Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Аида Балаева кәмелетке толмағандар істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Аида Балаева кәмелетке толмағандар істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер ортасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу шаралары қаралды.

Талқылауға министрліктер мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы қосылған өңір әкімдіктері қатысты.

Отырыс барысында формалды әрекет етуден бас тартып, алдын ала және нақты бағытталған профилактикалық жұмысқа көшу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Бірқатар өңірлерде басқару тәртібі мен ведомствоаралық үйлестіруді түбегейлі күшейтуді талап ететін жағдайлардың сақталып отырғаны атап өтілді. Мысал ретінде қоғамдық қауіпсіздікке қатысты резонансты оқиғалар, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі жекелеген бюджеттік шешімдердің тиімділігіне байланысты мәселелер айтылды.

Фото: Үкімет

Сонымен қатар балаларды қолдау шараларын алғаш рет бірыңғай кешенді форматта біріктірген «Қазақстан балалары» бағдарламасының іске асырылу барысы да талқыланды.

— Біз санға емес, сапаға жұмыс істеуіміз керек — әр бала бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды. Комиссия формалды орган болып қалмауы тиіс. Әрбір жағдай жеке қаралып, тиісті сүйемелдеу белгіленіп, қабылданған шаралардың іс жүзіндегі нәтижесі міндетті түрде тексерілуі қажет. Біз үшін бала болашағы бәрінен маңызды, — деп атап өтті Аида Балаева.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап айтқанда, бір апта ішінде өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартып, оларды сарапшылар қауымдастығы, ата-аналар ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер өкілдері есебінен кеңейту, сондай-ақ «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру аясында өңірлерге республикалық құжат негізінде, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өз жоспарларын бекіту тапсырылды. 

Айта кетелік Ерлан Қарин «Қазақстан балалары» бағдарламасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына сәйкес келетінін айтқан еді. Сондай-ақ «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландырылады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 22:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары