Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Аида Балаева 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты

Аида Балаева 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде болатын өзгерістерге қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аида Балаева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі  әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды тетік екенін атап өтті. 

– 2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде жоспарлы медициналық қызметтерді ала алады. Бұл жүйе азаматтардың қаржылық тәуекелдерін азайтып, денсаулық сақтау саласын сапалы жаңа деңгейге көтеруге жағдай жасайды. Бірінші қаңтардан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді. Қазіргі кезде елімізде 17 миллион адам, яғни азаматтарымыздың 82 пайыздан астамы сақтандырылған. Оның ішінде 12 миллионнан астам адам жеңілдік берілген санаттар қатарында, ал төрт жарым миллионнан астамы жарналарын өздері төлейді. Біздің міндетіміз  осы тізімді одан әрі арттыру. Сондықтан жүйеге әлі кірмеген азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру мүмкіндіктерімен мұқият танысуға шақырамын.

Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы (ДЦП), ревматизм секілді тағы да басқа созылмалы аурулар енгізіледі. Енді бұл санаттағы науқастар дәрігер консультацияларын, қажетті дәрі-дәрмектерді және ем шараларын толық көлемде міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде ала алады. 

Жүйе сондай-ақ кең таралған басқа да ауруларды емдеу мен бақылауды өз мойнына алады. Мысалы, бір жарым миллион қазақстандық артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр. Жыл сайын осы сырқаттың асқынуынан 50 мыңнан астам инсульт және инфаркт жағдайы тіркеледі. 2026 жылдан бастап мұндай науқастарға көрсетілетін барлық қажетті медициналық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ елімізде 25 мыңнан астам азамат созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен өмір сүрсе, олардың 8 мыңы гемодиализге мұқтаж. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гемодиализ және тіпті бүйрек трансплантациясы міндетті медициналық сақтандыру пакеті арқылы сақтандырылған азаматтарға қосымша шығынсыз қолжетімді болады.

Қант диабеті  әлемдегі ең кең тараған инфекциялық емес аурулардың бірі. Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен бес жүз мың адам тіркеуде тұр. Бұл ауру тұрақты бақылауды талап етеді. Мысалы, анализ тапсыру, дәрігер кеңестері, емді түзету және басқа да шаралар. Алдағы жылдан бастап қант диабеті бар азаматтардың емделуі мен диспансерлік бақылауы толықтай міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Демек, барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті зерттеулер мен дәрі-дәрмектер қосымша төлемсіз беріледі. Ең басты шарт  науқас міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болуы керек.

Айта кету керек, қазіргі кезде созылмалы аурулардың басым бөлігі міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы толық қамтылған. Тек 11 әлеуметтік маңызды ауру ғана тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қаржыландырылады.

Ауыл тұрғындары да бүгінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толық енгізілген. Көп ауыл азаматтары жеңілдік берілген санатқа жататындықтан, олардың жарналары мемлекет тарапынан төленеді. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына мамандардың консультациялары, қымбат диагностикалық зерттеулер, жоғары технологиялық емдеу әдістері мен қажетті дәрі-дәрмектер қолжетімді болып отыр. Енді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру туралы заңның жаңа нормасына сәйкес, Д және Е санатындағы төмен табысты адамдар сақтандырылып, диагностика мен емді кедергісіз ала алады. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін де жүйеге қосылу  тәртібі жеңілдеді. Олар айына төрт мың екі жүз елу теңге немесе жылына 51 мың теңге төлей отырып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі барлық қызметтерді, оның ішінде қымбат емді де пайдалана алады.

Мұның барлығы қала мен ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етіп, халықтың денсаулық сақтау жүйесінде қорғалуын арттыра түседі.

Бұл өзгерістердің басты мақсаты  әрбір азаматтың сапалы және уақытылы медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Алдағы уақытта міндетті медициналық сақтандыру аясын кеңейту бағытындағы жұмыс жалғасады. Сондықтан әлі сақтандырылмаған азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерімен жан-жақты танысуы аса маңызды.

Құрметті достар! Әр азматтың денінің саулығы, отбасының амандығы  біз үшін аса маңызды. Баршаңызды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылып, сапалы әрі уақытылы медициналық көмекке қол жеткізуге шақырамын, - деді Аида Балаева.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары