Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Адам еңбегін роботтар атқарады

Адам еңбегін роботтар атқарады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәселен, Атыраудағы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) зауыты – еліміздегі алғашқы роботтандырылған өндірістердің бірі саналады. Алғашқы біріккен газ-химия кешенінің құрылысын жүзеге асыратын жетекші кәсіпорын бүгінде Қазақстанның мұнай-химия саласының дамуына маңызды үлес қосуда. Аталған өндіріс ошағында дайын өнімді сақтау және тасымалдау процестері толығымен автоматтандырылған. Бұрын жұмысшылар ауыр паллеттерді (1,5 тоннаға дейін) арнайы техникамен жылжытса, бүгінде бұл міндетті роботтар атқарады.

Зауыттың жаңа роботталған қоймасы WES (Warehouse Executive System) интеллек­туалды платформасы арқылы басқарылады. Ол өндірістік желілермен тікелей байланы­сып, процесті нақты уақыт режимінде ба­қы­­лайды. Осылайша, адамның физикалық ең­­­бегі цифрлық басқару жүйелерімен алмастырылып, жұмыс тиімділігі айтарлықтай артты.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының бұл бастамасы елімізде индустрия 4.0 стандарт­тарын енгізудің жарқын мысалына айналды. KPI тәжірибесі кейін басқа өндіріс орын­дарында да қолданылмақ.

Сондай-ақ Атыраудағы KMG Automation компаниясы – Schneider Electric және «ҚазМұнайГаздың» бірлескен жобасы. Мұнда қысымды өлшейтін датчиктер мен өндіріс процестерін басқаруға арналған заманауи автоматтандырылған жүйелер шығарылады. Жоба іске қосылған алғашқы кезеңде-ақ бірнеше жоғары білікті инженер мен IT-мамандар жұмысқа тартылған.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жанұзақовтың пікірінше, өндірістен бөлек, агросекторды дамытудағы негізгі бағыт та жасанды интеллектімен байланысты.

– Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру үшін ең алдымен процестерді цифрландыру қажет. Дәлме-дәл егіншілік пен мал шаруашылығын басқаруда сенсорлар, дрондар мен жасанды интеллект үлкен рөл атқарады. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, шығынды азайтады, ал блокчейн техноло­гиясы өнімнің егіс даласынан тұтынушыға дейінгі қозғалысын ашық әрі сенімді қада­ғалауға мүмкіндік береді, – дейді ғалым.

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің базасында өткен алғашқы агрофорум осы бағыттағы ілкімді қадам болды. Форум ба­рысында ұсынылған «Ауыл шаруашылығын цифрға трансформациялау» жобасы барлық қызметтер мен процестерді электронды форматқа көшіруді мақсат етті.

Жоба аясында жасанды интеллект егіс алқаптарын суару, тыңайтқыш шашу, өнім жинау процестерін оңтайландырып, фермерлерге нақты уақыт режимінде шешім қабылдауға жол ашады.

Қазір құқық қорғау органдарының да жұмысы жасанды зердемен қабыса бастады. Атырауда жол қозғалысын басқару мақсатында «ақылды бағдаршамдар» жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, көлік ағынын тиімді реттеуге бағытталған. 

– «Ақылды бағдаршамдар» әсіресе кептелісті азайтып жатыр. Бұрын жұмыстан үйге қайту үшін көліктің өзімен 30 минут жүретін болсам, қазір жолға 20 минут уақы­тымды жұмсаймын. Үнемделген 10 минутым үй жанындағы дүкеннен нан, сүт алуға кетеді, – дейді қала тұрғыны Айман Нұрмышева. 

Қазір бағдаршамдар сынақ-тестілеу режимінде жұмыс істеп тұр. Айта кетелік, қазір бір ғана Атырау қаласының ішінде барлығы 78 бағдаршам орнатылған. Жоба аясында 160 мыңнан астам дерек жүйеге енгізіліп, арнайы талдау алгоритмдері ар­қылы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын оңтайландыру көзделуде.

Мамандардың пікірінше, автоматтанды­ру мен роботтандырудың басты артықшылы­ғы – дәлдік, қауіпсіздік және тиімділік. 

– Роботтар тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істей алады, қателік ықтималдығы аз және адам өміріне қауіпті аймақтарда да қауіпсіз еңбек етеді. Алайда бұл үдеріс кейбір ма­мандықтардың жойылуына немесе өзгеруіне әкелуі мүмкін. Қойма, логистика және өн­ді­рістегі қол еңбегі азайып, оның орнына инженерлер, бағдарламашылар, техникалық операторлар және IT-мамандардың маңызы артып келеді, – дейді робототехника маманы Асқар Алдан.

Атырау облысы – Қазақстандағы ин­дус­трияландыру мен мұнай-химия саласы­ның ірі орталығы. Сондықтан мұндағы робот­тан­дыру жобалары басқа аймақтарға үлгі болуы мүм­кін. Кәсіпорындар жаңа техно­ло­гиялар­ды енгізу арқылы халықаралық дең­гейдегі тиімді­лік пен сапа стандарттарына ұмтылуда.

Дегенмен бұл өзгерістер қоғамнан да бейімделуді талап етеді. Білім беру жүйесі жаңа буын мамандарын – робототехни­ка, автоматтандыру және цифрлық техноло­гия­лар саласындағы кадрларды дайындауға бағытталуға тиіс.

Әйтсе де, Атыраудағы өндірістерде адамдарды роботтар толық алмастырды деу әлі ерте. Бірақ үрдіс анық байқалады: адам еңбегі біртіндеп қол күшінен зияткерлік және басқарушылық сипатқа ауысуда. Технологиялар еңбек сипатын өзгертіп, өңірдің экономикалық болашағын жаңа деңгейге көтеріп келеді.

Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – адамды өндірістен ығыстыру емес, оның еңбегін тиімді ету, шығармашылық және басқару­шылық қабілеттерін ашу.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 06:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары