23 сәуірде Қазақстанда екпінді жел мен нөсер жауын күтіледі
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бұл күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Елдің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр болжанады", – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жел күшейеді. Республика аумағында желдің екпіні артып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл мен екпінді жел соғуы мүмкін.
Батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарда тұман түсуі ықтимал.
Сондай-ақ мамандардың болжамынша, түнде Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде -2…-3°C дейін үсік жүреді.
Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:
Жоғары өрт қаупі: Жамбыл облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Түркістан облысының батысында және Абай облысының орталығында.Өте жоғары өрт қаупі: Жетісу облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының шеткі батысында.Бұған дейін 23-25 сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында күтілетін ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Екпінді жел, найзағай мен нөсер жауын: 19 сәуірде бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
18 Сәуір 2026 17:31
Нөсер жауын мен дауыл: 16 сәуірде қандай ауа райы күтеледі
15 Сәуір 2026 20:21
Қатты жаңбыр мен екпінді жел: 9 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады
09 Сәуір 2026 09:38
Циклон әсері: Қазақстанда жауын шашын мен аяз күтіледі
15 Сәуір 2026 12:55
1 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде тұман, екпінді жел және өрт қаупі күтіледі
31 Қазан 2025 22:52
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 18:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















