Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

35 жасында темірмен тіл табысқан дәнекерлеуші әйел

35 жасында темірмен тіл табысқан дәнекерлеуші әйел

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

8 жыл бұрын жаңа салаға аяқ басқан ол қазір темірдің сылдыры мен электр доғасының жарығы үзілмейтін Атырау қаласындағы вагон құрастыратын зауытта дәнекерлеуші болып еңбек етеді. Жас мамандарды тестілеуден өткізеді.

Мейрамгүл Айдаралиеваның негізгі мамандығы — ұстаз. Бұл бала арманы болғанмен түрлі салада жұмыс істеген. 2018 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін өмір арнасын басқа бағытқа бету бұру туралы шешім қабылдапты.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

— Әкемнің көзі тірісінде пайдаланған құрал-жабдықтары мен керек-жарақтарына қарап тұрып, «әттең, әркімнің қолына кетеді-ау» деген ой санама сап ете қалды. Сол сәтте бойымда сенім пайда болып, жолын жалғаймын деген шешімге келдім, — дейді дәнекерлеуші Мейрамгүл Айдаралиева.

3 ай арнайы оқудан өтіп, Атыраудағы түрлі компанияда жұмыс істеген. Ресейдегі зауыттарда қызмет етіп, тәжірибе жинақтаған.

43 жастағы келіншек алғашында ер адамдардың тарапынан күмән мен сенімсіздіктің болғанын жасырмады.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

— Дәнекерлеуші болып алғаш рет кәсіпорынға жұмысқа орналасқан кезде бұл істің қыр-сырын үйреткен әріптестер болды. Дегенмен «асүйінде отыра бермедің бе?» деп күмән келтіргендер де кездескені жасырын емес. Мені көптің ойы алаңдатпады. Әкемнің атын шығаруды мақсат еттім. Жалпы мен екі темірді дәнекерлеп, құрастырғаннан шабыт аламын. Кейін оны зертханаға жібереміз.Қазір зауытқа жұмысқа кіруге келген жастардан тест қабылдаймын. «Мен биыл оқу бітірдім, қолым әлі үйренбеді, көмектесіп жібересіз бе?» деген жас өрендерге үйретуден күш аламын. Мен көрсетіп, жол сілтеген жастардың жұмысқа орналасуы маған қуаныш сыйлайды, жігер береді, — дейді дәнекерлеуші әйел.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Ол үшін зауыттағы жұмыс — тек жеке шеберлік емес, үлкен команданың еңбегі. Вагон жасау — бір адамның қолынан келетін іс емес.

Технологтар жобасын дайындайды, құрастырушылар мен монтаждаушылар бөлшектерді жинайды, тазалау мен тексеру жұмыстарын атқаратын өз мамандары бар. Ал дәнекерлеушілер сол еңбектің маңызды кезеңдерінің бірін орындайды.

— Біз жұмыста баллондарды да, темірлерді де өзіміз тасимыз. Баллонның өзі кем дегенде 80 килограмм болады, оны арбаға салып алып жүреміз. Аппараттарды көтереміз, сымдарын ауыстырамыз. Мысалы, бір сымның өзі шамамен 19 килограмм тартады, — деп жұмыс барысына тоқталды кейіпкер.

Ер адамдар басым өндіріс алаңында Мейрамгүл Айдаралиева өзін еркін ұстайды. Темірдің ортасында жүрсе де, оның болмысынан нәзіктік пен табандылық қатар байқалады.

Бір қарағанда ауыр өндірістің ортасында жүрген адамды елестету қиын, бірақ Мейрамгүл бұл саланы тек мамандық ретінде емес, жүрек қалауымен таңдаған жан. 

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Өндіріс алаңында ол — тәжірибелі маман, талапшыл ұстаз. Жұмыста темірден түйін түйген Мейрамгүл үйінде тоқумен айналысып, киім тігеді.

— Жұмыста мен өзімді әйел адам ретінде сезінбеймін. Бұл жерде мен маманмын, дәнекерлеушімін. Ал үйде — анамын, аяулы жармын. Өмірлік серігімді осы салаға келгенде кездестірдім. Ол да дәнекерлеуші. Тәжрірибесі менен көп болғандықтан білгенін үйретіп жүреді. Екеуміз де осы зауытта қызмет етеміз. Алғашында қызым мамандығыа қызығушылық танытты. Кейін мен қарсы болдым. Өйткені, өндірісте ер адамдардың арасында жұмыс істейтін әйел мінезді, батыл болуы керек. Болмысың мен кәсібилігің арқылы ортада жұмысыңды көрсете білу қажет, — дейді Мейрамгүл Айдаралиева.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Ерлермен өндірісте иық тірестіріп еңбек етіп жүрген Мейрамгүл Айдаралиева болашағын, алдағы өмірін осы мамандықпен байланыстырады.

Ел өндірісінің өркендеуіне үлес қосу, қосқысы келеді, шәкірт тәрбиелеп, еңбек нарығына кәсіби мамандарды дайындау — дәнекерлеуші әйелдің алға қойған мақсаттарының бірі.

Осыға дейін 30 жылдан астам уақыттан бері гүл сату бизнесімен айналысатын Бақыт Исхакова жылыжайға қызғалдақтың 12 түрінен 200 мың түп еккенін жазған едік.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 14:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары