Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

9 жылда 900 сағат: Сирияға алғашқы көмекті жеткізген қазақстандық ұшқыш

9 жылда 900 сағат: Сирияға алғашқы көмекті жеткізген қазақстандық ұшқыш

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Солардың бірі — 9 жыл ішінде әуе кеңістігінде 900-ден астам сағат өткізген кеме командирі Берікболсын Хабиболла. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғаш рет ұшақ тізгіндеген ұшқыштың өмір жолы мен Сириядағы гуманитарлық миссиясы туралы айтып берді.

Берікболсынның ұшқыш болуына нағашы ағасының ықпалы зор болған. Кішкентай кезінен әуежайда ұшақтарды көріп өскен ол 9-сыныпта Астанадағы азаматтық авиация орталығына қабылданады. Денсаулығы да жарап, тестілеуден мүдірмей өткен жасөспірім мектептен кейін қосымша сабақтарға қатысып, алғаш рет аспанға көтерілген.

— Бұл менің әуе кемесіне бірінші рет көтерілуім еді. Азаматтық авиация орталығы мектептерден жасөспірімдерді таңдап, емтихан алып, кішкентай ұшақпен ұшуға мүмкіндік берді. Нағашы ағам да ұшқыш болғандықтан, әуе кемелері маған бұрыннан жақын еді. Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында оқып жүріп, Латвия, Литва, Эстония, Германия мен Испанияда тәжірибеден өттім. Piper, Cessna, Texan ұшақтары мен тікұшақтарды басқаруды үйрендім, — дейді Берікболсын Хабиболла Jibek Joly телеарнасының Bugin LIVE бағдарламасында.

Ұшқыштың айтуынша, Түркия мен Сириядағы жойқын зілзала кезінде Ұлттық ұланның Е8 көлік ұшағы Сирияға ең алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жеткізді. Байланыс пен навигация қиындықтарына қарамастан, тапсырманы мінсіз орындаған Берікболсын «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

— Сирияға гуманитарлық көмекті біз бірінші болып жеткіздік. Бұл жағдайда байланыс пен навигация бойынша қиындықтар көп болады. Ал аспандағы ең ерекше сәттердің бірі — Барселонаның үстінде ұшып бара жатқан кезім еді. Төменде жаңбыр, сұр бұлт, бірақ бұлтты тесіп шыққанда күн тек маған ғана жанып тұрғандай сезілді. Ондай көріністі сезінген адам аспаннан ешқашан шыға алмайды, ол жүректе мәңгілік қалады, — деп ағынан жарылды ұшқыш.

Бүгінде Берікболсын Ұлттық ұланда аптасына 3-4 рет оқу-жаттығу ұшуларын өткізіп, кез келген ауа райы жағдайында әуе кемесін басқару шеберлігін шыңдап жүр. Оның айтуынша, ұшқыш болу үшін тек физика мен математиканы білу жеткіліксіз, темірдей тәртіп пен мықты денсаулық қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе аумағында құтқару, науқастарды тасымалдау тапсырмаларын орындайтын жас ұшқыш Битөре Оразбаймен қызметі жайлы сұхбат құрған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:263
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 17:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see146

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see136

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see125

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see123

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see120

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see117

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары