Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Агросаладағы ауқымды жобалар

Агросаладағы ауқымды жобалар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еліміз агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Президент Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет атынан прогрессивті агроэкономика моделін енгізбек.

Сурет: freepik.com

Белгіленген мақсатты жүзеге асыру нақты жоспарлауды талап етеді, сондықтан қазір Агроэкономиканы дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Құжат ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден бастап оны терең өңдеуге, сақтауға, логистика мен экспортқа шығуға дейінгі толыққанды қосылған құн тізбегін құруға бағытталған. Негізгі басымдыққа өңдеу өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіп­тік кластер мен агрохаб қалыптастыру, сондай-ақ өндіріс пен өткізу нарығы арасын­дағы байланысты нығайту жатады.

Мұндай терең модернизация оны тұрақты, өнімді әрі бәсекеге қабілетті етуге бүкіл аграрлық секторды жүйелі түрде жаңартуды көздейді. Үкімет бұл бағытпен тығыз байланыста мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Ол мал басын арттыруға ғана емес, өнімділікті ұлғайтуға, сондай-ақ саланың экспорттық мүмкіндігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін сапалы өңдеуді жақсартуға бағытталған.

Жаңғыртудың маңызды құралы – Прези­денттің ауыл шаруашылығы техникасы паркін жыл сайын 8-10% деңгейінде жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау. Бұл шаруа­шылықты технологиялық қайта жарақ­тан­дыру мен заманауи машина пайдалану есе­бінен шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған жоспарды жүзеге асыруға жануар­д­ың барлық түрінен асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6%-бен ұзақ­мерзімді жеңілдетілген несие беру бағдар­ламасы іске қосылады. Сондай-ақ шаруа­шылықтың айналым қаражатын қыз­мет түрлеріне шектеусіз толықтыруға жыл­дық 5%-бен жеңілдетілген несие беру бағдар­ламасы жұмысын бастайды. Жер мәсе­лесіне ерекше назар аударылып жатыр, еркін жайылымдардың әлеуетін тиімді пайдалануға шалғайдағы мал шаруашы­лы­ғын дамытуға 6%-бен бірыңғай несиелік өнім іске қосылады. Бұл құрал жерді суару­дан бас­тап, жылжымалы вагон мен басқа да қажет шығындарды сатып алуға дейінгі инфра­құрылымды қаржыландыруға көмектеседі.

Ауыл тұрғындарына қаржы ресурсы қолжетімді бола түсуіне өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды белсенді түрде тарту жоспарланып отыр. Осы ретте барлық несиелеу бағдарламалары өсімдік шаруашылығында сәтті қолданылып жүр­ген тәжірибе негізінде «Даму» институты­нан кепілдік жүйесі түрінде қолдау табады. Шаруа өзінің кепілдікке қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие сомасы­ның 85%-ына дейін мемлекеттік кепілдік ала алады. Бұл шешім ауылдық жердегі мүлкі бұрын банк тарапынан өтімді кепіл ретінде қабылданбаған шаруашылықтың ресурстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Қаржылық қолдаумен қатар ғылыми-тәжірибелік міндеттер де қатар шешімін тауып жатыр. Мысалы, қазір ірі қара малды эмбриондық жолмен көбейтуге арналған мамандандырылған зертхана ашу мәселесі пысықталып жатыр.

Кешенді тәсіл ілеспе салаларды да қамти­ды. Шаруалар жүн мен тері өткізе алатын сервистік-дайындау орталықтарының жұмыс істеуіне қажет жағдай жасалып жатыр. Бұл мақсатқа айналым капиталына жылдық 5% мөлшерлемемен қаражат бөлінеді. Бұған қоса шикізатты зауыттарға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге қойма мен көлік логистикасы мәселесі де шешіліп отыр.

Техникалық жарақтандырумен қатар салаға жаңа кадрларды тарту мен мал ша­руа­­шылығында еңбек ететіндерге лайықты әлеуметтік жағдай жасау шарасы да қарас­тырылған.

Бұл жұмыстың нәтижесінде ірі қара мал басын 12 млн-ға, ұсақ мал басын 28 млн-ға дейін жеткізу, сондай-ақ ет экспорты көлемін екі есе арттыру жоспарланған. Экспорттық әлеуетті кеңейту аясында негізгі бағыттардың бірі – өнімді «Halal» жүйесі бойынша сертификаттау болуға тиіс. Бұл еліміздің Парсы шығанағы елдері мен басқа да мұсылман мемлекеттеріндегі премиум нарықтардағы позициясын нығайту үшін қажет.

Айта кету керек, барлық жаңа бастама қол жеткізілген нәтижелерге негізделеді – кейінгі жылдары аграрлық сектор тұрақты өсім көрсетіп келеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қатарынан екінші жыл өсіп отыр. Былтыр ол 5,9%-ға артып, 9,8 трлн теңгеге жетті, ал бір жыл бұрын өсім 13,6% болып, көлемі 8,3 трлн теңгені құраған еді. Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өндірісінің 7,8%-ға, мал шаруашылығының 3,3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Мұндай қарқынды өсім көп жағдайда бұрын-соңды болмаған көлемдегі жеңілдетіл­ген қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Былтыр АӨК-ті қолдауға 1 трлн теңге­ге дейін қаржы бағытталды, бұл 2021 жылғы деңгейден 10 есе жоғары. Соның нәтижесінде шамамен 8,5 млн гектар егіс алқабы мемлекеттік қолдаумен қамтылды. Мемлекет басшысының былтырғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, биыл жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 1,5 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланған. Бұған қоса қаржының тиімділігін арттыруға субсидияны толық бақылау мен цифрландыру жүйесі енгізіліп отыр. Бұл жалған көрсеткішті болдырмауға әрі қаражаттың шаруаларға нақты жетуіне кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Қаржыландыруды арттыруға қатысты жүйелі жұмыс 2024 жылы министрлік мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қараған кезде басталды. Техника лизингі, маусымдық жұмыстарды қаржыландыру, өңдеу мен мал шаруашылығы кәсіпорындарына көмек жылдық 5% мөлшерлемемен қолжетімді болды. Бұл тәжірибе жалғасады, қазірдің өзінде өз жемісін беріп отыр. Кейінгі екі жылда елде – 50 млн тоннадан астам рекордтық астық жиналды.

Басқа бағыттарда да жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Бір млн тоннадан астам бұршақ дақылдары жиналды, ал майлы дақылдардың өнімділігі бір жыл бұрынғы 3,3 млн тоннаға қарағанда 4,8 млн тоннаға дейін өсті. Бұған мемлекеттің уақтылы көмегі, соның қатарында 2024 жылғы қазанда егісті ерте қаржыландыру бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ заманауи агротехнология­ларды жаппай енгізу көмектесті. Бүгінде алынған өнім елдің ішкі қажеттіліктерін толығымен қамтып қана қоймай, экспорттың белсенді өсуіне жағдай жасады.

Еліміздің берік шикізаттық базасы мен астық өндіруде айқын артық қоры бар, бұл шикізатты сол күйінде экспорттаудан оны терең өңдеуге көшуге толық мүмкіндік береді. Елде 183 млн гектар жайылым мен 27,2 млн гектар егістік алқапты қоса алғанда, орасан зор жер ресурстары бар. Қазір 70-тен астам елге ауылшаруашылық өнімдері жеткізіледі. Олар әлемдегі жетекші орынға ие. Мысалы, ұн экспорттауда әлемде екінші, күнбағыс майы бойынша сегізінші, дәнді дақылдарды сыртқа саудалауда оныншы орында тұр.

Сыртқы нарықтағы жетістіктерге ерекше назар аударылады. 2024–2025 маркетингтік жылы астық экспортының көлемі 13,4 млн тоннаға жетті. Бұл кейінгі 20 жылдағы ең жақсы нәтиже. Жеткізу географиясы үнемі кеңейіп келеді. Иран, Әзербайжан мен Қырғызстанға жөнелтілімдер жаңартылды, Мысыр, Марокко мен Вьетнам нарығы ашылды. Қазір Бельгия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания мен Португалия нарығына шығу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастық нығайып келеді.

Экспорттық стратегияның жалғасы – ел ішінде шикізатты терең өңдеуді дамыту. Қазір 5 млн тонна өңделген астықтың шамамен 510 мың тоннасы терең өңдеуге жұмсалады. Былтырдан бастап салада ауқымды инвес­тициялық жобалар жүзеге аса бастады. Қазірдің өзінде жоғары технологиялық өнім шығаратын үш кәсіпорын жұмыс істейді – крахмалдан биоэтанолға дейін. 2028 жылға дейін жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд болатын тағы бес ірі зауытты іске қосу жоспарланған. Бұл мыңдаған жұмыс орындарын ашуға әрі аминқышқылдары мен витаминдер шығару есебінен өнім желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осылайша, озық агроэкономикаға көшу елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың түбегейлі жаңа моделін қалыптастырады, мұнда технология мен терең өңдеу басты назарда. Осы кешенді шараны жүзеге асыру өндірістің тұрақты өсімін қамтамасыз етеді әрі өнімнің қосылған құнын арттырады. Бұл елдің әлемдік нарықтағы позициясын нығайтады әрі ауыл халқының өмір сүру деңгейін тікелей арттыра отырып, ауыл шаруашылығының ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігіне сенімді негіз қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары