Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Адал азамат мемлекет тірегі

Адал азамат мемлекет тірегі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгінде адам капиталын дамыту – мемлекетімізді жаңғыртудағы басты бағдарлардың бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік басқарудан бастап, жеке сектор мен қоғамдық өмірдің барлық саласында кәсібилік пен адалдық қағидатын ілгерілетудің маңызы артып келеді. Бұл – кейінгі жылдардағы еліміздегі өзгерістер аясында өзінің өзектілігін арттырып отырған мәселе.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Елімізде мемлекеттік бас­қа­руда орын алып жатқан барлық өзгеріс Президент бас­тамашылық жасаған Әділетті Қазақстан идея­сы аясында жүзеге асырылып жатыр. Ха­лық­тың талап тіле­гіне құлақ асу мемлекеттік орган­дардың жұмысына қойы­латын міндетті талапқа айналды. Мем­лекеттік басқарудың жаңа мәде­ниеті халық үніне құлақ асудан көрініс тапты. Президент айқын­даған «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты бү­гінде мемлекеттік қызметтегі өз­ге­рістердің өзегіне айналып отыр.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бас­тысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйт­песе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деген болатын.

Шын мәнінде жаңғыру үшін жаңа сападағы ұлт қа­лып­тасты­ру мәселесінің күн тәртібіне шы­ғуы – заңдылық. Өзгеріске деген сұраныстың артуы уақыт талабы. Өзгеріс – өмір заңы. Оның табиғаты – жаңару. Өзгерістің ақиқаты – оның тұрақты жүзеге асатындығында. Ежелгі грек ойшылы Гераклит айтқандай, «дүние ағып жатқан өзен секілді, ештеңе бір сәт те тоқтамай­ды». Бұл қағида бүгін де өзекті. Өзгеріс тек өзгеріс үшін ғана болмай нақты нәтижеге бас­таса, оның сапалы өзгеріске айнал­ғаны. Өзгерісті қалыптасқан қатынастарды бұзушы, түбегейлі қайта қалып­тастырушы құбылыс ретін­де біржақты түсінбей, оны адам өмірінің, көзқарасы мен дүниетанымының, қоғам­дық сананың жаңа сапаға көтерілуі­мен өлшеген абзал. Әділетті Қазақстан құру идеясы – осындай сапалы өзгеріске ұмтылыстың бүгінгі айқын көрінісі.

Президент Әділетті Қазақ­станды құру үшін әрбір отанда­сы­мыз адал азамат болуға ұмтыл­уы қажет екенін атап өтті. Әді­лет­ті Қазақстан және Адал азамат – бір-біріне етене жақын ұғымдар. «Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөз­бен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Адал азамат – ел тірегі, елдің арқа сүйері. Біз оны осылай түсінуіміз қажет. Адал аза­мат­қа тән ең басты қасиет – жауап­кершілік. Өзін азаматпын деп санайтын әр адамның мойнына Заң мен тәртіп қағидатын қатаң сақтау міндеті жүктеледі. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бұл – әр адамның отбасының, қоғамның, отанның алдындағы жауапкершілігі. «Ерден ердің несі артық? Елге қылған ісі артық» деп ақын Қадыр Мырза Әлі дөп айтқан.

Себебі қоғамда өмір сүрген­нен кейін азаматтық міндеттер бар, сол міндеттен ешкім тыс қала алмайды. Жауапкершілікті өзгеге жүктемей әркімнің өз мойнына ала білуі маңызды. Ата-ананың, отбасының, жал­пы қоғамның, қоршаған орта­ның алдындағы адамның өз міндетін сезінуі азаматтық сананы қалыптастырады. Отан ал­дындағы міндетті се­зі­­ну мем­­лекеттік сананы ту­ды­ра­ды. Отан алдындағы мін­дет – мем­­лекеттің, келер ұрпақ­тың ізгі болашағы үшін үлес қосу. Сондықтан азамат болуды міндет деп қараудың фило­софиялық мәні терең. Олай болса, «Адал азамат» ұғымының мәні еселене түседі. Адалдық пен азаматтықты бірге алып жүру кемел ақыл-парасат пен жауапкершілікті талап етеді. Президент айқындаған Адал азамат – жаңа сападағы тұлғаға қойылатын талап. Әділетті Қа­зақстанды орнықтыратын осы жаңа сападағы тұлғалар. Адал азаматтардың қатары көбейсе, жаңа сападағы ұлтқа айналу­дың көкжиегі көрінбек. Мұның барлығын Президент қарапайым түсінікте «Отаншылдық, адам­гершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбек­қорлық, ел мен жерге жана­шырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осын­дай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бірауыз сөзбен сипаттауға болады», деп бейнелеп берді.

Жаңа сападағы мемлекеттік қызметшіні қалыптастыруда Мемлекет басшысы атап көрсет­кен «Адал азамат» идеясы маңыз­ды рөлге ие. «Адал азамат» жаңа кезеңнің мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек деген сұраққа берілген нақты әрі толымды жауап болды. «Адал азамат» идеясын ілгерілету – қоғамдық сананы өзгертуге жасалған қадам. Жаңа тұлғалық болмыс қалып­тастыру әсіресе ақпараттық технология­лар аршындап қадам басқан қа­зір­гі заманда өзінің өзектілігін барын­ша арттырып отыр.

Бұл орайда өзгерістерді сабақтастық үрдісі арқылы эво­люциялық жолмен жүзеге асырудың мәні зор. Мәселен, ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары жаңа болмысқа сай адами тұлға қалыптастыруды басты мәселе санады. Себебі олар өзгерістерді жүзеге асыратын тұлғалар іздеді. Тарих көрсеткендей, ешбір қоғам өткен буынның ақыл-парасатынсыз ілгері басқан емес. Бірақ бүгінгі жаһанда­ну заманындағы жаңа тұлғаға қойылатын талаптар әлдеқайда жоғары әрі жауапкершілік жүгі аса ауқымды екенін де ескеруі­міз керек. Өйткені мемлекеттік қызметші тек кәсіби тұлға емес, ол – мемлекеттің айнасы. Сондықтан бүгінгі мемлекеттік қызметші заманның ең озық инновациялық әлеуетін бойы­на сіңіре отырып, мәдениет пен тарихты және руханиятты терең білуі керек. Әділдік пен адалдыққа деген ортақ құр­мет, оған сенім – қоғамды бірік­тіретін күш екенін жете ұғынуы қажет. Себебі «Адал азамат» – өзгерістердің ел игілігі жолында жүзеге асуына мүдделі, кәсіби, жауапкершілікті тұлға.

Әділетті Қазақстанды қа­лып­тастырудағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі олардың кәсібилігі мен адалдығынан, елге ашық, шынайы қызмет етуге деген ұмтылысынан көрініс табуы қажет. Президенттің «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады» деген тұжырымының мәнісі осында.

Қоғам қазір жылдам өзгеріп жатыр. Ақпарат – қолжетімді, азаматтардың талабы – жоғары. Мұндай жағдайда бұрынғыдай бюрократиялық тәсілдермен қызмет жасау мүмкін емес. Мем­лекеттік қызметші енді озық технологияларды, жасанды ин­теллектіні меңгерген, креативті әрі жаңашыл ойлайтын тұлға болуға тиіс. Ол өзгерістердің алдында тұрып, олардың сапалы жүзеге асуы­на мүдделі болуы қажет. Мем­­лекеттік қызмет істері агент­тігі бүгінде осындай жаңа фор­маттағы мамандарды тәрбие­леуді қолға алып жатыр. Бұл үшін ескі әдеттерден арылып, формализм мен имитацияға жол бермеудің нақты тетіктері енгізілуде.

Осы орайда ендігі жаңа кезең­­де мемлекеттік қызмет­шіден отанға деген адалдық, ашық­тық, клиентке бағдарлану, жауап­кершілік және есептілік талап етіледі. Жаңа кезеңнің мемле­кеттік қызметшісіне өзін-өзі ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру тала­бы қойылады. Ол өз ісін үнемі қа­дағалап, кемші­ліктермен жұмыс істеуі керек. Хакім Абай айтқан «ыс­тық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жү­рек» мемлекеттік қызмет­ші­нің тұлғалық болмысын анықтау­шы қасиеттер екенін ұғынуы қажет.

Кәсіби дағдылармен бірге адаммен тіл табысу, пікір алмаса білу, эмоцияны басқара білу сынды қабілеттерді дамыту да маңызды. Себебі мемлекеттік аппараттың басты міндеттерінің бірі – халықтың үніне, талап-тілегіне құлақ асу. Өйткені мем­ле­кеттік қызмет – жеке пайда іздейтін орын емес. Бұл – халық алдында есепті болу. Президент атап өткендей: «Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәу­ле­тін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқының алдында айрық­ша жауапкершілік арқалау деген сөз».

Еліміздегі мемлекеттік бас­қарудың жаңа мәдениеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына арқа сүйеп отыр. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара се­німге негізделген мемлекет­тік басқарудың «адамға бағдар­ланған» моделін қалыптасты­ру Мемлекет басшысының «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Мұндай талаптар «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасында ескерілді. Бұл жаңа заң жобасы қазіргідей тек еңбек қатынастарын, яғни мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және оны тоқтату мәселелерін реттеумен шектелмейді. Ең бастысы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының адамға бағдар­ланған үлгісін бекітуді көздейді.

Бұған қоса қоғамда жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қа­лып­тастыру – ең өзекті мін­дет­тер­дің бірі. Біздің басты мақ­сатымыз – сыбайлас жемқор­лыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу. Алайда нақты өзгеріске қол жеткізу үшін адалдық мәде­ниетін қалыптастыру қажет. Тағы да «Адал азаматқа» деген қа­жет­тілік алдымыздан шығады. Менің ойымша, бәрі адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Егер мемлекеттік қызметші жеке жауапкершіліктен жұрдай болып, әдеп қағидаттарын елемесе, онда оны тіпті қатаң жаза­ла­намын деген үрей де тоқта­та алмайды. Сондықтан Адал­дық қағидатының біздің өміріміз­дің барлық саласына орнығуы ерекше маңызға ие. Бұл ретте Мемлекет басшысының «Сыбай­лас жемқорлықтың өзіне тән себептері мен алғышарттарын жой­майынша, бұл шаруа – жел диірменімен күресумен бірдей» деген сөзін қаперде ұстауымыз керек.

Бүгінде мемлекеттік қызмет­тердің 90 пайыздан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Бұл жылына шамамен 250 млн қызмет – қағазбастылықсыз, кезексіз, парақорлықсыз ашық түр­де атқарылады деген сөз. Ашықтық бар жерде жемқор­лыққа орын жоқ екенін көріп отырмыз.

Жасанды интеллектінің да­муы келешекте қоғамдық қаты­настарды түбегейлі өзгерте­ді деп күтіліп отыр. Оны бүгін­нен бастап түсініп білген елдер алға озбақ. Мемлекет басшы­сының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – ертеңгі күнді бү­гіннен ойлаудың көрінісі. Жолдауда айтылғандай, заманауи технологиялар болашақта шешуші рөл атқармақ. Жасан­ды интеллектінің дамуы мем­лекеттік қызметке жаңаша серпін беруде. Қазіргі таңда Мемлекеттік басқару академиясында Жасанды интеллект зертханасы құрылып, Smart HR жүйесі іске қосылды. Бұл кадр­ларды әділ әрі тиімді іріктеуге және басқаруда ашықтықты арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық трансформация басқаруда ашықтық пен тиімділікті арттырып, адалдық қағидаттарының орнығуына үлесін қосып жатыр.

Мемлекеттік секторда адам капиталын басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға бағытталған осы цифрлық баста­малар алдағы уақытта да кадр саясатын жаңа сапаға көтере бермек. Бұған қоса жаңа сапа­дағы тұлға қалыптастыруда елдің әрбір азаматының саналы таңдауы мен жауапкершілігі үйлесімді байланыс табуы қа­жет. Жаңа сапаға ұмтылыс – Қа­зақ­станның қазіргі және бола­шақ өркенді істерінің берік негізі.

Осы тұрғыдан алғанда, «Адал азамат» – жай ғана тұжы­рым­дама емес. Ол мемлекет пен ел мүддесіне адал қызмет ететін, моральдық және басқарушылық құндылықтар үйлесімін тапқан, өзгерістерді тиімді жүзеге асыра алатын, жауапкершілікті тұлғаның жаңа моделі. Ел қашанда осындай тұлғаларына арқа сүйемек. Олай болса, Адал азаматтардың көп болуы – мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі.

Дархан ЖАЗЫҚБАЙ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 08:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары