Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Әділет әлемі мектептен басталады

Әділет әлемі мектептен басталады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мәселен, мектеп оқушыларына арналған зерттеу жобалар, бейнероликтер, көркемсурет байқауын ұдайы өткізіп жатыр. Біз профилактикалық жұмыстардың бірі де бірегейіне айналған жоба үлгісін көргендейміз.

Елордадағы №97 мектеп-гимназиясында «Әділет алаңы» құқықтық кабинеті ашылды. Ал мектеп ұжымы бұл сәтке екі жыл­ға жуық дайындалып, ұзақ мер­зімде түрлі бағытта еңбек еткен. «Әділет алаңына» бас сұғып, мек­тептің құқықтық бағытта атқарып жатқан жобаларына куә болдық. Іс-шараға Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Асима Бимендина, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ және прокуратура және полиция қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Таң-тамаша еткен жағдай, мек­тептен оқушылардың практи­калық дайындығына қажет арна­йы «Сот залын» да таба аласыз. Оқушылар қалалық прокуратура мамандарынан практикалық ілім алып, сот процесін шынайы сах­налады. Бұл – енді бөлек әңгіме. Алдымен, мектептің «Әділет мек­тебі» жобасы жайында сөз етелік. 

2024 жылы №97 мектеп-гим­назиясы оқушыларға есігін айқара ашып, жұмысын бастаған. Сол сәттен бері білім беру ұйымының басты миссиясы – тілдерді терең­детіп оқыту, білім алушыларды халықаралық өзгерістерге бейім, құндылықтарға бай парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, бұдан кейінгі ретте тарих пен құқықтану пәндерін оқытуға бағыттанған. Мектеп ашылған сәттен «Әділет мектебі» жобасының бағдар­ла­масын жасақтап, концепциясы мен сабақ жоспарын дайындап, Астана қаласының Білім басқар­ма­сы мен әдістемелік орталығы­мен бірлесе жұмыс істеуді қолға алған. Білім басқармасы 2025-2026 оқу жылына білім беру ұйым­дар­ында экспериментті, инновация­лық жобаларды іске асыру мақ­сатында қолдау берген. Қазір бұл бағдарлама негізінде 8 мектеп жоба­сын іске асырып жатыр. 

Байқауымызша, «Әділет мек­тебі» жобасы – заман талабынан туындаған бастама. Мектеп ди­ректоры Зәмзагүл Ертайқызының айтуынша, жоба аясында оқушы­лар­дың әлеуметтік желіге тәуел­ділігін, басқа да мәселелерді ес­кере отыра жүргізуді жөн көрген. 

– Бүгін «Әділет мектебіне» 50 оқушы салтанатты түрде қабыл­данады. Оқушылар арнайы ірік­теуден өткен жоқ, өз қалауы­мен және ата-ана келісімімен жобаға қабылданды. «Әділет мектебінің» мүшелері мектепте 4 жыл бойы құқық саласын тереңірек оқып, білім алады. Мектепті бітірген соң ары қарай ізденісін жалғастыру өз таңдауына байланысты. Бастысы, кез келген салада адам құқығын зерттеп-зерделеп, заңды білу артық етпейді. Олар Құқықтану және «Әділет алаңы» кабинет­терінде практикалық білім жинай­ды, – дейді Зәмзагүл Ертайқызы.

Оқушылар кино түсіріп жатыр

Мектеп ұжымы жобада оқу­шы­лардың шығармашылыққа қызығушылығын ояту үшін бір­неше қысқаметражды фильм түсіруді мақсат еткен. Мектеп әкім­шілігі «Заң және тәртіп» тұ­жырымдамасы аясында кастинг жариялап, арнайы байқау өткіз­ген. Байқау нәтижесінде жұмысы үздік танылған оқушылар өз фильмін түсірген. Фильм сцен­арийін жазып, түсірілімді ұйым­дас­тырып, киноға түскен де оқу­шылардың өзі. Оқушылардың шығармашылық жұмысы Астана емес, республика көлемінде құ­қық­бұзушылықтың алдын алуға әсер етіп, әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған. Киноға түскен оқушылармен де аз-кем тілдескен едік. 

– Қазір 8 «Ә» сыныбында білім алып жатырмын. Фильмге түс­кенде, буллингтің қоғам үшін қан­дай маңызды мәселе екенін, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін терең түсіне білдім. Менің ойымша, әрбір оқушы мектепте өзін қауіпсіз сезіну ке­рек, – дейді Адель Шадартаева.

Ал 11-сынып оқушысы Аман Рақымжан бұл фильмдер қоғам дертіне айналған мәселелерге азаматтық қарсылық білдірудің нышаны екенін айтады. 

– Жалпы, сіз көрген бейне­ма­териалдар кейінгі кездері болып жатқан мәселелерден туды. Жұ­мыстарды зиян әдеттерге, қоғам дертіне қарсылығымызды көрсету үшін түсірдік. Минифильм­дері­мізді елдің түкпір-түкпіріндегі жұрт, тіпті оқушылар да көрді. Қуанарлығы, туындымыз Kinoplexx, Kinopark, IMAX кинотеа­тр­ларында да жарнама ретінде көрсетілді, – дейді Аман Рақым­жан. 

Мектеп басшысының айту­ынша, жақында тағы бір туынды жарық көрмек. 12 бөлімнен тұратын «Әділет мектебі» сериалы балалар арасындағы суицид, бул­линг, лудомания сынды әлеу­меттік мәселелерді қозғайды. 

– Бәрін сапалы істеуді мақсат еттік, арнайы режиссер мамандар шақырып, келісімге отырдық. Бала­лардың ойын тыңдадық, ар­найы байқау өткіздік. Қарап отырсақ, қазіргі мәселені бала өз сөзімен бейнелеп тұр. Мүмкін бұл жағдайды басынан өткізген де шығар, біз білмейміз ғой, – дейді мектеп директоры.

Этнографиялық зерттеудің маңызы

Бұдан бөлек, мектепте кітап оқу клубы жұмыс істеп тұр, жаңа заманның талабына сай подкаст студия ашылған. Ұстаздардың жетекшілігімен әлеуметтік-этно­графиялық зерттеулер жобасы бас­тау алған. З.Ертайқызы әлеу­меттік-этнографиялық зерттеудің білім саласында бұрыннан қал­ыптасқан әдіс екенін айтады. Бұл методика Еуропаның, Амери­каның, Дубайдың білім беру бағ­дарламасында бар. Оқушының қоғаммен байланысын дамытып, практикалық тәжірибе беруде жобаның маңызы басым, бұл шет мемлекеттерде едәуір дамыған. Зерттеуге қатысқан оқушылар топтасып, жұптасып әрекет етіп, әлеуметтік мәселелердің шешімін бірге іздейді. Олардың ғылыми зерттеу жобалары топтастырылып, арнайы жинаққа да енген. Біз бұл жиында «Мен және терезеден тысқары әлем» кітабымен таны­сып үлгердік, оқушылардың пікі­рін де тыңдадық. Кітапта 19 оқу­шы­ның үздік зерттеу жұмысы жарық көрген. 

– Оқушылар бүгінде теория­лық, академиялық білім алып қоймай, қоғамда не болып жат­қа­н­ын зерттеу жұмысында көрсетіп жатыр. Бұл кішігірім әрекеттен басталады. Мысалы, ұстаздар са­бақ кезінде «Мектепке бара жат­қан­да, үйге қайтқанда, сыртта қандай мәселені байқайсыңдар? Бұл проблема қандай тәртіп, ереже, әдет-заңдардың дұрыс жұ­мыс істемейтінін көрсетеді? Бала­лар сабақта жағдайды талдап-тал­қылап, этнографиялық зерттеу күн­делігін жүргізеді. Күнделік қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды, сәтті жобаларды зерттеп, монито­ринг жүргізуге көмектеседі. Бала­лар дұрыс жұмыс істемейтін схе­маларды сараптап, өз ин­новациялық жобасын ұсынады, – дейді Ұлттық сауаттылық қо­ғам­дастығының директоры, зерттеу жұмысының жетекшісі Майра Рахымбаева. 

Жуырда оқушылардың жұ­мы­с­ы­на қатысты ғылыми кон­ферен­ция да өтпек. Ғылыммен достасуға арнайы уақыт та қарастырылған, тренер мамандар да тартылған. Қазір 8-сынып оқушыларына құ­қықтану пәні қосымша оқытылып жатыр. Білім ордасы заң уни­вер­си­теттерімен байланыс құрып, ын­тымақтастық орнатқан, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Конс­титуция­лық және азаматтық құқық» кафедрасы мен М.Нәрік­баев атындағы Қазақ гуманитар­лық заң университеті ұсынысты қол­дап та үлгерген. 

– Академиялық адалдықты сақтау үшін қорытынды емти­хан­дарға жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақыруды көздеп отырмыз. Бұл тек білім деңгейін артырып қоймай, жауапкершілік жүгін сезінуге күш береді. Тал­пынысымыз, атқарып жатқан игі жобамыз қазақ жастарын ынта­ландырып, қазақ елін құқықтық мемлекетке айналдырады деп сенеміз, – дейді З.Ертайқызы.

Бір айтарлығы, оқушылар зерттеу жұмысында тақырыпты өздері ұсынады, еркін бағытта жұмыс істейді. Мәселен, 11-сы­нып оқушылары «Теле­фонсыз өмір» деген жобаны зерттеген. Олар сынып көлемінде экспери­мент жасап, экран уақытын шек­теп, телефон ұстамай жүрген. Оның орнына бірге уақыт өткізіп, кітап оқып, қалада серуендеген. Солайша, телефонсыз уақыт өткізгенде, өмірлерінде өзгеріс басталғанын байқайды. 6-сынып оқушылары «Жаман сөздің әсері» жөнінде зерттеп, оның құқықтық ережесін де түсіндіріп берді. 

Қазақ заң саласының негізін қалаушы, ғалым Салық Зима­новтың шәкірті, Мәжіліс депута­ты Үнзила Шапақ та оқушылар­дың жобасымен танысып, игі істі әрдайым қолдайтынын жасырма­ды. Ал З.Ертайқызы мектеп атын Салық Зимановқа беруге талпы­нып, жұмыстар атқарып жатқа­нын жеткізді. 

– С.Зиманов өмірінің бойы тек заң саласына қызмет етті. Ол кісі үнемі «Рим құқығы, Еуропа құқығы дейсіңдер, қазақ құқығы деп сөйлеңдер» дейтін. Қазақ құ­қығы болған, оның терең тарихы бар, әлі де дамып жатыр. Жаман, жақсы деген сөздің өзінде қазақ құқығының негізі жатыр. Қазақта қыл­мыс деген сөз болмаған. Жа­ман іс қылды, жаман қылық жа­сады деп айтатын, қылмыс жаса­ды деген – Кеңес кезінде кірген сөз, – дейді Ү.Шапақ.

Астана прокуратурасы алда да мектеп оқушыларының жобасын қолдап, профилактикалық жұ­мысты жалғастыра бермек. Қо­ғам­дық мәселені түп тамырымен жоюдың бір негізі – оның алдын алу жұмысының жүйелі жүруінде. Мұндай бастамалар жасөспірімдер арасында заңға мойынсұну, мінез-құлықты тәрбиелеу мен өмірлік ұстанымдарды нығайтуға әсер етеді. 

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 06:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары