AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмысқа қарсы технологиялар байқауы өтеді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT мамандарды, аналитиктерді және жасанды интеллект саласындағы сарапшыларды AFM AI Hackathon–2026 ауқымды инновациялық байқауына қатысуға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіліп, экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы күреске арналған озық цифрлық құралдарды әзірлеуге бағытталған.
Өтетін күні: 2026 жылғы 24–25 маусым
Өтетін орны: Алматы қаласы, Farabi Hub.

Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын мынадай үш бағыт бойынша көрсетеді:
Digital Shadow – көлеңкелі интернетті мониторингтеу және ашық дереккөздерден (OSINT) ақпарат жинау;AI Shield – деректер базасын қорғауға және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеу;AI Media Watch – әлеуметтік желілердегі заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидалардың белгілерін анықтау.AFM AI Hackathon – технологиялар елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралына айналатын, ал жас мамандардың идеялары нақты цифрлық шешімдерге ұласатын бірегей алаң.
Болашақтың технологияларын жаса. Цифрлық кеңістікті қорға. Заң мен тәртіпті нығайтуға өз үлесіңді қос!
Тіркелу www.qmahackaton.kz сайтында жүргізілуде, команда құрамы 3 адамнан аспауы тиіс.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 19:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















