Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

700 адам көшіріліп, мыңнан астам техника дайындалды: Ақмола облысы су тасқынына дайын ба

700 адам көшіріліп, мыңнан астам техника дайындалды: Ақмола облысы су тасқынына дайын ба

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапардың алғашқы күні Премьер-министрдің орынбасары Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы ұзындығы 6,3 шақырымды құрайтын жаңа қорғаныс дамбасын қарап шықты. Бұл нысан көп жылдан бері өзекті болып келген су тасқыны мәселесін шешуге мүмкіндік беріп, жалпы саны 15 мың адам тұратын жақын маңдағы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді.

Шортанды ауданында «Дамсинская» бөгетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда шлюз-қақпаларға реконструкция жүргізіліп, Дамса өзені арқылы өтетін 5 млн текше метрге дейін су көлемін реттеуге мүмкіндік жасалды. Бұл Дамса, Шортанды, Степное және Научный ауылдарын су басу қаупінен қорғауға бағытталған.

Екінші күні Қанат Бозымбаев Атбасар қаласындағы Жабай өзенінің арнасын тазарту және қорғаныс үйіндісін тұрғызу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда өзеннің 7,2 шақырым учаскесі тазартылды. Қазіргі уақытта арнаны тереңдету, кеңейту және түзеу жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ қала маңында қорғаныс дамбасы салынуда.

Фото: Үкімет

Сонымен қатар «Атбасар – Сочинское» автожолы бойында жыл сайын су басу қаупі төнетін аумақта жаңа автомобиль көпірінің құрылысы аяқталды. Бұл Атбасар ауданындағы төрт елді мекеннің 2 мың тұрғыны үшін тасқын кезеңінде көлік қатынасының үзілу мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Бұдан кейін Премьер-министрдің орынбасары Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылы маңындағы Қалқұтан өзенінің арнасын түзеу, тазарту және тереңдету жұмыстарымен танысты. Биыл ұзындығы 20,8 шақырымды құрайтын Қалқұтан өзенінің жағалауын бекіту және арнасын тереңдету жобасы басталды. Қалқұтан, Ескі Қалқұтан және Еңбек ауылдарын су басу қаупін азайту мақсатында 17 млн текше метрге дейін еріген суды ұстай алатын «Қызыл Жұлдыз» бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Целиноград ауданында Қанат Бозымбаев Ақмол – Нұресіл – Талапкер облыстық жолының апатты учаскесінде автомобиль көпірін салу мәселесін талқылады. Бұл Есіл өзенінің арнасын түзеу жобасын толық аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Целиноград ауданында атқарылған тасқынға қарсы іс-шаралар туралы есепті тыңдады.

Фото: Үкімет

Жалпы Ақмола облысында тасқынға қарсы шаралар 163 елді мекен мен 32 жол учаскесін қамтыды. 70 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Қалған елді мекендерде қауіп барынша азайтылды. Соңғы екі жылда су басу қаупі бар аумақтардан 718 отбасы көшірілді.

Азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бұл – 2,5 мың адам, 1 мыңнан астам техника, 400-ге жуық мотопомпа және 37 жүзу құралы. Қажетті инертті материалдар, қаптар мен жанар-жағармай қоры дайындалды.

15 наурыздан бастап тасқынға қарсы штабтар тәулік бойы жұмыс істейді. Қауіпті учаскелерде тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында 19 дрон қолданылуда.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Ақмола облысында тасқынның шарықтау кезеңі 30 наурыздан кейін болады деп күтіліп отыр. «Tasqyn» ақпараттық жүйесіндегі модельдеу нәтижелері бойынша қауіп аймағында Астрахан, Атбасар және Бұланды аудандарындағы елді мекендер бар.

Фото: Үкімет

-Біздің міндетіміз – тасқынның шарықтау кезеңін толық дайындықпен қарсы алу. Барлық алдын алу шаралары барынша қысқа мерзімде аяқталуы тиіс. Алдын ала әрекет етіп, қауіп аймағындағы елді мекендердің толық дайын болуын қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер қарды тәулік бойы шығаруды қамтамасыз етуді, өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын жеделдетуді, уақытша орналастыру пункттерін тексеруді, қажетті техника мен материалдардың резервін дайындауды, сондай-ақ халықты уақтылы ақпараттандыруды тапсырды.

Осыған дейін су тасқыны қарсаңында көлік инфрақұрылымына ерекше бақылау енгізілгені туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары