Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

2027 жылға қарай ел электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен жабады

2027 жылға қарай ел электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен жабады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Президенттің 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото: primeminister.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғырту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске қосуға, сондай-ақ сенімділік пен энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын тұрақты инвестициялық тетікті қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдың бірінші тоқсаны соңына қарай ел электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен жабады, ал 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді.

Энергетика жүйесінің қазіргі көрінісі

Жаңадан іске қосылған нысандарды ескере отырып, Қазақстанның энергожүйесі қазіргі уақытта 241 энергия көзін қамтиды, оның 162-сі – жаңартылатын энергия көздері

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жобалар экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін ортамерзімді перспективада қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Министрлік қазірдің өзінде 2027 жылға қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік беретін бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. 2029 жылға қарай тұрақты профицитке шығу жоспарланып отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта көмір генерациясын дамыту жобасы әзірленіп жатыр, басымдық таза көмір технологияларына беріліп отыр. Жоспарда Курчатов қаласында жаңа станса мен Екібастұзда МАЭС-3 құрылысын салу қарастырылған. Сонымен қатар қолданыстағы инфрақұрылымдар ретке келтіріліп жатыр. Сондай-ақ 2026 жылы 2,6 мың МВт-тан астам жаңа қуат іске қосылады деп күтіліп отыр. Барлық жұмыс бір мақсатқа, еліміздің бүкіл энергожүйесінің сенімділігін, тиімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған», деді Ерлан Ақкенженов.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы белгіленген қуат 26,7 ГВт-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 ГВт-қа өсті. Генерацияның негізгі көлемін дәстүрлі қуат көздері құрайды. 

Қолданыстағы генерация құрылымында:

Көмір электр стансалары 13,8 ГВт-ты; Газбен жұмыс істейтін стансалар – 6,8 ГВт; Ірі гидроэлектростансалары – 2,5 ГВт; ЖЭК үлесі 3,6 ГВт-ты құрайды.

Мұндай теңгерім бір мезгілде энергия жүйесінің тұрақтылығын және энергия теңгерімін кезең-кезеңімен әртараптандыруға мүмкіндік береді.

2035 жылға дейінгі жоспар: 26 ГВт-тан астам жаңа генерация.

26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды іске қосуды көздейтін энергетика саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспары шеңберіндегі жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр.

Өсу бірқатар бағыт есебінен қамтамасыз етіледі:

5 ГВт – қолданыстағы стансаларды жаңарту және кеңейту; 10,5 ГВт – жаңа дәстүрлі генерация салу; 8,4 ГВт – ЖЭК жобалары; 2,4 ГВт – атом электр стансасы.

Қолданыстағы қуат көздерін жаңарту және жаңа объектілерді құру арасындағы мұндай теңгерім Президент қойған міндетті шешуге мүмкіндік береді – экономиканың өсу қарқынын жеделдете отырып, сенімді энергиямен қамтамасыз ету.

Энергетика – егемендіктің күретамыры

Маневрлық генерация – негізгі басымдық

Саланы дамытудың орталық бағыттарының бірі – маневрлік генерацияны арттыру. Жаңа қуаттардың шамамен 31,4%-ы жүктемені реттеу мен энергия жүйесінің икемділігін қамтамасыз ететін сегменттен келеді. Оның құрылымында гидроэлектростанциялар – 1,17 ГВт, бу-газ қондырғылары - 5,6 ГВт және Екібастұз МАЭС-3 бар, соңғысының 2,64 ГВт қуатының 1,5 ГВт-ы маневрлік функцияларды орындайды.

Жүзеге асырудың соңғы сатысында Қызылорда облысындағы 240 МВт-тық, Түркістан облысындағы 1 мың МВт-тық бу-газ қондырғылары (БГҚ) құрылысының жобалары, сондай-ақ Алматы қаласындағы жалпы қуаты 1101 МВт болатын ЖЭО-ны газға ауыстыру бойынша жобалар тұр. Алдағы 3 жылда жаңа қуат көздерін енгізу негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға бағытталады.

Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған

ЖЭК, энергияны жинау жүйелері және инвестиция

Жаңартылатын энергетиканы дамыту энергияны жинақтау жүйелерін енгізумен қатар жүреді.

ЖЭК жөніндегі ірі жобалар шеңберінде жалпы сыйымдылығы сағатына 3 ГВт-тан асатын жинақтағыштарды енгізу көзделген, бұл сұраныс төмен сағаттарда артық энергияны жинақтауға және оны бірыңғай энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыра отырып, ең жоғары жүктемелер кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінде жүзеге асырудың белсенді кезеңінде жалпы сомасы 13,1 трлн теңгеге жалпы қуаты 15,3 ГВт болатын 81 жоба тұр, оның ішінде:

Қуаты 10,2 ГВт болатын 30 дәстүрлі генерациялау жобасы; Қуаты 5,1 ГВт болатын 51 ЖЭК жобасы бар.

2024 жылы Энергетика министрлігі мен энергия өндіруші ұйымдар арасында жалпы қуаттылығы шамамен 2 ГВт болатын 14 инвестициялық келісім, ал 2025 жылы қуаттылығы 775,9 МВт болатын тағы 2 келісім жасалды. Бұл – инвестициялық циклды қайта бастаудың және саланың экономикалық тартымдылығын қалпына келтірудің нәтижесі.

Аукциондық механизмдер және жаңа БГҚ-лар

Маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық шеңберінде Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында және Алматы қаласында жиынтық қуаты шамамен 1,8 ГВт болатын бу-газ қондырғыларының 4 жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан басқа, 2024 жылғы тамызда өткен кезекті аукциондардың қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстарында жалпы қуаттылығы 700 МВт болатын БГҚ жобалары айқындалды, аяқталу мерзімі – 2028 жылы. 2025 жылдың желтоқсанында Астанада қуаты 500 МВт бу-газ қондырғыларының құрылысына сауда-саттық өткізілді.

Одан өзге, биыл маңызды экологиялық жоба – Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру аяқталады. 

Көмір генерациясы және стратегиялық шешімдер

Президенттің тапсырмасы бойынша «таза көмір» технологияларын қолдана отырып, көмір генерациясын дамыту бойынша жеке жоба әзірленіп жатыр. Жоспарға жалпы қуаты 7,6 ГВт болатын жобалар кіреді.

Энергетикалық көмірдің расталған қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды, бұл көмір өндірісін энергия балансының ұзақмерзімді элементі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

2025 жылдың соңы мен осы жылдың басында тендерлер өткізілді, бұл сала үшін тарихи кезең болды.

Қуаты 2 640 МВт болатын Екібастұз МАЭС-3 құрылысы бойынша жеңімпаз анықталды (2029-2032 жылдары пайдалануға беріледі).

Курчатовта көмір стансасын салуға келісім жасалды (700 МВт). Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО жобалары жүзеге асырылып жатыр.

2026 жылы 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, бұл ел бойынша ЖЭО тозуын 61%-дан 59%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қуат көздерін кезең-кезеңмен енгізу және профицитке шығу

2024 жылы 771 МВт, 2025 жылы 669 МВт жаңа қуаттар іске қосылды. 2026 жылы шамамен 2,6 ГВт, 2027 жылы шамамен 1 ГВт іске қосу жоспарланып отыр.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2028 жылы 3,9 ГВт, ал 2029 жылы шамамен 5,7 ГВт іске қосылады деп күтілуде. Бұл экспорттық әлеуеттің өсуіне жағдай жасай отырып, электр энергиясының ғана емес, реттеу қуатының да профицитін қамтамасыз етеді.

Реформалар экономикасы және энергетикалық негіз

Саланы дамыту үшін маңызды фактор «Тарифті инвестицияға айырбастау»  жаңартылған бағдарламасы болды, оның шеңберінде инвестицияларды қайтарудың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 25 инвестициялық келісім жасалды.

Айта кету керек, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске қосу кезеңінде жеке компаниялар дивидендтер төлемеген. Барлық қаражат станциялардың қолданыстағы жабдықтарын реконструкциялауға және жаңартуға қайта инвестицияланды.

Қазақстанның Ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында елдің энергетикалық негізін нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар стратегиялық желілік жобалар жүзеге асырылып отыр.

Оңтүстік аймақтың электр желілерін күшейту;

Батыс Қазақстан энергожүйесін Бірыңғай ұлттық энергожүйемен біріктіру. Жұмыстар 2027 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталуы жоспарланған кестеге сәйкес жүргізіліп отыр.

Келешегі зор жобалардың бірі Баку қаласында өткен СОР 29 конференциясының алаңында 3 елдің (Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан) Мемлекет басшылары қол қойған «Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін жасыл энергетикалық дәліз» болып саналады. Бүгінгі таңда барлық үш жүйелік оператордың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрылды, жұмыс жалғасып жатыр.

Осылайша, Президенттің электр энергетикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру елдің тұрақты және теңгерімді энергетикалық контурын қалыптастырады. Жаңа қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосу, қолданыстағы генерацияны жаңғырту және инвестициялық тетіктерді іске қосу тапшылық тәуекелдерін жойып қана қоймай, экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?

Соңғы жаңалықтар

5 ақпанда ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:43

Астана – Павлодар тасжолында жылдамдық режимі өзгереді

Оқиға • Бүгін, 09:30

«Қайрат» төрт жолдастық кездесу өткізеді

Спорт • Бүгін, 09:16

Бас Прокурордың орынбасары тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 09:08

Елена Рыбакина үздік спортшы атанды

Спорт • Бүгін, 09:05

Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?

Экономика • Бүгін, 09:00

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

Отандық тауарлар Моңғолияға экспортталады

Саясат • Бүгін, 08:53

«Цифрлық мектеп» білім жүйесін қалай өзгертеді?

Білім • Бүгін, 08:50

Ұлт мәдениетінің Қатар еліндегі салтанаты

Саясат • Бүгін, 08:48

Нұрлан Әбдіров: Біз үшін ең бастысы – сайлаушылар сенімі

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Сабақ берудің тиімді тәсілі

Білім • Бүгін, 08:43

Агросаладағы ауқымды жобалар

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Қоғам • Бүгін, 08:37

Конституциялық реформа: пайым мен парасат

Пікір • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 10:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары