Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кеңес барысында Премьер-министрдің орынбасары қатысушылардың баяндамаларын тыңдады. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли кешенді жоспардың негізгі бағыттарын таныстырды. Оның ішінде кітапхана және кітап ісін дамыту, оқуды насихаттау, сондай-ақ заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі шаралар қамтылған.

Құжат 9 негізгі бағыт бойынша 50-ге тарта іс-шараны көздейді. Солардың қатарында кітап саласын құқықтық тұрғыдан жүйелеу мәселесі де бар. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде республикада 3 887 көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Олардың жиынтық қоры 72,5 млн-нан астам сақтау бірлігін құрайды. 2025 жылы кітапханаларға келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 57 млн-нан асты. Биыл 4 кітапхана жаңғыртылып, 6 жаңа кітапхана ашылды. Жыл соңына дейін еліміздің бес өңірінде тағы 24 кітапхананы жаңғырту жоспарланып отыр.

Әскердегі жаңа талап: Енді сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуға міндетті

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды. Бұл жұмыс кітапхана инфрақұрылымы мен ғимараттарының жай-күйін, кітап қорымен қамтамасыз етілу деңгейін, сондай-ақ ондағы әдебиеттерге сұранысты қамтуға тиіс. Талдау қорытындысы бойынша, әсіресе балалар мен жастарға арналған әдебиет бағытындағы тапшылықтарды айқындап, кітапхана қорын одан әрі дамыту және жаңарту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет. Балалар мен жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады. Министрлік оқушылардың әдебиетке және заманауи оқырман сервистеріне қолжетімділігін кеңейтетін «Балалар кітапханасы» және «Оқырман» платформаларын іске қосты. Бұл бағыттағы маңызды жұмыстың бірі – білім беру ұйымдарында оқырман клубтарының қызметін дамыту. Соның негізінде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқитын мектеп» бірыңғай моделі енгізіледі. Аталған модель аясында балалардың кітап оқуға қызығушылығын ата-аналар мен педагогтердің жеке өнегесі арқылы арттыруды көздейтін «Бірге оқиық» жобасы жүзеге асырылады.

Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студент жастар арасында кітап оқу мәдениетін ілгерілету тәсілдері туралы айтты. Бұл бағытта жоғары оқу орындары кітапханаларын дамыту және студенттік оқырман клубтарының жұмысын жандандыру мәселелері қамтылған. Кеңес қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне салалық әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейіне талдау жүргізу, сондай-ақ педагог кадрларды даярлауда қолданылатын оқу әдебиеттерінің мазмұнын зерделеу тапсырылды.

Аида Балаева: Кітап оқуға қызығушылық тұрақты түрде артып келеді

Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне қарасты ұйымдардың кітапхана қорларын зерттеу және талдау мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Әскери бөлімдер мен ведомстволық мекемелерді заманауи, мазмұнды әрі кәсіби әдебиеттермен қамтамасыз ету маңызды. Талдау нәтижесінде нақты қажеттіліктер айқындалып, кітапхана қорларын толықтыру және жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірленуі керек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Маусым 2026 17:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары