Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

70 миллион теңгенің жылқысын таратқан жылқышы сотталды

70 миллион теңгенің жылқысын таратқан жылқышы сотталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ол төрт жылға жуық уақыт ішінде 34 азаматқа тиесілі 150 бас малды рәсуа етіп, жоғалған малдың ізін жасыру үшін біреудің жылқысын екіншісіне беріп отырған. Келтірілген шығын көлемі 70 миллион теңгеден асып жығылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сотта анықталғандай, Г. есімді азамат жылқышы болып жұмыс істеп, 34 тұрғынмен жылқы бағуға қатысты ауызша келісім жасасқан. Мал иелері оған төрт түлігін сеніп тапсырып, белгіленген мөлшерде ақы төлеген. Ал жылқышы өз кезегінде малдың сақталуына жауап беруге және сеніп тапсырылған мүлікке материалдық жауапкершілік алуға міндеттенген.

Алайда 2021-2025 жылдар аралығында ол бұл сенімді өз пайдасына өрескел пайдаланған.

Тергеу және сот барысында Г.-ның жалпы саны 150 бас малды, оның ішінде бие, тай, айғыр, құлын және 10 бас ұсақ малды иемденіп, талан-таражға салғаны анықталды. Жоғалған малдың барлығы 34 азаматқа тиесілі болған.

Ең қызығы, жылқышы жоғалған жылқылардың ізін бірден жасырудың амалын да тапқан. Ол бір иесінің жоғалған жылқысының орнына басқа азаматтың малын беріп отырған. Осылайша, мал иелерінің алдында пайда болған кемшілікті уақытша жауып, біреудің жылқысын екіншісіне таратып отырған.

Нәтижесінде, азаматтарға келтірілген жалпы материалдық шығын 70 миллион теңгеден асып кеткен.

Бұдан бөлек, жылқышы тағы бір алаяқтық әрекетке барған. Ол үйірге айғыр сатып алуға қаражат жиналып жатқаны туралы жалған ақпарат айтып, жылқы иелерінен ақша жинаған. Сенім білдірген бес азамат оған қаражат аударған. Алайда Г. жиналған ақшаны өз қалауынша жұмсап, нәтижесінде бес адамға жалпы сомасы 40 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

– Осы әрекеттері үшін Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақтарында көзделген бірнеше рет, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ысырап ету және жымқыру, сондай-ақ 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көрсетілген алаяқтық жасағаны үшін сот алдында жауап берді, - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкім шығарған кезде сотталушының асырауында төрт кәмелетке толмаған баласы бар екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң қолданылып, Г.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық қанағаттандырылды. Сот шешімімен Г.-дан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық шығын ретінде жалпы сомасы 70 млн теңгеден асатын қаражат өндірілетін болды. Айта кетейік, сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары