31 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
31 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр мен қар жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Синоптиктер төрт облыста 8 градусқа дейін үсік жүретінін ескертті.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сенбі күні еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар күтіледі. Ал елдің қалған бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін төмендеп, үсік жүреді.
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-шығыс пен шығыс өңірлерде түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.
Синоптиктер бірқатар облыста өрт қаупі әлі де жоғары екенін ескертті. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Қызылорда мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кейбір аудандарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:46
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 09:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















