топтағы мерзімсіз мүгедектігі барлар; қайтыс болғандар. Әскери билет жоғалған жағдайда не істеу керек?

Егер бұрын берілген әскери билет жоғалса немесе бүлінсе, азамат жеті жұмыс күні ішінде электрондық үкімет порталы арқылы оның төлқұжатын (дубликатын) алуға өтініш беруі тиіс.

Әскери басқару органына шақырылған кезде өзіңізбен бірге жеке куәлік пен жүргізуші куәлігінің түпнұсқасын да, цифрлық құжаттар сервисіндегі олардың цифрлық нұсқаларын да алып жүруге болады.

Тегі немесе есімі өзгерген жағдайда не болады?

Егер қағаз түріндегі әскери билет иесінің тегі, есімі, әкесінің аты, туған күні немесе туған жері өзгерсе, жүйе оның телефонына және электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіне хабарлама жібереді.

Азамат өтініш білдіргеннен кейін әскери басқару органының қызметкерлері бір сағат ішінде әскери билетке өзгерістер енгізуі тиіс.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары