Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

2025 жылы қазақстандықтар 2,7 млрд теңгеден астам сақтандыру төлемдерін алды

2025 жылы қазақстандықтар 2,7 млрд теңгеден астам сақтандыру төлемдерін алды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

– Бүгінде МАК міндетті және ерікті бағдарламалар аясында өмірді сақтандыру қызметтерін ұсынады. Негізгі міндеттердің бірі – қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар біз сақтандыру портфелін әртараптандыру мен ерікті өнімдерді дамытудың маңызын түсінеміз. Осыған байланысты АҚШ долларында жинақтауға арналған, кірістіліктің ең жоғары мөлшерлемесі бар Demeu өнімін сатуды іске қостық, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттерінің тартымдылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізудеміз, - деп 2025 жылдың қорытындысын МАК Басқарма төрағасы Қуаныш Мұқажанов түйіндеді.

Ол сонымен қатар Demeu Business өнімі арқылы көптеген компания негізгі қызметкерлердің тұрақтылығы мен ынталандыру мәселелерін шешіп жатқанын атап өтті. 

– 2025 жылы МАК сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушысы атанды. Оның аясында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан әрі – ЖОМС) шарттары бойынша барлық тәуекел нарықтың барлық қатысушысы арасында жауапкершілікті тең бөлу арқылы пропорционалды қайта сақтандыруға беріледі. Қазіргі уақытта қайта сақтандыру лицензиясын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады МАК Басқарма төрағасы Қуаныш Мұқажанов.

2025 жылы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттары бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 4,3 млрд теңгені құрап, бұл МАК тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Өткен жылы сондай-ақ кейінгі 7 жылдағы рекордтық көлемде ЖОМС шарттары бойынша тәуекелдер қабылданды. Барлық сақтандыру өнімдері бойынша 3,7 мың шарт жасалып, олардың аясында Қазақстанның 257 мыңнан астам азаматы сақтандыру қорғанысымен қамтылды.

Еске сала кетейік, 2004 жылы Үкіметтің бастамасымен құрылған компанияға ел үшін жаңа әлеуметтік саясат құралы – зейнетақы аннуитеттерін іске асыру мандаты берілді. МАК республикада алғашқылардың бірі болып өмір бойғы сақтандыру төлемдері бойынша шарттар жасасып, қосымша зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамытудағы негізгі буынға айналды. 

Сақтандырылған қызметкерлер үшін әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МАК-тан мынадай төлем түрлері жүзеге асырылады: 

денсаулыққа келтірілген зиянға байланысты қосымша шығындарды өтеу (дәрілік заттар, оңалту құралдары және шипажайлық-курорттық емдеу); өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан тұлғаларға аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік төлемдер; асыраушысынан айырылуына байланысты аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік төлемдер; зейнеталды аннуитет шарттары бойынша мерзімдік төлемдер (зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер үшін); өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қызметкер қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын өтеу.

БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде зейнетақы жинақтары болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу азаматтарға белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ зейнетақы төлемдерін алуды бастауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ерлер 55 жастан, ал әйелдер 53 жастан бастап төлемдер ала алады. Сонымен қатар кемінде бес жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтар төлемдерді 50 жастан бастап алу құқығына ие. 

Зейнетақы аннуитетінің басты артықшылығы – сақтандыру компаниясына аударылған жинақ көлеміне қарамастан, төлемдердің өмір бойы жүзеге асырылуы.

2026 жылы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажетті жинақ сомасы:

ерлер үшін – 10 715 001 теңге; әйелдер үшін – 14 039 988 теңге; міндетті кәсіби жарналары бар ерлер үшін – 8 713 438 теңге; міндетті кәсіби жарналары бар әйелдер үшін – 11 667 514 теңге.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 10:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары