Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

2026 жылдың соңына қарай Қазақстанда доллар бағамы қандай болуы мүмкін

2026 жылдың соңына қарай Қазақстанда доллар бағамы қандай болуы мүмкін

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Доллардың қымбаттауына асықпау керек

Ұлттық банктің тамыз айында жүргізген макроэкономикалық сауалнамасына сәйкес, 2026 жылы доллардың орташа жылдық бағамы 490 теңге деңгейінде болжанып отыр. Бір ай бұрын сарапшылар доллар бағамы 500 теңге болады деп күткен. Сауалнамаға 15 сарапшы мен қаржы ұйымы қатысты.

Кейінгі жылдарға арналған болжамдар да төмендеді. Сарапшылар 2027 жылы доллардың орташа бағамы 516,2 теңге болады деп күтеді. Алдыңғы сауалнамада бұл көрсеткіш 532,1 теңге болған. 2028 жылға арналған болжам да 566,6 теңгеден 562,2 теңгеге дейін төмендетілді.

Ұлттық банк макроэкономикалық сауалнама нәтижесі реттеушінің ресми болжамы емес екенін атап өтті. Бұл – нарықтың кәсіби қатысушыларының бағамға қатысты болжамдары.

Қаржыгер Арсен Темірбаевтың пікірінше, қазір ұлттық валютаның пайдасына әсер етіп отырған бірнеше фактор бар. Соның бірі – теңгелік қаржы құралдарының жоғары кірістілігі.

Ұлттық банктің 4 қыркүйектегі шешімінен кейін базалық мөлшерлеме 16,25% деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар реттеуші ақша нарығындағы артық өтімділікті азайту шараларын жалғастырып жатыр.

Теңгенің нығаюына мұнай бағасы да ықпал етеді. 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 82,7 доллар деңгейінде болжанып отыр. Бұл Қазақстан бюджетінде есепке алынған 70 долларлық бағадан айтарлықтай жоғары.

Дегенмен сарапшы теңгенің қазіргі нығаюы оның осы деңгейде жыл соңына дейін сақталатынына кепілдік бермейтінін айтты.

"Менің болжамым сарапшылардың ортақ болжамымен сәйкес келеді. Жыл соңына қарай доллар бағамы 580-590 теңгеге жетеді деп күтемін", – деді Арсен Темірбаев.

Халық доллардың "өз бағасын" белгіледі

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев "Осы жылдың соңына қарай доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қандай болады деп күтесіз?" деген сауалнама жүргізді. Оған 2100-ге жуық адам қатысты.

Қатысушылардың басым бөлігі доллар бағамы 475-500 теңге аралығында болады деп болжаған. Бұл нұсқаны респонденттердің 32%-ы таңдады. Тағы 26%-ы доллар 450-475 теңге шамасында болады деп күтеді.

Осылайша, сауалнамаға қатысқандардың 58%-ы жыл соңына қарай доллар бағамы 450-500 теңге аралығында болады деп есептейді.

Респонденттердің тағы 12%-ы 500-525 теңге аралығын таңдаса, 11%-ы доллар 425-450 теңге деңгейінде болады деп болжаған. Қатысушылардың 6%-ы доллар бағамы 400 теңгеден төмендейді деп күтеді, ал 5%-ы 400-425 теңге аралығын таңдаған.

Доллар 525-550 теңге аралығында болады және 550 теңгеден асады деген нұсқалардың әрқайсысын қатысушылардың 4%-ы таңдады.

Шетелдік инвесторлар теңгеге қызығушылық танытып отыр

Андрей Чеботарев теңгенің нығаюына ықпал ететін өзге факторлармен қатар маңызды бір жайтқа назар аударды.

"Теңге шетелдік алыпсатар инвесторлар, яғни кэрри-трейдерлер үшін әлі де тартымды. Олар базалық мөлшерлеменің тым жоғары болуына байланысты біздің нарыққа шетел валютасын әкеледі. Бұл өз кезегінде теңге бағамының нығаюына ықпал етеді", – деді Андрей Чеботарев.

Ұлттық банктің деректері де мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы бейрезиденттердің үлесі айтарлықтай өсіп келе жатқанын көрсетеді. Осы аптада реттеуші төрағасы Тимур Сүлейменов олардың нарықтағы үлесі 6,2%-дан 7,2%-ға дейін өскенін мәлімдеді.

"Бейрезиденттердің 7% көлеміндегі үлесі – жақсы көрсеткіш. Бірақ бұл дамыған елдердегідей жоғары емес. Ол жақта бұл көрсеткіш 15-20%-ға жетеді. Біз 10%-ды ең жоғары шек деп есептейміз және олардың үлесін айтарлықтай арттыруды көздеп отырған жоқпыз. Өйткені көлем ұлғайған сайын сарапшылар айтып жүрген тәуекелдер де арта түседі. Қазір бұл процесс толығымен реттеліп отыр, сондықтан қандай да бір қауіп көріп отырған жоқпыз", – деді Тимур Сүлейменов.

Тимур Сүлейменов бұған дейін доллар бағамының алдағы жағдайы туралы айтқанда, теңгенің тұрақтылығын қолдайтын тағы бір факторды атаған еді.

"Доллардың алдағы бағамына келсек, жоғарыда айтқанымдай, экономикамыздың іргетасы мықты. Өткен жылы төлем балансы тапшылықпен қалыптасса, биыл профицит болуы ықтимал. Бұл – өте жақсы макроэкономикалық көрсеткіш. Импорт көлемі шамамен бұрынғы деңгейде сақталып отыр. Сондықтан шетел валютасына қосымша аса жоғары сұраныс байқалмайды", – деді Тимур Сүлейменов.

Бюджеттің есебі: доллар – 480 теңге

Теңгенің тұрақтылығын айғақтайтын ең маңызды дәлел осыдан 10 күн бұрын жарияланған Қаржы министрлігінің 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында келтірілді.

Қаржы министрлігі бюджеттік есептеулерде бір долларды 480 теңге бағамымен есептеген. Атап айтқанда, 2027 жылы мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер 96 млн тонна мұнай өндіру, барреліне 70 доллар баға және бір доллар үшін 480 теңге бағамы негізінде болжанған.

Шетел валютасымен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу көлемін есептеу кезінде де осы бағам қолданылды.

Салыстыру үшін айтсақ, Үкімет 2026 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бір долларды 540 теңге, мұнайдың бір баррелін 60 доллар және өндіріс көлемін 98 млн тонна деп есептеген.

Осылайша, доллар бағамының қазіргі 450-460 теңге деңгейінен қаншалықты өзгеретіні, ең алдымен, теңгелік қаржы құралдарына капитал ағынының сақталуына, мұнай нарығындағы жағдайға және Ұлттық банктің ақша-кредит саясатын қаншалықты жылдам жұмсартатынына байланысты болады.

Айта кетейік, бүгін доллардың ресми бағамы – 454,46 теңге. Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы – 456 теңге, сату бағамы – 458 теңге.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 14:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары