Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

1,8 миллион шақырту. Емханалардың мобильді бригадалары “жедел жәрдем“ жұмысына қалай әсер етті?

1,8 миллион шақырту. Емханалардың мобильді бригадалары “жедел жәрдем“ жұмысына қалай әсер етті?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын емханалар жанындағы жедел жәрдем мобильді бригадаларының жұмыс кестесі өзгерген болатын. Осы уақыт ішінде олар қанша шақыртуға барды және бұл салада тағы қандай жаңашылдықтар енгізілуі мүмкін екенін TengriHealth материалынан оқи аласыздар.

Бұл салада не өзгертілмек?

Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем мобильді бригадаларының жұмысына қатысты түзетулер қабылдады. Олар қазақстандықтар тіркелген емханалар жанында жұмыс істейді және өмірге қауіп төндірмейтін 4-ші санаттағы шақыртуларға қызмет көрсетеді. Мұндай бригадалар қан қысымы көтерілген, дене қызуы бар, жеңіл жарақат алған пациенттерге барады.

2023 жылғы 1 мамырдан бастап бұйрық күшіне еніп, онда олардың жұмыс уақыты таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін нақты белгіленді. Сондай-ақ шақырту түскен сәттен бастап пациент медиктерді 60 минуттан артық күтпеуі тиіс деп анықталды. Қалған уақытта мұндай шақыртуларға бұрынғысынша жедел жәрдем бригадалары барады.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл құжатқа бірнеше толықтырулар енгізуді ұсынып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сарсенбаеваның айтуынша, негізгі өзгерістер алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) ұйымдары жанындағы мобильді бригадалардың құрамына қатысты.

Бұйрықта олардың құрамында кімдер болуы керектігін нақты жазу ұсынылған:

фельдшер; парамедик; жүргізуші.

Бұған дейін бұл талап көрсетілмеген болатын.

Екінші маңызды нақтылау осындай бригадалардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты. Қазір емханалар оларды әр 25 000 тіркелген пациентке бір бригада есебінен құруы тиіс. Эпидемиялық маусым кезінде бұл санды көбейтуге болады.

Ерекшелік - халқы аз ауылдық жерлердегі АМСК медициналық ұйымдары. Ол жақта 4-ші санаттағы шақыртуларға бұрынғысынша тәулік бойы жедел жәрдем қызмет көрсетеді.

"Емханалар жанынан мобильді бригадалар құру жөніндегі норма жұмыс істеп тұр, бірақ оның толық қуатында емес екенін мойындауымыз керек. Өңірлерде тіркелген халқы аз жекеменшік ұйымдардың пациенттеріне мемлекеттік емханалардың мобильді бригадалары қызмет көрсетіп жатқанын көріп отырмыз", - дейді Сарсенбаева.

Сарапшының айтуынша, қазір бұйрыққа медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бойынша АМСК қызметін көрсететін емхананың қандай жағдайда да мобильді көмек бригадасы болуы тиіс деген норманы енгізу ұсынылып отыр.

Қазақстанда қанша мобильді бригада бар?

Біз Қазақстанда қанша емхана мен жедел жәрдем мобильді бригадасы барын анықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдадық.

Ведомство ұсынған мәліметтерге сәйкес, бүкіл ел бойынша 687 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны жұмыс істейді.

Оның ішінде:

249-ы - ауылдық жерде (181 мемлекеттік және 68 жекеменшік ұйым); 432-сі - қалада (171 мемлекеттік және 261 жекеменшік ұйым). Қанша емхана мобильді бригада ұйымдастырды?

Біздің сауалымызға берілген жауапта еліміздің барлық қаласында 689 шұғыл көмек бөлімшесі/кабинеті және 844 мобильді бригада құрылғаны айтылған.

"Олар жедел жәрдемнен берілген шұғыл көмек көрсету және үйге шақыртуларға қызмет көрсету бойынша АМСК жұмысын барынша өз мойнына алды", - делінген жауапта.

Бұл ретте олардың саны өңірлерде біркелкі бөлінбеген. Мысалы, Қостанай облысында мобильді бригадалар қажеттіліктің 50 пайызын, Шығыс Қазақстан облысында - 53 пайызын, Түркістан облысында - 46 пайызын, ал Астанада - 61 пайызын өтеп отыр.

"Сонымен қатар Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 80 пайыздан асатын жоғары жасақталу деңгейі қамтамасыз етілген", - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Мобильді бригадалар қанша шақыртуға қызмет көрсетті?

Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың 1 мамырынан бастап 4-ші санат бойынша 1 787 213 шақырту түскенін хабарлады.

Оның ішінде АМСК жанындағы мобильді бригадалар 593 417 шақыртуға қызмет көрсеткен, бұл жалпы санның 33,2 пайызын құрайды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бұл тәжірибе енгізілгенге дейін жедел жәрдем шақыртуларының 40-тан 50 пайызға дейіні 4-ші санатқа тиесілі болғанын, бригадалардың неғұрлым шұғыл шақыртулардан қалып қоятынын айтқан болатын. Қазақстандықтар қазір де қан қысымы көтерілсе немесе басы айналса жиі 103-ке хабарласады, бірақ мұндай шақыртулардың бір бөлігін енді емханалардың мобильді бригадалары қабылдайды.

"Мобильді бригадалар құру туралы бұйрықтың жүз пайыз іске асуы әзірге байқалмайды, десе де біз АМСК ұйымдарының өздеріне тіркелген халықпен көбірек жұмыс істей бастауына қол жеткіздік. Бұған соңғы бір жылда Денсаулық сақтау министрлігі енгізген жаңашылдықтар әсер етті", - деп есептейді Гүлнар Сарсенбаева.

Сарапшы қазіргі уақытта бұйрық жобасы пысықталып жатқанын, оған әлі де толықтырулар мен түзетулер енгізілуі мүмкін екенін айтады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 10:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары