Өндіріс уақытша тоқтады: Теңіздегі апат KPI жұмысына әсер етті
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС пропанды ыстық айналым технологиясы арқылы ексіздендіру және пропиленді полимерлеу өндірісі уақытша тоқтағанын хабарлады.
Бұған себеп – «Теңізшевройл» компаниясындағы апат салдарынан пропан жеткізілімінің тоқтауы.
KPI компаниясы кәсіпорынның тоқтап қалу қаупін азайту үшін балама шикізат көздерін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, басқа жеткізушілерден шамамен 11 мың тонна пропан алу көзделуде.
Қазіргі уақытта KPI алаңындағы қоймаларда (буллиттерде) 3 364 тонна пропан бар.
Компания өкілдері атап өткендей, жекелеген өндірістік процестер уақытша тоқтағанына қарамастан, кәсіпорында дайын өнім қоры жеткілікті. Бұл қазіргі сұранысты қамтамасыз етіп, клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.
Бүгін, 21:26
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:15
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 21:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















