Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

2026 жылғы мүлік салығы қалай есептеледі және қашан төлеу керек? Нұсқаулық

2026 жылғы мүлік салығы қалай есептеледі және қашан төлеу керек? Нұсқаулық

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстандықтар мүлік салығын төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар ала бастады. Төлем сомасы қалай есептеледі және қандай жағдайларда декларация тапсыру керек екенін Tengri Home материалынан оқыңыз.

Поделиться

Мүлік салығы: не үшін төлеу керек?

Салық төленуі тиіс жылжымайтын мүлікке мыналар жатады:

тұрғын үйлер; ғимараттар; жайлы саяжай құрылыстары; гараждар; тұрақ орындары; көппәтерлі үйлердегі қоймалар; суық жапсарлас құрылыстар (негізгі үйге жапсарлап салынған жылытылмайтын жайлар, мысалы, веранда, терраса); шаруашылық және қызметтік құрылыстар; төменгі қабаттар; жертөлелер; жер учаскелері. Мүлік салығы қалай есептеледі?

Жер учаскесіне салынатын салық мөлшері оның алаңына байланысты, себебі ол бір шаршы метрге белгіленген мөлшерлеме негізінде есептеледі. Бекітілген мөлшерлемелер Салық кодексінің 602-бабында көрсетілген, алайда мәслихаттар шешімімен өсуі мүмкін.

Қалған нысандар бойынша салық "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын жылжымайтын мүліктің құнынан есептеледі (бұл нарықтық емес, бағалау құны, сондықтан ол нақты бағадан төмен болады).

"Мүлік салығы Салық кодексінің 602-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша, мемлекеттік корпорация айқындайтын салық салу объектілері құнының 0,05-тен 2 пайызға дейінгі мөлшерінде есептеледі", - деп хабарлады Tengri Home сауал жолдаған Мемлекеттік кірістер комитеті.

Сол Салық кодексінің 602-бабында бекітілген мөлшерлемелер көрсетілген:

2 миллион теңгеге дейін - салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы; 2-ден 4 миллион теңгеге дейін - 1 000 теңге + 2 миллион теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы; 4-тен 6 миллион теңгеге дейін - 2 600 теңге + 4 миллион теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы; 6-дан 8 миллион теңгеге дейін - 4 600 теңге + 6 миллион теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы; 8-ден 10 миллион теңгеге дейін - 7 600 теңге + 8 миллион теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы; 10-нан 12 миллион теңгеге дейін - 11 600 теңге + 10 миллион теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы; 12-ден 14 миллион теңгеге дейін - 16 600 теңге + 12 миллион теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы; 14-тен 16 миллион теңгеге дейін - 22 600 теңге + 14 миллион теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы; 16-дан 18 миллион теңгеге дейін - 29 600 теңге + 16 миллион теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы; 18-ден 20 миллион теңгеге дейін - 37 600 теңге + 18 миллион теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы; 20-дан 75 миллион теңгеге дейін - 46 600 теңге + 20 миллион теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы; 75-тен 100 миллион теңгеге дейін - 321 600 теңге + 75 миллион теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы; 100-ден 150 миллион теңгеге дейін - 471 600 теңге + 100 миллион теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы; 150-ден 350 миллион теңгеге дейін - 796 600 теңге + 150 миллион теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы; 350-ден 450 миллион теңгеге дейін - 2 196 600 теңге + 350 миллион теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы; 450 миллион теңгеден жоғары - 2 946 600 теңге + 450 миллион теңгеден асатын соманың 2 пайызы.

Қарапайым тілмен айтқанда, әртүрлі меншік иелерінің бір нысаны үшін салық көлемі әртүрлі болуы мүмкін, өйткені ол мүліктің бағалау құнына байланысты.

МКК ұсынған мүлік салығын есептеу мысалы

Айталық, сіздің атыңызға екі пәтер тіркелген: бірі - Астанада, екіншісі - Көкшетауда. "Азаматтарға арналған үкіметтің" деректері бойынша, елордалық мүлік шартты түрде 11 840 000 теңге, ал өңірдегі пәтер 5 432 080 теңге тұрады.

"Астанадағы пәтер үшін салық сомасы = 11 600 теңге (құнына байланысты тіркелген сома) + 4 600 теңге (10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы) = 16 200 теңге. Көкшетаудағы пәтер үшін салық сомасы = 2 600 теңге (құнына байланысты тіркелген сома) + 1 432 теңге (4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы) = 4 032 теңге", - деп мысал келтірді МКК.

Мүлік салығын қашан төлеу керек?

Мүлік салығы 1 шілдеге дейін есептеледі, сондықтан жаздың ортасында көптеген қазақстандық өз түбіртектерін көре алды. Есептеу кезінде иелік ету мерзімі негізге алынады: мысалы, егер адам 2025 жылы бір жыл бойы пәтер иесі болса, сол кезең үшін шот ұсынылады. Тиісінше, жарты жыл үшін сома азырақ болады.

"Салық есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей, салық салу объектілері орналасқан жер бойынша бюджетке төленеді", - деп нақтылады МКК өкілдері.

Мүлік салығын төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар салық төлеушінің жеке кабинетіне және электрондық үкімет жүйесіне де жіберіледі.

Мүлік салығын қалай төлеуге болады?

Мүлік салығын төлеудің бірнеше жолы бар:

eGov.kz порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы; банк кассаларында және "Қазпошта" бөлімшелерінде; Мемлекеттік кірістер комитетінің "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы. Мүлік салығын төлемеген жағдайда не болады?

Мерзімі өткен әрбір күн үшін салық органдары Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен 1,25 еселенген мөлшерде өсімпұл есептеуі мүмкін. 2026 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша ол - 17 пайыз. Осыған сүйенсек, төлемі кешіктірілген жағдайда борышкерге күніне 21,25 теңге есептеледі.

"Борышкерге орындау мерзімі 30 жұмыс күнін құрайтын берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Осы мерзім өткеннен кейін, егер берешек сомасы бір айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы АЕК = 4 325 теңге - ред. ескертпесі) асса, жеке тұлғаға берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі, оны бес жұмыс күні ішінде өтеу қажет", - деп ескертті фискалдық орган мамандары.

Егер бұл шара нәтиже бермесе, салық бұйрығы әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларына жіберіледі, ал олар мынадай әрекеттерге құқылы:

борышкердің мүлкіне, соның ішінде ақшасы мен бағалы қағаздарына арест қоюға; борышкердің жылжымалы мүлкін тәркілеуге; Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салуға. Жылжымайтын мүлік иелері декларация тапсыруы керек пе?

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) мына екі жағдайдың бірінде тапсыру қажет:

егер өткен жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сізде шет мемлекетте ресми тіркелген меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік болса; егер сіз өткен жылы жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алсаңыз (2025 жылы АЕК 3 932 теңгеге тең болды, тиісінше, сөз 78,6 миллион теңге сомасы туралы болып отыр).

"Шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік немесе көлік құралдарының иелері болып табылатын жеке тұлғалар есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға міндетті", - деп түйіндеді комитеттегілер.

Бұл ретте Қазақстанда тіркелген мүлікті декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Тек жаңа нысандардың жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын жағдайлар ғана ерекшелік болып саналады.

Декларацияда толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді алғаш рет ұсынғаны үшін ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Салық салу объектілерін жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200 пайызы мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Мұндай заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 300 пайыз болады.

Авторы: Махаббат Енсебаева

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Тұрғын үйді сатып алу-сату шартын нотариуста жасау міндетті емес. Нені білу керек?

Пәтерді жалға берсеңіз, қандай салықтарды төлеу керек? Нұсқаулық

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Салық тұрғын үй Қазақстан Жылжымайтын мүлік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары