Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Адам жанының арашасы

Адам жанының арашасы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әрине, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Ал сол өмірдің шырағын сөндірмей, денсаулықтың сақшысы болып жүрген дәрігерлердің еңбегін бір ғана өлшеммен бағалау мүмкін емес. Әсіресе, ауылдық жерде күн мен түнге, ауа райына, уақытқа қарамай халықтың жанынан табылатын дәрігерлердің жауапкершілігі ерекше болса керек. Нұржамал Баяхметқызының да еңбек жолы осы сөздің нақты дәлелі дей аламыз.

1959 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген Нұржамал Бимағанбетова жастайынан білімге құштар болып өсті. 1976 жылы Торғай орыс орта мектебін тәмамдап, Алматы медицина институтына оқуға түседі. Сол кезден бастап оның өмір жолы медицинамен, адам денсаулығын қорғаумен тығыз байланысып кетті.

Жас маман оқуын аяқтаған соң еңбек жолын Жангелдин аудандық орталық ауруханасында бастады. Содан бері ондаған жыл бойы туған өлкенің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп келеді. Дәрігер, отбасылық дәрігерлік емхана меңгерушісі, орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары секілді жауапты қызметтерді атқарып, әріптестері мен халықтың құрметіне бөленді.

Нұржамал Баяхметқызы – жоғары санатты терапевт дәрігер. Оның кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті сан мәрте жоғары бағаланды. Денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы берілді. 2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады

Мамандыққа деген жауапкершілік пен үздіксіз ізденіс оның кәсіби даму жолында әрдайым басты ұстаным болды. 2012 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті тарапынан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу және медициналық қызмет сапасын бағалау саласы бойынша куәлік алды. Бұл оның тәжірибесі мен біліктілігінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

2011 жылы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен облыстық байқауда «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының жеңімпазы атанып, республикалық деңгейдегі байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сол жылы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталса, 2012 жылы Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасына ие болды.

Нұржамал Баяхметқызының қызметі тек медицинамен ғана шектелген жоқ. Халық сеніміне ие болған ол Жангелдин аудандық мәслихатының депутаты болып сайланып, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге де өз үлесін қосты.

Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр

Дәрігердің кәсіби жетістігі оның кабинет қабырғасындағы марапаттарымен ғана өлшенбейтіні анық. Ол алғыс айтып келген науқастардың ықыласында, талай отбасының амандығында, елдің сенімінде болса керек. Нұржамал Баяхметқызының ғұмыры осындай сенім мен құрметке толы еңбек жолымен ерекшеленеді.

Президент қолынан алған дәрежелі марапат ауыл медицинасында аянбай еңбек етіп жүрген мыңдаған ақ халатты абзал жанның еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі деп түсінеміз. Ал Нұржамал Баяхметқызы сол буынның ең көрнекті өкілдерінің бірі ретінде туған өлкесінің тарихында өз қолтаңбасын қалдырды.

Білікті маманның өмір жолы жас дәрігерлерге кәсібіне адалдықтың, елге қызмет етудің және адам денсаулығын бәрінен биік қоюдың жарқын үлгісі болып қала бермек.

«Құрметіңіз» құтты болсын, адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жан!

Гүлім ЫСМАҒҰЛ, журналист

Қостанай облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Маусым 2026 20:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары