2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда үстел теннисінің дамуына серпін береді
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді.
"Қазақстан президенті ел жастарының үстел теннисіне қызығушылығы арта түскенін айтты. Қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет спорт резервін даярлау және жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы Астанада үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл Орталық Азияда аталған спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ.
Әңгімелесу барысында алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызына мән берілді. Бұл жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта да қанат жаюына айтарлықтай жол ашатын болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:66
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 16:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















