Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Адвокат Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сотта 1937 жыл мен үштікті еске алды судьяның реакциясы

Адвокат Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сотта 1937 жыл мен үштікті еске алды судьяның реакциясы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Судья айыпталушының адвокатына 1937 жылды мысалға келтіргені үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сотта аталған қылмыстық істі тергеген тергеуші Аяжан Нүсіпбекова жауап берді. Айыпталушының адвокаты Дәурен Еслембекұлы одан МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязованы күдікті ретінде тарту туралы шешім нақты қандай мән-жайларға негізделіп қабылданғанын түсіндіруді сұрады. Алайда судья Меруерт Абаева бұл сұрақты алып тастады, өйткені тиісті негіздер құжаттарда - саралау туралы қаулыда да, айыптау актісінде де көрсетілген.

Осыдан кейін адвокат тергеушіге нақтылаушы сұрақ қойды:

"Тергеу МИБ төрайымының нақты қандай іс-әрекетін немесе әрекетсіздігін Жұбаниязованың кінәсімен және опырылумен тікелей себеп-салдарлық байланыста деп есептеді?".

Прокурор Нұрдәулет Әбуов бұл сұрақты алып тастауды сұрады. Бұған жауап ретінде адвокат қорғаушы тараптың істің мән-жайын анықтау мүмкіндігі шектеліп жатқанын айтып, соттан прокурорға ескерту жасауды сұрады.

"Құрметті сот, прокурорға қорғаушы тараптың шындыққа қол жеткізуін тағы да шектеуге тырысқаны үшін ескерту жасауыңызды сұраймын (...) Құрметті прокурор, мүмкін біз мүлдем шығып кетерміз? Онда "үштіктер" үкім кескен сол 37-ші жылдарды қайта орнатайық..." - деді адвокат.

Анықтама: Әңгіме КСРО-дағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі - 1937 жыл туралы болып отыр. "Үштіктер" деп үкім шығаратын соттан тыс жазалау органдарын атаған.

Судья Меруерт Абаева адвокатқа сот отырысының хаттамасына енгізіп, ресми ескерту жасады.

"Сот сізге 37-ші жылға негізсіз сілтеме жасағаныңыз үшін сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, ресми ескерту жасайды", - деді судья.

Сондай-ақ Меруерт Абаева адвокат тергеушіден білгісі келген сұрақтардың жауабы қылмыстық іс материалдарында бар екенін, ал оларға баға беру соттың құзыретіне жататынын атап өтті.

Келесі сот отырысы 24 қыркүйекте сағат 10:00-ге белгіленді. Тараптар сот жарыссөзіне көшуі тиіс.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша тергеуші айыпталушы МИБ төрайымы қызметін атқарған кезеңде қажетті жұмыстарды орындамағанын мәлімдеген болатын.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Процеске екі мемлекеттік айыптаушы - Нұрдәулет Әбуов пен Саяжан Серікова, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Омарова және күйеуі Әділет Зейнел қатысып жатыр.

Бұған дейін оның адвокаты Мұрат Мәуметов Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатынын айтқан еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Зейнелдің өзі журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты. Кейін ол жәбірленуші мәртебесінен не себепті бас тартқанын сотта айтып берді.

Айыпталушы орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

26 тамызда сотта жәбірленушілер мен куәгерлер жауап берді. Атап айтқанда, жәбірленуші Гүлнәр Қалиева 2025 жылғы 8 қарашада әпкесімен бірге үй маңындағы дүкенге бара жатқанын айтты. Олар ғимаратқа жақындай бергенде, үйдің қаптамасы жоғарыдан құлап түскен. Әйел тек басын қолымен жауып үлгерген. Оның айтуынша, "кірпіштер жаңбырша жауған".

Сондай-ақ Ұлдананың әріптесі Дильназ Байзақова сотта жауап берді. Қайғылы оқиға болған күнді еске алған кезде, ол көз жасына ерік берді.

2 қыркүйекте сот куәгерлердің - үй тұрғындарының жауаптарын тыңдады. Атап айтқанда, куәгер Валерия Самсонова үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болғанын айтты. Мұны куәгер Халил Бабалиев те растады. Оның айтуынша, "үйдің іргесі сөгіліп жатыр".

Сондай-ақ сотта қаптама құлаған сәт түсірілген видео көрсетілді.

3 қыркүйекте сотта қылмыстық іс материалдарын зерттеу жалғасты. Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов ғимарат қасбетінің құлау себебі көрсетілген техникалық сараптама қорытындысын жариялады.

“Бүкіл үй құлап жатыр деп ойладым“ - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша куәгер

9 қыркүйекте сот құрылыс саласындағы маман Вероника Лобаеваны тыңдады. Ол үй жобасындағы сәйкессіздіктерді "мина іспетті" деп атады.

Сондай-ақ сотта сотталушы Сәуле Жұбаниязова жауап берді. Ол қайғылы оқиғаға өзін кінәлі деп санамайтынын сотқа тағы айтты. МИБ төрағасының сөзінше, ол міндеттерін атқаруға кіріскен кезде, тұрғындар да, бұған дейінгі басқарушы да үйге қатысты қандай да бір мәселелерге шағымданбаған.

10 қыркүйекте, сот техникалық қадағалау маманы Денис Воробьёвты тыңдады. Оның айтуынша, ғимарат қасбетінде ақау белгілері қаптама құлағанға дейін пайда болған. Алайда олардың қаншалықты қауіпті екенін ешкім түсінбеген.

“Мерзімі өтіп, адамдар қайтыс болған“. Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты жаңа құжаттар

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтетіні хабарланған еді. Трансляцияны Tengrinews.kz YouTube-арнасынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш пен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

“Жарықтарға саусақ сыйып кетеді“. Фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне қасбеті құлаған тұрғын үйден репортаж

сот талқылаулары жүріп жатқанда, көпқабатты үйдің тұрғындары ғимаратта жаңа жарықтар пайда болғанына шағымданып жатыр. Олар өз пәтерлерінде тұруға қорқады. Олардың айтуынша, түнде қабырғалардан шытынаған дыбыстар естіледі. Tengri Home тілшілері оқиға орнына барып, мазасы қашқан астаналықтармен тілдесті.

Бұл репортаждың видео нұсқасын TengriTV YouTube-арнасынан көре аласыз:

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары