Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

4739 деректі фильмі таныстырылды

4739 деректі фильмі таныстырылды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақма­рал Әлназарова, белгілі дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, реципиенттер мен олардың отбасылары, сондай-ақ фильмнің авторлары мен кейіпкерлері қатысты.

Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығы еліміздің бас­ты құндылықтарының бірі екенін үнемі атап көрсететініне тоқталды. Президент елімізде ағза трансплантациясының жүйелі түрде дамып келе жатқанын және отандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі жоғары екенін де айтқан еді. Бүгінде мамандарымыз заманауи технологияларды, жан-жақты дайындықты және тұтас бір команданың үйлесімді жұмысын талап ететін аса күрделі операцияларды жасап келеді.

«Жаңа Конституцияда әр адамның өмір сүру құқығы ешкім айыра алмайтын ең қымбат құндылық ретінде айқындалып, азаматтардың денсаулығын қор­ғауға мемлекет кепілдік бере­тіні бекітілген. Бұл – мемлекетке үлкен жауапкершілік жүктейтін қағидат. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін сақтап қалудың барлық мүмкіндігін – аурудың алдын алудан, оны дер кезінде анықтаудан бастап, күрделі емдеу тәсілдері мен трансплантацияға дейін – толық әрі тиімді пайдалануға тиіс. Үкімет трансплантация жүйесін одан әрі жетілдіруге, медициналық ұйымдардың кәсіби әлеуетін нығайтуға және халыққа түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыруға баса мән береді. Себебі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғау – мемлекет үшін бұлжымас әрі ең жоғары басымдық», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Фильмнің «4739» деп аталуының өзіндік мәні бар. Бүгінде ағза трансплантациясын күту тізімінде дәл осынша адам тұр. Олардың басым көпшілігі үшін трансплантация – өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі. Жыл сайын 350-ден астам пациент қажетті операцияны күтпестен көз жұмады. Сондай-ақ еліміздегі трансплантация операцияларының шамамен 90 пайызы тірі туыстық донорлардың қатысуымен жасалады. Ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың үлесі 10 пайызға да жетпейді.

Кейінгі бес жылда елімізде 1 500-ге жуық ағза трансплантациясы жасалды. Оның әрбір төртіншісі 2025 жылға тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе трансплантациясы бойынша 310 операция жасалды.

Балалар транспланто­логия­сының дамуы да маңызды жетіс­тікке айналды. Биыл елімізде алғаш рет балаға жүрек трансплантация­сы сәтті жасалды. Бұл жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты.

Бүгінде электрондық үкімет порталы арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ұстанымын 172 283 адам білдірген. Олардың 16 109-ы келісім берсе, 156 174 азамат бас тартқан.

Халықтың хабардарлығын арттыру және қоғамда ашық пікір алмасу азаматтардың саналы шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Мұндай шешім болашақта құтқарушы трансплантацияны әлі де күтіп жүрген адамдарға өмір сүруге мүмкіндік сыйлауы мүмкін.

24KZ телеарнасының жур­налисі Назерке Тоқжан мен режиссер Берік Шаров түсірген туынды пациенттердің, олардың отбасылары мен медицина қызметкерлерінің шынайы оқи­ғалары арқылы адам өмірінің құндылығы, жауапкершілік және дер кезінде қабылданған шешімнің маңызы туралы мәсе­лелерді көтереді. Фильм түрлі көзқарастар мен өмірлік ұста­нымдарға құрметпен қарай отырып, ағза трансплантациясы жөнінде қоғамда ашық әңгіме өрбітуге ықпал етуді көздейді.

Деректі фильмді 24 шілде күні сағат 19:30-да 24KZ телеарнасынан көруге болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары